Инновациялық әрекет – шығармашылық бастауы

 

Инновациялық  әрекет – шығармашылық бастауы

 

Қазақ мектебінің болашағы туралы  Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі – оның мектебіне байланысты» деп айтып  кеткен.

«Үш тілде оқытатын мамандандырылған  дарынды балаларға арналған мектептерді ашу» туралы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2007 жылғы 7 тамыздан № 387 бұйрығына сәйкес Республикамызда ашылған 31 мектептің бірі – Шәкәрім атындағы № 5 мектеп-гимназия.

«Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік».

Мақсатымыз – көптілді мемлекеттер арасында  әлеуметтік – мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны жетілдіру.

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас жасалып, жаңаша ойлау қалыптасуда. Бүгінгі таңда дәстүрлі үрдістен инновациялық үрдіске, пассивті әдістерден интерактивті әдістерге көшу қажеттілігі туындап отыр. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдыларын емес, оның тұлға ретінде дамуын қоюда.

Ұстаз — практик болғанымен, пән — ғылым, сондықтан мен өз іс-әрекетімді ұйымдастыруда алдыма дидактиканың ең негізгі принципі — ғылымилықты ұстанамын.

— Ғылыми зерттеу жұмыстар оқушылардың мектеп табалдырығын алғаш аттауынан басталады. Әлемдік деңгейдегі психо-аналитик Зигмунд Фрейдтің ми ассимметриясы жайлы зерттеулері нәтижесінде құрастырылған сауалнамаларды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оңтайландыра отырып, арнайы диагностика жүргіземін. Нәтижесінде сынып оқушыларының басым көпшілігінің гуманитарлық пәндерге бейімділері, яғни онжақ ми жартысымен ойлау басымдылығы немесе керісінше екендігі анықталады.

Сол жақ ми жартысымен ойлау қабілеті басым, политехникалық ғылымдарға бейім оқушылар саны көп болып келген сыныпқа сабақ кестесіне математика пәнін екінші сабақ, ал егер гуманитарлық ғылымдарға бейімділік байқалса тіл пәндерін екінші сабаққа қою оқу ісінің меңгерушісімен келісіледі.

Өйткені, оқу кестесінің құрылымы адам ағзасының биоритімін ескере отырып, құрылу тиіс. Оқыту үрдісн ұйымдастыруда арнайы талаптарды орындау қажеттілігі туады.

1-сабақ — үрдіске біртіндеп ену кезені болса,

2-сабақ — еңбек әрекетінің жоғарлау кезені,

4-сабақтан бастап жұмыс істеу қабілеті төмендейді.

Бүгінгі таңдағы ұстаздардан талап етілетін үрдіс — ол жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.

Назарларыңызға түсіріп отырған модельде өз тәжірибемде қолданып жүрген жаңашыл ұстаздарды идеялары және жаңа педагогикалық технологиялардың ішіндегі бір-біріне сәйкес келіп, бірін- бірі селбестіретін симбиозы көрсетілген. Жаңашыл ұстаз Ш.А.Амоношвили «Ізгілік- тұлғалық қарым-қатынас және оқушының ішкі жан дүниесін демократияландыру» идеясы өз тәжірибемнін ірге тасын қаласа,  С.Н.Лысенкованың «Перспективті оза оқыту» және В.Ф.Шаталовтың «Тірек жазба ымдар арқылы дамыта оқыту» идеялары әдістемелік жүйемнің құрамын толықтырады.

Жаңашылдар идеясы іс-тәжірибеме ой-түрткі болса Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» В.В.Фирсовтың «Нәтиже арқылы нақты деңгеймен саралау технологиясы» жетілдірсе, Марио Монтессоридің «Өздігінен даму технологиясы» толық кешенді жүйе болып табылып, іс-тәжірибенің негізін құрайды. (қосымша №1)

Ізденіс тақырыбым: Озық педагогикалық технологиялар негізінде интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың таным әрекеттерін тиімді ұйымдастыру.

Соңғы кезде «Қарасам — көремін, тыңдасам — естимін, ал әрекет жасасам — білемін» деген мақал педагогикалық қауым ортасында жиі айтылуда. Осы мақал жаңа педагогикалық технологияға көшудің қажеттілігін анықтайтың ой- түрткі спетті.

Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К.Платонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді: есту арқылы еске сақтау — 10, көру арқылы-30, қарапайым әрекет арқылы — 50, ал белсенді әрекет арқылы 90% есте сақтау пәрменділігін көрсетеді.

Нақты іс-тәжірибеме тоқталсам, дамыта оқыту әдістемемнің ғылыми негізіне деңгейлеп оқыту принципі енеді.

Академик В.П.Беспальконың кез-келген мазмұнды меңгеру үшін оған 1.оқушылық 2.алгоритмдік 3.эвристикалық 4.шығармашылық сияқты төрт меңгеру деңгейлерінің шағын мақсаттары арқылы жетуге болатынын көрсетді. (қосымша №2)

Ал, американдық ғалым Б.Блум мазмұнды меңгерудің: танып-білу; түсіну; қолдану; анализ талдау; синтез жинақтау; баға беру; түйсіну сияқты; — алты деңгейіне тоқталады.

В.П.Беспалько технологиясын негізге ала отырып қазақстандық профессор Ж.А.Қараев меңгеру деңгейлерін білімнің біліктілік, белсенділік, мотивациялық және сапалық деңгейлерімен біркегейлестіреді. (қосымша №3)

  • Оқушылық деңгейді — білімнің нақтылығымен
  • Алгоритмдік деңгейді — білімнің нақтылығы, толықтылығымен, іске асатындылығымен.
  • Эвристикалық және шығармашылық деңгейді — білімнің нақтылығы толықтығы іске асатындығы, жүйелілігі, тереңдігі және беріктігімен бірегейлестіреді.

Диогностикалық зерттеулер және оқушылардың білім сапасы мониторингі негізінде әр түрлі деңгейдегі дидактикалық тапсырмалар дайындау іс-тәжірибем жоғарыда аталған ғалымдардың технологияларына негізделіп жасалған.

  • І-деңгей (міндетті) мемлекеттік стандарт көлеміндегі, барлық оқушы орындауға мүмкіншілігі бар тапсырмалар (репродутивті, альтернативті)
  • ІІ-деңгей Қабылдаған ақпараттарын басқа жағдайларда қолдана білуі.
  • III-деңгей Игерген білім-білік дағдыларын өз-бетімен тереңдетіп қорыту, кез келген тапсырмаларды шығармашылықпен орындай білуі.

Бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, яғни оқушылардың ойлауын есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға көмектеседі. Оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Жаңа технологияға сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, қабілетіне қарай келесі деңгейге көшіп отырады. Ж.А. Қараев технологиясының тиімді жақтары:

  1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, дағдыланады.
  2. Жеке қабілеті анықталады.
  3. Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады.
  4. Тапсырмалар күрделенген сайын ойлау, орындау қабілеттері  артады, шығармашылықпен жұмыс істеуге талпынады.
  5. Сынып оқушылары толық бағаланады.

Дәстүрлі 5 балдық бағалау жүйесі оқушы еңбегін «5»-тік бағадан бастап әрбір жіберген қателігіне сай жазалау қағидасына құрылған.

Ғалымдар мұндай жағдайда оқушының ынтасы төмендеп, «қате жіберу қорқынышы» тәрізді психологиялық синдром қалыптасып, оқушы белсенділігінің бірте-бірте жойылатындығын көрсетіп отыр.

Жаңа технологиядағы бағалау әдісінің тағы бір маңызды жері — әр оқушының дамуын қадағалайтын мониторинг құруға болады. (қосымша№4)

Бағалау «баллдық» жүйемен жүзеге асырылады. І деңгей – 5 балл, 2 деңгей – 10 балл, 3 деңгей – 15 балл, 4 деңгей – 20 балл, (қосымша №5)

Жаңа тақырыптарды меңгертудегі оза оқыту үрдісін ұйымдастыруда ғылыми деректерді негізге аламын: кез келген аудиторияның назары 27 минут мөлшерінде ғана тұрақты болып, содан кейін күрт төмендейді.

Сондықтан да, қиын тақырыптарды меңгеру кезеңін сабақтың 1 — жартысына жоспарлаймын, қалған 18 минутта оқушылардың әртүрлі таным әрекетерін ұйымдастырамын.

Баланы шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділігін, қызығылшылығын арттыра түсетін өз бетімен атқарылатын жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі 3 жұмыс түрін жатқызамын

Олар:

  1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма).
  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, мәтінді аяқтау, сипаттама беру, тұжырым жасау).
  3. Оқушының өз ойынан құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттагы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу).

Мұнда басты назар аударатын мәселе оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарының сәйкес көрініс табуы. (қосымша №5)

3 деңгейдегі сұрыпталған балалармен сынытан тыс шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылады. Жас ерекшелігімен сәйкестендірілген дебат техникасы — тұлғаның дамытушы бірден-бір тәсіл.

Мен өз іс-тәжірибемде оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратын интерактивті әдіс ретінде қолданып жүрген дебат үрдісін бүгінгі таңдағы ақпараттаушы құрал — компьютер бейнесінде модельдеп, назарларыңызға ұсынамын.

Дебат — тілашар құралы, тіл ұстарту тәсілі.

Ешбір үрдіс негізсіз болмайды. Дау өнері, шешендік өнер қазақ халқының қанына сінген және ұлттық менталитетіміздің негізі болып табылатын қасиет. Сондықтан «Этнопедагогика» айдарымен компьютер клавиатурасында көрсетілген ғылыми термин «Генофонд» осының дәлелі.

Этнопедагогика талаптарына сай өз тәжірибемде аталмыш тәсілді қолдана отырып, шәкіртерімінің арасынан диагностикалық саралау арқылы сөз өнеріне сұрыптап аламын.

Компьютер мониторында дебаттың ғылыми үрдіс, ресми пікірталас екені көрсетілген. Біздің моделіміздегі дисплейға барлық ақпаратты шығарушы, арлы бері ойнақ салушы компьютерлік «тышқан» — дебат техникасының ойын үрдісі екенін бейнелейтін мүсін. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай ең негізгі әрекет те — ойын екені баршаға мәлім.

Дебат — философиялық, психологиялық, этикалық, саяси, лингвистикалық ғылымдарға негізделген үрдіс, яғни, ойын барысында оқушы бір мезгілде ойлау, жазу, айту қабілеттерінің жетілдіреді. Дебат өзінің арнайы құрылымы бар, белгілі бір тақырып аясында нақты факті, дерекке сүйене отырып сөз таластыруға үйретеді.

Дебат — интеллектуалдық ойын.

Дебат — саз өнері.

Дебат — ресми пікірталас.

Бастауыштан бастау алған дебатерлер — болашақ эрудиттар, интеллектуалдар.

Жаңашыл ұстаз, бастауыш сыныптар мұғалімі С.Н. Лысенкованың оза оқыту технологиясын өз тәжірибемде жүйелі қолданамын.

Дамыта оқыту әдістерінің бірі ретінде математика пәнінен жоғары қиындықта оқыту мақсатында түбір (Ö) , дәреже (а2 а3), колем (V= a*b*h), жылдамдық, қашықтық, уақыт шамаларын (V=S/t; S= V*t; t=S/V) формулалар түрінде беремін. Бұл орта буындағы алгебралық және геометриялық материалға дайындық іспетті.

Тіл пәндері бойынша 1 сыныптан бастап тірек сөздер арқылы шағын мазмұндама, әңгіме құрастыруға үйретемін. Ал талдау түрлерін 4 сыныпта толық меңгеріп шығады. Оқушыларға бір сөйлем беріледі де талдау түрлеріне белгі қойылып отырады.

Синтаксистік талдау — 1

Фонетикалық талдау — 2

Сөз құрамына талдау — 3

Морфологиялық талдау — 4

Мысалы: Әдептілік3, ар-ұят 2 — адамдықтың белгісі1 4

Оқушыларға қосымша тапсырма беру өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді. «Ана тілі» оқулығы бойынша оқушыларға ақын, жазушылардың, батыр, би, шешендер өмірінен реферат жазып келу тапсырылады. Тақырып мазмұнына сай сурет салу, альбом жасау, теңеу көркем сөзлерді табуға арналған жұмыстар жүргізіледі.

Оқытудың тиімділігін арттыруда мультимедиа құралдарының ролі зор, әсіресе, деңгейлік тапсырмаларды орындау, пультті пайдаланып тест шешу, видеомәтін, электронды оқулықтармен жұмыс істеу бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырады.

Жемісті еңбек – бәрін де жеңбек.

Жетістікке қол жеткізудің негізі – мұғалім мен оқушы қызметін ұйымдастыру бағыттарының дұрыс таңдалуы.

Х, ХІ Облыстық  бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасында жетекшілік еткен шәкірттерім командалық І-ІІ-орындарды иеленуде.

«Дарынды өркениеттіліктің жетістіктерімен өлшенеді және олар тарихтың түпқазығы болып табылады» деп елбасы  айтқандай, бүгінгі бала – ертеңгі дана. Оқушылардың дара білімділіктері мен қабілеттіктері негізінде олардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы интерактивті  әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, қызығушылығын  арттыру – ұстаздың басты міндеті. Республикалық, облыстық дарын ҒПО ұйымдастыратын зерделік ойындарға оқушылар жүйелі қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінуде.

Биылғы жылы ІІІ Республикалық  математикалық «Бастау» турнирінде  оқушыларымыз 64 команда ішінен жүлделі ІІІ-орынға ие болып, мектеп қана емес, облыс намысын қорғай  білді.

Елбасы дәрісінде айтылған, Юнеско қалыптастырған білім берудің 4 тағаны «Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет» дегендей қоғамның ақпараттық үдемелі қарқынмен дамуы жағдайында, алған білімдерінің негізінде, өзін-өзі танитын, өзін-өзі дамытатын, адамгершілік тұрғысынан дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны даярлау – басты мақсатымыз.