Сабақтың тиімділігін арттыруда сөзжұмбақты пайдаланудың маңызы

Сабақтың тиімділігін арттыруда сөзжұмбақты пайдаланудың маңызы

 

Жалпы білім беретін мектепте оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып,

оларды өз бетінше білімдерін толықтыруға, жаңа білімдерді алу тәсілдерін, алған білімдерін саналы түрде қолдана білуге ақыл-ой белсенділігін дамыту қажет. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің шығармашыл техникада, экономикада, жаңа жолдармен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл ақыл-ойы дамыған ұрпақтарды даярлау талап етіледі. Сондықтан физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздылығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады. Қабылдаушылық іс-әрекет оқушының дамуының алғашқы сатысы болып табылады. Есептерді шығару барысында оқушының шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал етеді.

Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың физика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі-сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталығын және физика тарихының элементтерін енгізе отырып, есептің мазмұнының тартымдылығын арттыру керек.        

Сөзжұмбақ – жалпы танымдық ойын. Әрине, мұғалімнің міндетінің бірі — оқушыны ойната отырып, шығармашылық танымдық қабілетін дамыту. Оның – сөзжұмбақ, физворд, эконворд, анаграмма, ребус, логикалық кызыкты есептер сиякты сан алуан түрлері кездеседі. Мен 7 сыныптың «Физика және астрономия» бағдарламасына сәйкес үй тапсырмасына қосымша бос уакыттарын қызықты әрі мазмұнды өткізулері үшін сөзжұмбақтарды пайдаланамын, тапсырма оқушының білім деңгейіне сай болу керек. Ойы алғыр, қиялы ұшқыр оқушылардың өз беттерінше кез келген сөзжұмбақ түрлерін құрастыруға бағыт бағдар берген дұрыс. Сөзжұмбақ-қызықты да, тартымды ойын түрі. Таныс, әрі бейтаныс жайларға жіті көңіл бөлуге бейімдеп, зердені ой сараптауға көмектеседі. Сөзжұмбақ  құрастыру, оны шешу оқушылардың: 1.Ойлау кабілетін шыңдайды; 2.Табандылыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйретеді;                           3.Алғырлық,есте сақтау сияқты қабілеті артып, өздігінен ізденуге қалыптасады.

 

Сөзжұмбақ «Ареометр»

 

А
Р
Е
О
М
Е
Т
Р
  1. Күн жүйесіндегі планета?  (марс)
  2. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады? (инерция)
  1. ХБЖ-де ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі? (метр)
  2. Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі? (молекула)
  3. Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттайды? (жылдамдық)
  4. Әр түрлі заттардан … құралады? (дене)
  1. Зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс? (материя)
  2. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі? (сорғы)

 

Сөзжұмбақ «Манометр»

 

М
А
Н
О
М
Е
Т
Р
  1. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру нәтижесін сипаттайтын физикалық шама? (масса)
  2. Дененің сапалық қасиеттерін сипаттайтын материяның түрі? (зат)
  3. Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күші? (нормаль)
  4. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (барометр)
  5. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшек? (атом)
  6. ХБЖ-де уақыттың негізгі өлшем бірлігі? (секунд)
  7. ХБЖ-де ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі?  (метр)
  8. Күн жүйесіндегі жетінші планета? (уран)

Сөзжұмбақ «Барометр»

 

Б 
А 
Р 
О 
М 
Е 
Т 
Р

 

 

 

 

 

 

 

  1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (барометр)
  2. Денелердің жерге тартылу күші? (ауырлық күш)
  3. Сондай кездерде атмосфералық қысымды биіктік арқылы өлшеу үшін қолданылады? (анеройд)
  4. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін? (деформация)
  5. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтардың өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама? (масса)
  6. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( дененің салмағы)
  7. Ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжам? (гипотеза)
  8. Зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс? (материя)

Сөзжұмбақ  «Атмосфералық қысым»

А
т
м
о
қысым
ф
е
р
а
л
ы
қ

Көлденеңінен:

  1. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал? (ареометр ) 2. Химиялық элементтің ең кіші бөлшегі…      (атом)
  2. Дене температурасын өлшейтін құрал? (термометр)
  3. Ғылыми деректермен негізделген жорамал… (болжам)
  4. Жер бетіндегі ауа қабаты…. (атмосфера)
  5. Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі… (молекула)
  6. Гелиоцентрлік жүйені жасаған ғалым… (Коперник)
  7. Дене пішінінің, өлшемінің өзгеруі… (деформация)
  8. Қысымның негізгі өлшем бірлігі… (Паскаль)
  9. Көлемін сақтайтын пішінін оңай өзгертетін заттың күйі? (сұйық)
  10. Физикалық денелерді өлшеуге және танып білуге болатын қасиеттердің сипаттамасы (физикалық шама)

 

 

Сөзжұмбақ  «Деформация»

Д
е
ф
о
р
м
а
ц
и
я

 

Көлденеңінен:

1.Берілген уақыт ішіндегі жүрілген жолын, сол уақыт аралығына қатынасы… (жылдамдық)

2.Дененің қозғалыс кезіндегі сызық түрінде қалдырған ізі… (траектория)

3.Дене пішінінің, өлшемінің өзгеруі… (деформация)

  1. Күшті өлшейтін құрал… (динамометр)

5.Деформациялаушы күшке қарсы бағытталған күш… (серпімділік)

  1. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал… (ареометр)
  2. Денелердің өз ара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама…(масса)

8.Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы.. (инерция)

  1. Табиғаттағы физикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым… (физика )

 

  1. Әлемде не бар болса, соның бәрі… (материя)

 

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сол сабақтағы тақырыптың негізгі мәселесіне сөзжұмбақтарды құрастыру, шешу барысында физикалық ережені өздері ашқандай сезімде болады.

Оқу үрдісін жетілдірудің негізгі тенденциясы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық белсенділігін көтеру болып табылады. Педагогика ғылымы тиянақты білім маңызына әсер етпейді, қайта оқушыларды оқытуға тәрбиелеу мен жетілдіру бағытында жаңа мақсаттардың рөлін айқындап береді.