Тапқыр информатиктер
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр информатиктер
Сабақтың мақсаты:
А)Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімін саралау;
Ә) Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге және ойларын ашық жеткізе алуға тәрбиелеу;
Б) Оқушыларды информатика ғылымына бойлату, ой-өрісін, зейінін, сайысқа қатысу ынтасын арттыру;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, тапсырмалар.
Қатысушылар: 7 сынып оқушылары.
Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Тапқыр информатиктер» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызбен танысайық. 2 сынып қатысады, әр сынып 7 оқушыдан тұрады.. (Ойыншылар өздерін таныстырады.)
«Монитор» тобы: 7а
«Принтер» тобы: 7ә
Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз
1-тур. «Кім тапқыр?»
2-тур. «Шебер құрастырушылар»
3-тур. «Құпия алаң»
4-тур. «Ойлан, тап!»
5-тур. «Сөз зергерлері»
1 тур. «Кім тапқыр?»». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Кім тапқыр?»» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ он сұрақ беріледі.
(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.)
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ? (компьютер)
- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көз бен экранның арақашықтығы неше болу керек? (60-70см)
- Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
4. 1 Кбайтта не байт бар? 1024 байт - Компьютердің зиянды құрылғысы. (монитор)
- ASC II коды неше жол, неше баған бар? (16 жол, 16 баған)
- Компьютерді қосып, өшіретін құрылғысы. (жүйелік блок)
8. Alt+F4 пернелер қызметі қандай? (шығу)
2-тур. «Шебер құрастырушылар» Құрастыруға 1 минут, тез әрі дұрыс құрастырған топқа 10 ұпай.
3-тур. «Құпия алаң».
20. Есепшот Ресейге қашан келді? (16-17ғ.)
- Қазіргі кезде нешінші буындағы компьютерлер қолданылуда? (4)
- БЭСМ, МЭСМ электронды есептеуіш машиналарын жасаушы кім?
(С.А.Лебедев)
- Аналитикалық машинаны кім ойлап тапты? (Бэббидж)
- “Холлерит” фирмасының қазіргі атауы. (IBM)
- Есептеуіш техника қай ғасырда қарқындап дамыды? (19ғ.)
- Алгоритм сөзі қайдан шыққан? (Әл-Хорезми деген ғалым құрметіне)
- Алгоритмнің қарапайым типтері қандай? (бүтін, нақты, символдық, байттық, логикалық, тіркестік)
- Алгоритмнің қандай түрлері бар? (Сызықты, тармақталу, циклдік)
- Алгоритмнің қандай қасиеттері бар? (анықтылығы, жалпылығы, нәтижелілігі, формальдылығы, үзіктілігі)
- Алгоритмді кескіндеудің неше тәсілі бар? (4)
- Нақты тип Паскаль тілінде қалай айтылады? (real)
4 кезең “Ойлан, тап!”
Жасырылған суретте не бейнеленгенін табу.
5-тур. «Сөз зергерлері».
Берілген сөздің ішінен сөздер құрастыру. 1 мин дайындалуға беріледі. Әрбір тапқан сөз 1 ұпай.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Тапқыр информатиктер» атты ойын өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімін күтеміз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!