ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ

 

ҚР қоғам өмірі саласында жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты, белгілі әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда көздеген білім жүйесіне қойылған талаптар арта түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүниетанымын қалыптастыруда әсері мол «білім дүниетанымы».

Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да тереңдей түседі. Дүниетаным ның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам білімдері тірек бола алады. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып түсінгені дұрыс.

Оқушылар ғылыми ұғымды меңгеру арқылы дүние заттарының, құбылыстарының

нақтылығын, әр зат пен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсініп, шындыққа

сенімдері арта түседі. Білімнің ғылымилығы — оқушылар сенімінің көзі.

Бұлай дейтін себебі, әрбір ғылыми ұғымды меңгеру үшін оқушылар әр түрлі  практикалық жұмыстармен айналысады, тәжірибелер жасап, проблемалық ситуациялардың шешімін табуға талпынады. Осындай іс әрекеттің нәтижесінде

шындыққа жетеді. Ізденіс барысында меңгерген білімін ой елегінен өткізіп, тұжырымдауға үйренеді. Өзіне сенімі молаяды, білімге қызығушылығы, талпынысы арта түседі.

Сол  сияқты ұрпағымыздың азамат болып, дүниетанымдық өрісі қалыптасатын мектеп қабырғасында оларға рухани эстетикалық тәрбие беру негізінде  өнер пәндері көркем әдебиет, музыка, бейнелеу өнері пәндері арқылы жүзеге асырылатындығы белгілі. Әрбір өнер түрі өзіне тән мәнерлілік құралдарымен қоршаған ортаны, өмір шындығының бар болмысының көркем бейнесін жасайдыжәне сол арқылы жеке тұлғаның санасына әсер ете отырып қабылдау, әсерлену, қиялдау, таным, талғам сияқты психологиялық іс әрекеттердің дамуын олардың қоршаған өмір сұлулығына деген эстетикалық қатынасының сапалы деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді.

Бұл арада бейнелеу өнері пәнінің орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні қоршаған дүниені меңгерудің өз жолы, тәсілі деп те айтуға болады. Бейнелеу өнері түрлері  қоршаған ортаны көркем меңгерудің мүмкіндік болатын тәсілдері ретінде ұғыну көзқарасы. Ал көзқарастар белгілі бір ұстанымды, бағытты білдірсе, көркем білім жеке тұлғаның қоршаған ортадағы әр түрлі процестер мен құбылыстарды бағалауы ғана емес, сонымен қатар, жалпы өзінің өмірлік мақсаттарын қоюы мен жүзеге асырылуында да мүмкін және мақсатқа сәйкес болатындығы жайлы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Ұлттық бейнелеу және сәндік — қолданбалы өнеріміз туған жеріміздің тарихын, табиғат сұлулығын, тұрмыс — салтын, эстетикалық дәстүрлерін бейнелей отырып, отандық көркем мәдениетпен қауышуға үлкен мүмкіндіктер алады.

Сәндік қолданбалы өнер туындыларының мәнін игерту, шығармашылық  жұмыстар жасауға баулу, оқушыларды халықтың материалдық көркем құндылықтарын эстетикалық талғамымен, мәдени дәстүрлерімен баулуына жол ашады. Өнер пәндерін оқыту барысында оқушыларға бірізділікпен нақтылы көрнекі мысалдарда пайдалана отырып түсіндіру олардың сол өзгерістерінің  шығуна себеп болған тарихи мәдени құбылыстарды танып білуіне жол ашу.

Егер бұл мәселені дұрыс жолға қоя алмасақ, онда оқушылардың көркемдік білім, мәдени мұралар туралы интеллектуалды тәрбиесіне кері әсер ететін, өнерді игерту

мазмұнына нұқсан келетін кемшіліктердің өрістеуіне жол ашамыз.

Әрбір баланың бейнелі ойлау қабілеті туған халқының өнер үлгісінің ықпалы мен туған жер табиғатының сұлулығы, бояу айшықтығының әсерімен қалыптасады.

Жалпы бейнелеу өнеріне баулу тәжірибелік іс — әрекеттермен ғана жүзеге асырылмайды. Бұл көркемдік таным ұзақ шығармашылық ізденісті талап ететін күрделі педагогикалық — психологиялық үрдіс.

Білім мен тәрбиенің сапалы нәтижесі көркем шығармашылық іс әркеттермен өлшенеді. Білімнен шығармашылыққа дейінгі аралықтағы бейнелеуге деген құштарлықты, шеберлікті балалардың қабылдау, әсерлену, сезіну,ой қорыту, пайымдау, талғам сияқты психологиялық іс әрекеттердің дамуынсыз жүзеге аспайды.

Сабақ жоғары деңгейде өту үшін оқушылардың бейнелеу өнеріне деген дұрыс қатынастары мен көзқарастарын өзгертіп отыру және іс тәжірибе тұрғысынан шығармашылық жұмыс жасауына барынша ықпал ету, талпындыру.

Бейнелеу өнерінің мән мағынасы адам дамуындағы  руханилықтың иесі болып табылатын жанды тұлғаның өздігінен ізденуіне, жаңарып отыруына, өз өмірін шығармашылыққа айналдыруына мол мүмкіндік береді.

Жас ұрпақты рухани эстетикалық тұрғыда дамуына бейнелеу өнерінің ықпалын, көркем өнер түрлерін оқу тәрбие жұмыстарына тиімді пайдаланудың педагогикалық тиімді жолдарын айқындауға бағытталған ғылыми зерттеулердің аумағы кеңейе түсуде. Оқушыларды бейнелеу өнеріне оқыта отырып, өнерге баулу, көркем өнерге қызығушылығын, талғампаздығын  арттыру және тәрбиелеу,

үнемі жүйелі,бірізді уақытта жүргізілсе ғана тиісті нәтижеге қол жеткізуге болады.