Этномәдени бағыттың мектепке дейінгі білім берудегі рөлі

 

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Этномәдени бағыттың мектепке дейінгі білім берудегі рөлі

 

Этномәдени бағыт (ертегілер, шағын фольклорлық жанрлар, халық ойындары, табиғат) – балаларды оқытудығы дәстүрлі емес бағыт. Бұл бағыт баланың қабылдауына қажетті эмоционалдық фон қалыптастыруға, қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді, тіпті инерттілігі жоғары тәрбиеленушілерде оқуға деген мотивациясының деңгейін көтеруге себепші бола алады.

Әр мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ерте жас тобынан бастап мектепке дейін шығарып салуға дейін этномәдени компонент элементтері кездеседі. Күн тәртібінің барлық сәттерінде қандай да болсын элемент болуы мүмкін — халық ертегілері, халық педагогикасының бөлімдері, фольклор, мақал-мәтелдер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, халық ойындары және т. б. Балаларға әрдайым жомарт қазақ халқымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттер мысалға келтіріліп, тәрбие және оқыту үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды. Соның арқасында тәрбиеленушілердің қоршаған ортаны сезіну, қоғамдану, өзіндік бағалау, тұлға ретінде даму сияқты маңызды қасиеттері дамып қалыптасады.

Этномәдени компонент – бұл танымдық белсенділікті, өзбетінділікті, шығармашылық дамуды, халықтардың өзіндік тұрмыстық ерекшеліктеріне және жалпы сұлулыққа араласуын оятатын құрал. Бұл жалпы халықтық  мәдениетке, қатынасу мәдениетіне апаратын жол. Халық тұрғындарының арқасында балаларда мейірбандылықа, тілектестік сезімдеріне тәрбиеленеді.

Мектепке дейінгі қоғамдық білім беру жүйесіне этномәдени компоненттің енгізілуінің негізгі шарты – мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың эмоционалдық дамуын және аман-саулығын қадағалау. Эмоциялар тәртіпке тікелей әсер етіп, қоғамдық арақатынас пен тартымдылықты қалыптастырады. Олар бағалау рөлін атқарып, баланы әрекеттерге итермелейді, тәжірибені белсендетіп, жинақталуына ықпал етеді.

Эмоциялар – қуаныш пен күйзелістің көзі, инабаттылыққа апаратын бірінші және негізгі қадам. Эмоционалдық дамудың жоғары деңгейі Отанға деген сүйіспеншілік, интернационалдылық, азаматтылық, отаншылдық болып табылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиелеуі мен оқытуындағы басты мақсат – балалар арасында тілектестікке тәрбиелеу, бір-бірімен ойнаға ынталарын арттыру, ренжіспеуге үйрету, туындаған мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тәрбиелеу.  Тәрбиеші балалардың іс-әрекеттері мағыналы болуын, балаларды біріктіретін, өмірлерін эмоционалды оңтайлы ететін әзілдер, көңілді ойындар көп болуын қадағалап отыру керек.

Тәрбиеші балалардың ұлттық әртүрлі болуына қарамауы керек. Егер тәрбиеленушілер арасында өзге ұлт өкілдерінің шағын тобы болып, оларға басқа балалар ерекше назар аударса, бұл расалық ерекшелену кішкентай тұлғалар арасындағы достастық қатынастардың орнауына кедергі болмауын қамтамасыз етуі қажет.

Тәрбиеші балалардың айналасын олардың ұлттық мәдениетінің заттарымен қоршауы керек. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мазмұны бойынша жақын, түсінікті қазақ халқының өлеңдерін жаттатқызып, түрлі ұлттардың ертегілерін айтуы керек. Мерекелер мен күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде халық ойындарын, ойыншықтарын көрсетіп, олармен ойнауды үйретіп отыру керек.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы келесідей тұжырымдарға әкеледі:

  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында этномәдени бағыт компоненттерін енгізу мүмкін;
  • Қазақ халқының және басқа ұлт өкілдерінің этномәдени компоненттерін енгізу ыңғайлы даму ортасын қалыптастыруға,
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін тиімді әрі нәтижелі етуге мүмкіндік береді, кез-келген жаңа материалдың жақсы меңгерілуіне көмектеседі, жас ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызады;
  • Этномәдени компоненті енгізілген мектепке дейінгі мекемелер түлектері білім, білік, іскерлік деңгейлері жоғарырақ болады, әсіресе бұл олардың эмоционалдық, эстетикалық және танымдық дамуларынан білінеді. Бұл этномәдени компонент енгізілген мекемелерде осы бағыттарды дамуға ерекше көңіл бөлінетіндігімен түсіндіріледі. Топтарды оңтайлы орта қалыптастырылады, балаларға қазақ етінің кең-байтақ табиғатымен, мейірбан халқымен, іскерлік қызметтермен, үздік шығармалармен, әдеби, сурет, музыкалық ескерткіштерімен таныстырады. Ал этномәдени компонент құралдарын қолдану (көркем әдебиет шығармаларын оқу, театрлық қойылымдар ұйымдастыру, халық мейрамдарын тойлату, ойын, ансамбль ұйымдастыру) оқу-тәрбие үдерісін тиімдірек жасауға мүмкіндік береді.
  • Этномәдени компоненті енгізілген мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінде тіл даму көрсеткіштері жоғары деңгейде болады, себебі олардың тілдің белсенділігі  жоғарырақ болады (халық ойындары мен мерекелеріне қатысу, театрлық қойылымдарға қатысу, көркем әдебиетпен жұмыс жасау).

Сонымен отандық педагогикалық жұмыстың көрсеткіштеріне сүйене отырып, мектепке дейінгі ұйымдарға этнопедагогикалық компонентті енгізу тәрбие беру мен оқыту үдерісінің тиімділігін арттырады деген қорытындыға келеміз.