Сыныптан тыс шараларда оқушылардың ұлттық дүниетанымын халық тағылымдары арқылы қалыптастыру

Сыныптан  тыс  шараларда  оқушылардың   ұлттық  дүниетанымын  халық  тағылымдары арқылы   қалыптастыру

Жоспары :

 І. Кіріспе

Оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын  қалыптасыру  өмір  талабы.

 ІІ. Негізгі  бөлім

Оқушылардың  ұлттық  дүние танымын  дамыту  өлшемдері  мен  көрсеткіштері.

 

Сыныптан  тыс  шарада  оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын  қалыптастыру  тәжірибемнен.

 

                                    ІІІ.  Қорытынды  бөлім

Нәтижелерге  сараптама.

                                            

                                              І. Кіріспе

Оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын  қалыптастыру  өмір  талабы.

 

Тәрбиелеушілік – халық  ауыз  әдебиеті  жанырларындағы  тәлімдік  ойлар, халық шығармашылығының  озық  үлгілерінен  заман  ағымына  сай  жаңғырып,  тұрмыста  қолдана  білу  бейімділігі. Тәрбиелік  шараларды  жоспарлауда  халықтық   педагогиканың ғылыми  педагогикамен  байланысы   негізінде  халық  қағидаларының  ғылыми  педагогикалық  талаптарды  ұсынамын.

  1. Жас мөлшерін  есепке  алу.
  2. Болмыс ерекшелігін  ескеру.
  3. Бала тәрбиесінің ортаға, отбасына байланыстылығы.
  4. Баланың жеке  басын  қадірлеу.
  5. Жасына сай ақыл – ойын  дамыту.
  6. Тәрбие мазмұның  біртұтастылығы.
  7. Тәрбиенің үзіліссіздігі.
  8. Ұжымдық тәлім – тәрбие.

Менің  өткізген  тәрбиелік  шараларда  жоғарыда  айтылған  талаптар  оқушы  дүниетанымын  дамытудың  негізі  болды  деп  білемін.

  • Адамның дүниетанымының мазмұны  психологиялық  болмысында.
  • Дүниетаным тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама – қайшылықтарынан көрініс алады.
  • Адамның қоғамдағы орнындағы саналық сапасы.
  • Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.
  • Жеке қасиеттердің түрліше көрініс алуы.

 

Аталған  сипаттамалардың  өмірде  көрініс  алуынан  жеке  тұлға қалыптасуының  факторлары  анықталады.  Жеке  тұлға  қалыптасуының  факторларын  сызба  түрінде  бейнелесек. Оқушылардың  дүниетанымын  дамытуда  олардың  эмоционалдық   өрісін  ескеру  қажет.                              Жеке  тұлға

Жеке тұқым қуалаушылық    Тәрбиелік  орта Болмыс Еңбекәр екеті Қарым — қатынас                     

          Кемелденген жеке тұлға Әлеуметтік фактор Жоғары нерв жүйесінің физиалогиясы        

Кеңістік  орта  Анатомо — физиалогиялық   ерекшелік Іс – әрекет  орта

                                  

     ІІ. Негізгі  бөлім

              Оқушылардың  дүниетанымын   дамыту  өлшемдері  мен

                                             көрсеткіштер

Себебі  эмоционалдық  қарым – қатынас  арқылы  жоғарыда  айтылған  білім  қоры  оқушылардың  идеялық  көзқарастарын,  адамгершілік   сапалары  халық   қағидалары  негізінде  қалыптасады.  Бұл  сапаларды  қалыптастыруға «Атадан  қалған  асыл  сөз», «Ұлдан  ұлағат, қыздан  қылық»,  «Ата  мен  әже  ісі  бізге  өнеге»  тақырыбында  іске  асырылды.  Аталған  интеллектуалды  және  эмоционалды  саналар  оқушылардың  дүниетанымын   дамытуда  іс – әрекет – тәжірибе  арқылы  көрініс  береді.

Оны  біз  оқушылардың  қалыптасқан  дүниетанымдық  бағыты,  оның  азаматтық  бейнесі  арқылы  бағдарлай  аламыз.  Әрине, іс – әрекетке – тәжірибелік  сапалары  қалыптасу  үшін  міндетті  түрде  оқушыларды  іс – әрекетке, интергративтік  түрде  ұйымдастырлған  шаралар  арқылы  жүзеге  асырамыз.  Мысалы ,  пікір  алысу, іскерлік  рөлдік  ойындар  өткізу, көзқарас  сабақтары,  педагогикалық  жағдаяттар  шешу, танымдық  сайыстар  өткізу

( қосымша  схема )  арқылы  көрсетсем  төмендегідей  алуға  болады.

 

 

 

 

Ұлттық  дүниетаным  құрлымы :1. Ойлау

  1. Сенім
  2.                   Қатынас
  3. Қөзқарас
  4. Білім
  5. Әрекет
  6. Парасат
  7. Ұлттық сана

9.Ұлттық  болмыс

  1. Ұлттық молраль
  2. Ұлттық ойлау

Себебі, тек  қана  іс – әрекет  жүзінде  баланың  ішкі  позициясы,  дүниетанымдық  бағыты  айқын  көрініс  бере  алады.  Оларды  мен  арнайы  ұйымдастырған  сыныптан  тыс  шарамда  байқадым.  Олар «Тағылымы мол-Наурыз  мейрамы», «Көргені  жақсы  көш  бастайды» т.б.

Жоғарыда  айтылған  оқушылардың  интеллектуалдық,  эмоционалдық,  іс – әрекет – тәжірибелік   сапаларының   қалыптасқандығы  мен  төменде  көрсетілген  бағалау  өлшемдері  арқылы  айқындадым.  Қосымша  схема  арқылы  былай  алуға  болады.

Дүниетаным :                1. Экологиялық  көзқарастар

  1. Эстетикалық  көзқарастар
  2. Саяси  көзқарас
  3. Құқықтық  көзқарас
  4.   Діни  көзқарас
  5. Педагогикалық
  6. Этикалық
  7. Әлеуметтік  психологиялық
  8. Философиялық

Сонымен  бірге  бағалау  өлшемдері  төмендегіше :

  • Дүниеге философиялық,  ғылыми  көзқарастары.
  • Мінез–құлығындағы көрініс,   моралдық – этикалық       талаптарды             орынлауы,  қабылдауы.
  • Іс – әрекетінде пайдалануы.

Зерттеу барысында  аталған өлшемдердің үш деңгейін  есепке  алдым. Олар: жоғары, орта, төмен. Жоғары  деңгей – халық   тағылымдарын  қызығушылықпен қабылдап,  оның  әлеуметік  түрлерін  іс  жүзінде  пайдалану  дағдылары  біршама   қалыптасқан  және  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  түсініп  бағалай  алуы.

Орта  деңгей – халық  тағылымдарының  танымдық, тәрбиелік  мәнін  түсінуге  құлшынысы  бар,  бірақ  тұрмыс – тіршілікте  пайдалануы  жүйелі  қалыптаспаған.

Төмен  деңгей – халық  тағылымдарының  танымдық  мәніне  көңіл  бөлмейді, тұрмыс – тіршілікте  пайдалану  дағдылары  қалыптаспаған.

Аталған  деңгейлердің  нәтижесін  шығаруда  8 – сынып  оқушыларының  арасында  сауалнама  жүргізген  болатынмын. Сауалнама  мақсаты – оқушылардың  дүниетанымын  анықтау  бағытында  таратылды.  Оған 83 оқушы  қатынастырылды.  Соның  ішінде  менің 8 В сыныбымда  26  оқушы  тапсырған  болатын.  Соның  нәтижесіне  көрсетілгені.

Нәтижесінде  оқушылар  дүниетанымын  халық  тағылымдары  негізінде  қалыптасудың  мынадай  олқылықтары  байқалды.

  • Қоғамда,  отбасындағы  тіршілікте  баладан  сұраныс  болмауы,  әрі  тұтынуға  деген   қажеттіліктің  туындамауы.

             Сауалнама  сұрақтары  төмендегіше  берілді.

  1. Әр халықтың  сәлемдесу  мәнерін  қалай  түсіндірер  едің ?
  2. Отбасы туралы  түсінігің ?
  3. Әке мен  анаға  байланысты  туыстық атауларды  ата?
  4. Тыйым сөздер  не үшін  қажет ?
  5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен ?
  6. Бата түрлерін  ата, бата алу  неге  қажет ?
  7. Отбасыдағы перзенттің  орнын  ескерудің  мәні  неде?
  8. Қарашаңырақ,  отау  шығару  ұғымдарын  қалай  түсінесің?
  9. Ұлттық  қол  өнер  түрлерін  ата?
  10. Санаға  байланысты  халықтың  ұғымдарынан  не  білесің?
  11. Халықтың  қарапайымдылық, көмектерін  атап  бер?
  12. Маусымдық  мерекелерді ата?
  13. Бір  мүшел  (13 жас)  жасқа байланысты  рәсім, жоралғыларды білесің бе?
  14. Той  түрлерін  ата?
  15. Наурыз мейрамының  ерекше  белгілерін  атап  бер?

 

Халықтың  салт —  дәстүр, әдеп – ғұрыпын, ырымдар  мен тыйымдарды  атап  беруде,  танымдық  тәрбиелік  мәндерін  ашыуда  өзіндік  пайымдаулары

төмен  көрінді. 26 оқушының  5  озаты  ғана  жауап  берді.  Нәтижесі  сапа  көрсеткіш  пен  көрсетсем  26 оқушыдан  19% пайыз  болды.