Ұрпақ болашағы,халқымыздың келешегі ұстаздар қолында.

 

Ұрпақ болашағы,халқымыздың келешегі ұстаздар қолында.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Мен де осы Кембридж бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында   Нурушева Бақыт Сапарқызының жетекшілігімен  біліктілігімді арттырып шыққан ұстаздардың бірімін.Енді өз тәжірибиемде үйренген білімімді пайдалану үстіндемін.                                                                                                                                Білім берудің қазіргі заман талабы — шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.Бұл бағдарламаны тәжирибиемде пайдаланып отыра,  оқушыларым  сабақта өз пікірлерін ашып айтуға,топпен тату қарым-қатынаста пікірлерімен бөлісу, тыңдау, достық қарым- қатынас, сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланыстар да дамыды.

Мұғалімдер үшін:

  • Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
  • Сөздік қорларын молайтуға;

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

*Бағалар үшін түсініспеушіліктер болмайды;

міне  осындай тиімділікті  пайдаланып   жүрсек біздің нәтижеміз оңға басып «мұғалім- оқушы», «оқушы- мұғалім» және ата –ана арасында кері байланыс болары сөзсіз.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз»-деген пікірі өзгерем деген әрбір оқушының да, мұғалімнің де, басшының да  рухани азығы болуы тиіс деп есептеймін. Батыр да, алып та, ақын да, әнші де- анадан туады, ал осы айтылған тұлғалар ұстаздан тәлім — тәрбие алады, яғни ұстаздың орны ерекше. «Ұстаз- ұлы тұлға». Мен әрқашан «Өрлеу» ұстаздарына сәттілік пен шығармашылық табыс тілеймін. «Өрлеудің» мәртебесі биік болсын!