Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптар өзгеруде.Мұғалімдерге қойылатын міндет-оқушы мектеп қабырғасында алған білімін кез-келген уақытта өзінің керегіне ұтымды пайдалана білетін,жеке тұлғалық қабілет-қасиетін таныта алатын,әр түрлі міндеттерді шұғыл шеше алатын,шығармашылықпен іздене алатын жан-жақты дамыған,жауапкершілігі мол тұлға тәрбиелеу.

Шығармашылық -дамудың көзі.Қоғамның күрделенуіне байланысты,мамандық  иелерінен сауаттылық,ептілік,шығармашылық мүмкіндікті түрлі жағдайларға икемдей алатын қабілеттілік талап етіледі.

Шығармашылық қабілет әр оқушының бойында бар,соны байқай білу,дамыта білу керек.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі талаптарды ескеру қажет.

-Оқу үрдісінде оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

-Оқушылардың оқуға деген,пәнге деген қызығушылығын дамыту,нәтижелерге жетуге талаптандыру.

—  Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану .

-Өз бетімен жұмыстана білуге бағыттау,шешім қабылдауға ,қорытынды жасауға   мүмкіндік туғызу.

Орыс тілді мектепте  қазақ тілін дамыту қиын да, қызықты жұмыстардың бірі.Осы орайда мен өз тәжірибеммен бөліскім келеді.

Бастауыш сыныптарда  да әр тақырыпты өткенде сабаққа шығармашылық  элементтерін енгізуге болады.

Мысалы, 2- сыныпта «Үй жануарлары», «Үй құстары», «Балықтар», «Аңдар», «Көкөністер», «Жеміс –жидектер» тақырыптарын өткенде сөзжұмбақ құруға тапсырма берілсе, оқушылар  қуана қабылдап, қызығушылықпен орындайды әрі жақсы меңгереді.

3-сыныптағы «Достық» модулі бойынша «Сен білесің бе ?»(171-бет.Авт.Т.Н.Ермекова ,А.А.Сатбекова,т.б.)деген мәтінмен танысу барысында оқушыларды щығармашылыққа баулуды былайша өрбітуге  болады.Алдымен мәтінді оқимыз.

Бірде Алматы хайуанаттар бағында поляр жапалағына жемге тірі қоян берілді.Ақ  жапалақ  қоянды жемеді.Қайта қоянмен достасып алды.Неге бұлай болды екен?

Осы жерден мәтінді оқуды үзіп,оқулықты жапқызамыз.Оқушыларға өз бетімен осы әңгімені  әрі қарай  дамытуға тапсырма беріледі.Әр оқушы өз ойларын ортаға салады.Достық туралы пікірлерін айтады,қорытынды жасайды.

7-сыныпта «Қоршаған орта»(61-бет Авт.Т.Артыкова ,Б.Немеренова)тақырыбын өткен кезде экологиялық  жағдайды дұрыстау үшін жүргізілетін іс-шаралардың бағдарламасын  жасау туралы тапсырма беріледі.

8-сыныпта «Жарнама және біз» (Авт.С.Дюсебаев)тақырыбы бойынша қазіргі заман талабына сай жарнамалар жасау  оқушыларды қызықтырады.Олардан ұйқастарды қолдану талап етіледі.Оқушылар шағын топтарға бөлінеді және әр топ өз бағдарламасын,жарнамасын қорғайды.Бұл әдіс олардың белсенділіктерін, өз тобы үшін жауапкершіліктерін арттырады.

Сонымен бірге,диалогтар құру, мәтін бойынша сызба құрастыру, сызба бойынша мәтінді әңгімелеу де оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін дамытады.

Реферат-шығармашылық жұмыстың бір түрі,белгілі бір тақырыпқа байланысты оқушының өзі ізденетін еңбегі.Оқушы алған тақырыбы арқылы білімнің шеберлігі мен шешендігін көрсетеді.Оқушыларға реферат жаздыруда мынадай дағдыларды қалыптастыру керек:

1.Тақырыпты түсіну және толықтай меңгеру.

2.Тақырыптың  мағынасын  ашу.

3.Тақырыппен байланысты оқулықтан тыс материалды дұрыс іздеп таба білу, тізімін жасау және оны қолдана білу.

4.Ізденген, зерттеген жұмысын фактілермен дәлелдеп жаза білу.

5.Сөзді өз орнынақолданып, талғап жаза білу.

6.Тақырыптан ауытқымау.

7.Ізденіп-зерттеп отырған мәселесі жайлы өзіндік пікірін білдіру.

8.Тақырыпты қорытындылау.

Қорыта айтқанда, жауапкершілігі мол тұлға тәрбилеуде, жалпы оқушының жан дүниесін дамутыда шығармашылыққа баулудың зор маңызы бар.