Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Бастауыш сынып  оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту     

 

Оқыту процесіндегі қолданыстағы иллюстративтік-түсіндірмелі жүйенің дамыта оқыту жүйесіне көшуіне байланысты оқу-тәрбиелік үрдістер осы жүйеге бейімделуде.    Жеке тұлға- оқушыға байланысты дамыта оқытудың жалпы схемасын төмендегіше елестетуге болады.

 Дамыта оқыту

 

Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру
Практикалық қызмет
Әр түрлі деңгейдегі  білім,білік дағдыны қалыптастыру

 

Жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы

 

Адамгершілік эмоционалдық     Мазмұндама жазу              Математикалық

сферада                                                                                       жаттығуларды

орындау

 

Көркем әдеби шығармалар        Әр түрлі                       Шығарма жазу

оқу                                       тесттер

 

Дүние танымдық                    Ой қызметінің

көзқарасының                                  әдістері

Даму деңгейі

Дамытушылық ойындар

Міне, осы схемалық мазмұнға сәйкес,жеке тұлғаның жалпы мәдениеті қалыптасады,қоғамдық өмірге бейімделе отырып оның өзіндік адамгершілігі мен мәдениеті.тұлға ретінде дамуы орнығады. Қазіргі таңдағы білім саласының актуальды проблемаларына

— мектеп идеологиясының негізгі іргетасы болып отырған дамыту педагогикасын қалыптастыру.

-білім беру,тәрбиелеу,дамытудың біртұтастығына қол жеткізу.

-оқытуда оқушының еріктілігіне кең өріс беру.

-оқу ісін көңілді,қуанышты қызметіне айналдыру т.б жатқызуға болады.

Бұл проблемаларды түбегейлі шешудің бірден-бір жолын ғалымдар ғалым мен практиканы интерациялау,жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту арқылы іске асады деп міндеттейді.

Жалпыдамуға біз оқушының ойын,еркін,сезімін,есін т.б

психикалық категорияларды дамытуы айтамыз.

Ойын дамыту дегеніміз-білімді меңгеру ғана емес оны практикада қолдану.

Оған логикалық ойлауын,байқампаздығын,еске сақтауын тұрақтандыру,кескіндейбілу т.б. жатқызамыз.

Сезімді дамыту-оның рухани байлығын қалыптастыру.

Интелектуальдық ,эстетикалық,рухани-адамгершілік т.б. тәрбиелік деңгейін үнемі көтеру.

Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамыту мұғалім қызметінің іргетасы болмақ..Біз өзіміздің мектеп практикасында оқушы шығармашылығын дамыту жолдарына төмендегі бағыттағы жұмыстарды жатқызамыз.

І.             Күнделікті сабақ процесінде тірек-сызбасын пайдалану.

Тірек сызбасы-кәдімгі сабақтағы плакаттық  көрнекілік.Тірек сызбасы арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, өзіне-өзінің сенімі орнығады.

Тірек сызбасы арқылы оқушының білім сапасы жақсарып,оның  іскерлік дағдысы мен біліктілігі қалыптасады.Бастауышта алған білімі реттеліп оқушының мәртебесі қалыптасады.

Тірек сызбасы арқылы оқушылар өзінше қорытынды жасауға төселеді.Тірек сызбасы-қайталау,өткенді еске түсіруге таптырмайтын құрал,себебі бір сызбаға бірнеше сабақтарға қолданылатын ережелер біріктіріледі. Үйде ереже жаттамай келген оқушының өзі сызбаға қарап сабақ айтуға мүмкіндігі болары сөзсіз.  Демек,сабаққа дайын емес оқушы болмайды деген сөз.

Тірек сызбасы әр тақырыпты өтер алдында оны көрнекілік ретінде кесте жасап,тақта жанына іліп қояды.Сөз бен іс ұштасып,теория  тәжірибемен  жалғасады да ұғым бала есінде бірден сақталатын болады.

Мысалы:1.Я;Ю әрпінің жазылу ережесі

қойан-қоян

ойу-ою т.б

  1. 4-класс математика 127-бет 7-есеп

1-28 қап картоп

2-23-/-/-/    250кг

1-2 неше келаграм бар?

ІІ.  Оқуға жаттықтыру.

Бастауышта оқу сабағында оқуға ерекше мән беремін,себебі жоғары класта да жүргізіп оқи алмайтын,тексті сауатты оқи алмайтын,текстің мазмұнын айтып бере алмайтын оқушылар болмас үшін.Көркем шығарманы меңгерудің сатылары:тыңдау,оқу,сөйлеу,жазу болса,бұл процестерді дауыстап сауатты,мәнерлеп,шапшаң оқуды жақсы меңгерген адам ғана жеңіл игереді.

Ғалымдар мектеп бітірген оқушы минутына 150-200 сөз оқуға мүмкіндігі бар бола тұрғанмен сауатты, мәнерлеп,шапшаң оқу техникасын меңгерген оқушының мектеп бітіргенде минутына 650-700 сөзге дейін оқи алатынын дәлелдеп отыр.Демек оқуға жаттықтырудың маңыздылығын біз естен шығармауымыз керек.Оқу техникасын дұрыс үйретуді жолға қоя отырып,оқушы шығармашылығына мүмкіндік жасаймыз.

Ең басты мәселе,бастауыш сыныптарда оқу жұмысын бағалаудың ғылыми негізде ұйымдастыруға қол жеткізу.

Оқу темпін бағалау кестесі

Баға                      сынып        5        4

 

          3        2
1 жж2 жж1 жж2жж1 жж2 жж1 жж2 жж
1-сынып      жыл аяғыны дейін 40-45 сөз
2-сынып7080607050604050
3-сынып1001109010080907060
4-сынып13014012013011012090100

 

 ІІІ. Оқыту әдістерін оқушы шығармашылығына негізделген түрлерін жиі қолдану.

а) Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.

Мақсаты:түрлі стратегиялар арқылы,өзара сұхбаттасу арқылы,ұжымдық  формада білім игерту арқылы оқушылардың сыншыл ойын дамыту.

Негізгі ерекшеліктер:

  

-Білімді кешенді түрде игерту

-Оқу мотивацияларын тиімді пайдалану

-Ұжымдық оқыту формасын қолдану

-Шығармашылық қабілетті дамыту

-Оқыта отырып мазмұнмен тәрбиелеу

Негізгі құрал:оқу стратегиялары

ә). Деңгейлеп оқыту

 Жаңа сабақ типіне өтілген материалды бекіту процесінде жаңа өтілген материалды өткен материалмен біріктіріп деңгейлі тапсырмалар беру және оны қорытындылап отыру.

 Мысалы:математика 4-сынып

Жаңа өтілген материалды өткен материалмен

біріктіріп деңгейлік тапсырма орындату.

1-деңгейлік  тапсырма

1) 8*8-32                2)72:8+41

2)деңгейлік  тапсырма 

1)х+205=1708       2)х-96=706             

3-деңгейлік  тапсырма

1) 1т 000кг            _  8   3  5

                кг                   7  8

          —————     ————-

            1т048кг              6989     

Ескерту: 1-деңгейдің әр есебі 2 балл

               2-деңгаейдің  әр есебі 5 балл

               3-деңгаейдің  әр есебі 10 балл

Деңгейлік тапсырманы бағалау:

«3»-9 балл(І-деңгейдің екі есебі,ІІдеңгейдің бір есебі)

«4»-14 балл(І-ІІдеңгейдің есептерін толық шығару)

«5»-24 балл (І-ІІдеңгей есептері және ІІІ-деңгейдің бір есебі)

 

 

б).Тестер алу

Оқушы білімін бақылау мен бағалаудың өмір талабына сай жаңа шкалалары өмірге келіп отырған қазіргі жағдайда оларды қолдану оқушы шығармашылығына жағдай жасайды.

 Жалпы программалық материалдың игерілу деңгейін сабақ үстінде анықтауда тесттердің ролі ерекше.Пәндер бойынша сегіз түрлі тест  арқылы жүзеге асырып жүрмін.Олар:

   1.Толықтыру

   2.Үйлестіру

   3.Аралас

  4.Кәсіптік бағдар беру 

5.Еске түсіру

 6.Баламалы

7.Таңдамалы

8.Реттілік

 

Тестерді тек бақылау және бағалаудан басқа үйретушілік ролі де ерекше.

Тестерді алдыма қойған мақсатыма сай түрлендіріп қолданамын.

Мысалы:Ұлттық құндылықтарымызды оқып-үйрену мақсатында қолданған тест үлгілері.

І.Анықтау тестері «Тері ыдыстар»

А.қауға

В.мес

 С.саба

 Д.самар

ә)Сусын құю үшін ысталған теріден жасалған ыдыс.

 А.талыс

В.торсық

С.жанторсық

 Д.көнек

  1. Топтау тестері «Қайсысы артық?»

а)Ет тағамдарына жатпайтынын тап.

 А.Жаубүйрек

 В.Жөргем

  С.Ірімшік

  Д.Ми палау

ә)Ұлттық киімдер.

Ердің бас киіміне жатпайтынын тап.

  А.Бөрік

  В.Малақай

  С.Шекпен

  Д.Тымақ

3.Аналогиялық тест

«Екінші жұпты толықтыру»

а)Кебеже-ағаш,үзік-?

 А.Жапқыш

В.киіз

С.бау

Д.түндік

ә)Үйрек-кежек,арқар-?

А.таутеке

В.ешкі

С.мүйіз

Д.құлжа

Міне оқушы шығармашылығын дамыту бағытындағы істеріміздің біршамасына тоқталдым.