Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы

 

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы

 

Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлтты, көптілділік және  көп мәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыптастыру-өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш бағытта көпмәдиетті және көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу-кең мазмұнды, мәдениеттің қыр-сырын меңгерген болашақ, белгілі бір мамандық иесін даярлауды қалыптастырады. Көпмәдениетті тұлға дегеніміз-біріншіден, жан жақты дамыған тұлға. Екіншіден көпмәдениетті тұлға  әр түрлі халықтардың мәдениетін танылып білетін  қастерлейтін тұлға  Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруда көпмәдиеттілік тәрбиесі мен көптілді білім беру қатар жүреді, егіз болып табылады.

Тіл-ұлттық мәдениеттің белгісі, оның қайнар көзінің  кілті. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде қарау-бір жақты ғана құбылыс. Тіл, сонымен қатар, ұлттық ойдың, ұлттық сананың көрсеткіші.

Мемлекеттік тіл қазақ, орыс тілі, ағылшын тілінен білімге негізделген лингвистикалық білім моделін құру болашақ мақсатымыз. Ел Президентінің Жолдауында көрсеткеніндей, шәкірттеріміз  әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Ағылшын тілін білу-өмір талабы. Әлемдік білім кеңістігінде еркін самғау үшін дүниежүзі халықтарының өзара түсінісу тілі-ағылшын тілін білу алдағы уақытта қажеттілік ретінде манызды рөлге ие болады. Шәкірттеріміз қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білуі қажет. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу-өскелең ұрпаққа қойылып отырған өмірдің талабы. Осы тұрғыдан қарағанда, оқушыларға үш тілде білім беру тәжірибесіде өзінің жаңашыл талабы құнды деп ойлаймын. Себебі бұл арада көптілділік басты назарға алынған.

Ел экономикасы мен өндірісін, тұрмысын  көтеру мәселелері де бүгінгі таңда шетелдік жаңа технологияларға байланысты, осы ретте де ағылшын тілін білу қажеттігі айқын байқалады. Оқушылардың сабақ беру процесінде пайдаланып жүрген компьютерлерін  игеру де ағылшын тілін жақсы білуді талап ететіні белгілі. Сондықтан мектеп тәжірибесінде үш тілде оқыту сынағының қойылуы өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын  жаңашылдық деп қабылдау керек.

Шет тілін үйрету-қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды.

Ғалымдарымыздың зерттеуінше, бала  жас кезінде тілді қиналмай еркін менгереді. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы-дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік, мықты болады деп ойлаймын. Балаларымыздың бірнеше тіл білуі олардың танымдық көкжиегінің кеңеюіне де игі әсерін тигізеді. Шет тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы да сол балалар  тоғыз жасқа дейін  сөйлеу шеберлігінің маманы, олардың миының тілге арнайы икемді болуы, бірақ ол есейе келе төмендей түсетіні анықталған. Сондай ақ ерте жастан балаға  шет тілін оқыту, баланың сурет салу, сөйлеу, есептеу қабілетінің шетел тілімен байланысты жоғарлайтыны басқа балалармен салыстырғанда денгейінің жоғары екендігі байқалған.

Психологтардың  зерттеуінше шет тілін ерте жастан оқыған бала бойында мына қасиеттердің жоғарлайтыны анықталған:

Жалпы және жеке жұмыс жасауға

Қабілетті

Салыстыруға

Сараптауға

Қорытынды жасауға белсенділігі анықталған

Бастауыш  сыныптағы баланың ерекшеліктері шет тілін оқытуда төмендегі жағдайларда ажыралып тұрады:

Тез қабылдауы

Еліктеуге бейімділігі

Қиялының әртүрлілігі

Ойлау ауызша, сөйлеу іскерліктерінің дамуы

Танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы

Есте сақтауы

Қызығушылық қасиетінің молдылығы мен әртүрлілігі

Жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі

Сезімтал болуы

Іс-әрекетті ойын түрінде тез қабылдауы.

Бастауыш сыныпта баланы оқытуда алғашқы кездесетін қиыншылықтар:

Әріпті танымауы

Физиологиялық ерекшелігі

Психологиялық ерекшелігі  болып табылады

Басты қиыншылықтарды шешу үшін сабақта төмендегілерді ұйымдастыру    маңызды болып табылады:

Көру, есту

Сергіту сәті

Мұғалім өзінің  психологиясын өзгерту, баланың психологиясын түсіну екендігін басты назарға алған жөн. Төменде  бастауыш сыныптарда  ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі тақырыптарға байланысты сөз ұйқастарын  (ритмдер) ұсынып отырмын

 

МЫСАЛЫ:        

The ABC

A B C D E F G

H I J K L M N O P

Q R S T U V W

X Y Z

X Y Z

This is called the alphabet

Which we never must forget

……………………..

My name is Pat

I have a cat

And with me

He likes to chat

………………………..

I have a dog

My dog has four legs

I have only two

My dog likes to run

I like to run too

…………………….

I have a father.

He is a doctor.

I have a mother.

She is not a doctor.

She is a teacher.

…………………..

I have a sister.

She has a cat.

I have a brother.

He has a dog.

………………….

When I am ten

I give you a pen

Then you write

Like brother Ben

…………………..

There are nine cakes

On a little plate

I eat one of them

And now there are light

…………………….

One, two, three

One, two, three

I can count well

As you can see

………………….

I can see houses

and a lot of trees

I can see rivers

And nice blue seas

…………………

Where is the cat?

Where is the cat?

It is on the sofa.

Where is your pen?

Where is your pen?

It is in the dog?

Where is your dog?

It is under the tree

…………………….

I have three books

The first book is Kazakh

The second book is Russian

The third book is English

……………………

 

Winter is the first season

Spring is a second season

Summer is the third season

Autumn  is the fourth season