Бейнелеу өнері сабағының ұлттық сипаттары.

                                Бейнелеу  өнері  сабағының  ұлттық  сипаттары.

Ұстаз   үшін  ұрпақ  тәрбиесіне  жауапкершіліктен  маңызды  міндет  жоқ .  Ұзақ  жылдар  бойы  халқымыздың  тарихын  бұрмалап  тағдырын  жаралап  келген рухани  тоқыраудың  оқу-тәрбиеге  тигізген   зардаптары   аз  емес.  Тәуелсіздік  көп  нәрсеге  деген  көзқарасымызды  қайта  сараптауға  бағыттады.  Осындай  шешімін  күтіп   тұрған  мәселелердің   бірі-  оқушылардың   шығармашылық  қабілетін,  эстетикалық  талғамын   дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сол  арқылы  адамгершілік,  мейірбандық  қасиеттерін  қалыптастыру.

Көптеген  ғасырлар  бұрын  қазіргі  қазақ  жерінде  гүлденген  қалалар,әсем сарайлар  болған. Өнері  мен  мәдениеті  жағынан сол  кездегі Еуропадан  бірде бір кем  емес еді. Оның  айғағы – әлемді тамсандырған  Есік  қаласынан табылған  Алтын  адам,Айша  Бибі, Бабака хатун,Ахмет  Иассауи  кесене  сарайлары  мен Маңғыстау,  Шығыс  Қазақстан, Қапшағай,  Таңбалы  тастағы, т.б.таулардағы  тасқа  бейнеленген  суреттер. Бұл  бейнелер  өзінің көлемімен,өте  шебер,әдемі  салынуымен  көзге  түседі,стильденген  түрде бейнеленуімен  ерекше. Бұл  ертедегі  адамдардың  айналадағы  құбылыстарды  дәл  көре білуінің  және  жан-жануардың  қимыл-  әрекетін,  сыртқы  пішінін  зейін  қоя  зерттеуінің  нәтижесі.  Бейнелеушінің  шеберлігі  соншалық, кейбір жануар-лардың  мінез-  құлқын көрсететін  дене  мүшелерін  салмай-ақ (көз, ауыз, құлақ, мұрын, т.б.)  оның сыртқы пішінімен хайуанның  көңіл-күйін  жеткізе  білген. Белгілі  Америка  ғалымы,  эстетик- психолог, өнер  зерттеуші  Р. Археим  былай  дейді: «Ерте  дүние  адамының  шыншылдық пен  байқампаздық  қасиеті өркениеті  жоғары  елдердің  адамдарына  қарағанда  әлдеқайда күшті  дамыған».  Сондықтан  біз  ерте  дүние  өнерін  кездейсоқтықтан  туған  деп  қарамай  оған  көп  көңіл  бөліп,  тіпті  солардан  үйренуіміз  қажет. Өнердің  бастау  бұлағынан нәр  алып,  өз  бағытымызды дамытуға  болады.  Бейнелеу  өнері  бірнеше  өнер  саласының  өміріне  келуге  себепкер  болған  өнер  атасы.

Кейінгі  кезге  дейін  ғалымдар,  өнер  зерттеушілері  көшпелі  халықта ( Орта  Азия түрік  тайпаларында) мәдениет,  соның  ішінде қолтума бейнелеу  өнері  дамымаған  деген  сыңжар  пікір айтып  келген  еді,  енді соның  бәрі  шындыққа  жанаспайтыны  блгілі  болды.  Бертін  келе  халық  ислам  дінін  қабылдап,ол  күшіне  енген  кезде бейнелеу  өнері    дағдарысқа ұшырағаны  рас. Бірақ  адамдарға  жан-жануарларды  бейнелеуге  тыйым  салынғанымен,  өнердің  екінші  түрі-  стилизация – абстрактілі,  ою-өрнекпен  бейнелеу  дамыды.  Адамды ұшқан  құспен  аңдарды,  дала  мен тауды,  тіпті айнала құбылыстарын  оюға  айналдырып,  баяу  түстерімен  ғаламат  ертегі өнер  шығарды. Бар  сырын  ішіне   бүгіп, сиқырлы  күйге  көшкен  бұл  өнер  ғасырлар  бойы  халықтың  еңсесін  көтеріп, рухани  сергітіп, қуанышы , ішкі  толғанысын  ою-өрнек  арқылы  білдіріп  отырды.  Сондықтанда  бұл  өнерді  халық  қастерлейді,  әр  үйдің  төрінен  орын  алатын  ең  асыл  байлығы  болып есептеледі.  Өнерді,  оның қоғамдық-  тәрбиелік  мәнін  жан-  жақты  түсіну  үшін  әсемдік, әдемілік  заңдарын  жақсы  білу  шарт.  Халқымыздың  ою-өрнектері  бейнелеушінің  ой-  қиялын ұштайтын, қолын  жаттықтыратын  құрал  әдіс,  тамаша  мектеп.  Мектепте  әлі  күнге  дейін  бейнелеу  өнеріне жете  мән  берілмей  келеді.  Өйткені,  бағдарламаларда  оқулықтарда  бірінші  орында  бейнелеудің  техникалық  қолдану   әдістерін  басымырақ  айтып  көрсетеді.  Зерделеп  қарасақ,  бейнелеу  өнерімен  зауқы   бар  адамдар,  көркемөнер  факульттеттерінің   студеттері, оқушылар  айналысады. Ал  ою-өрнек  әсіресе  Орта Азияда, Қазақстанда   өркендеп,  екінің  бірі  оюшы  шебер  болды.  Сондықтан  да  ою-өрнектің  қарапайым  элементтерін  шығыстағы  бейнелеу  өнерінің  өзіндік  әліппесі  деп  қарауға  болады.  Бейнелеу  өнеріне  баулу  үшін ұлттық  ерекшеліктерімізді  ескеріп,  түстерді,реңдерді  талдай  отырып,оқушылардың  ішкі  сезімдері,  дүниені  жекелей  қабылдаулары  меңзеген  жолмен  жүр-гізген дұрыс.  Көре  білуді, яғни,  өнер шығармаларын  түсініп,  тебіреніспен  қабылдауды,  шығармаларға  баға  беруді  үйрету  қажет.  Соның  ішінде  бояудың  түс- реңдерімен  жұмыс істеу, жанрлар туралы  түсінік беру  қажет.

Өнерінің   бір  саласы  сұңғат ( живопись)  өнерінде  басты  шешім  реңдер  мен  түстердің  қатынасы  болғандықтан,  түр-түсті  зерттейтін  ғылым  бар  екендігін  оқушы  санасын  жеткізіп   отырған  дұрыс.

Қазақтың  өлең-жырларында,ұлттық  өнерінде  де  тамаша  суреттемелер,түстер мен  алуан реңктер   мол.  Сырмақ,  текемет,  алаша,  шым-ши ,аяққап, кілемше,құрақ  көрпе  және ұлттық  киімдерге  шеберлер  бояу түстерімен,  реңдермен  тіл  бітіре  білген.                                                                  Көк  түс-аспанның,кеңістіктің,қызыл-оттың,күннің,сары-дәулеттің,байлықтың,ақ-адалдықтың,  прарасаттылықтың,ақылдылықтың,қоңыр-жердің,  топырақтың, жасыл-жастардың, жастықтың  белгісі  ретінде  қаралған.  Мысалы,  Абайдың  мына  өлең  жолдарында (  «Масғұт»  поэмасы) назар  аударайық.

Барса  тамға  бір  гүл  тұр  солқылдаған,                            Ағын  жесең  ақылың  жаннан  асар,                                                                          Басында  үш  жеміс  бар  былқылдаған.                             Сарыны  алсаң,  дәулетің  судай  тасар.                                                                             Бірі-ақ ,  бірі-қызыл,  бірі-сары,                                             Егерде  қызыл  жеміс  алып  жесең,                                                                       Таңдап  ал, мен  берейін  бірін  саған.                                 Ұрғашыда  жан  болмас  сеннен  қашар.

« Бақыт » шығармасындағы  суретші  А.Айтбаевтың  ой  мен  идеясы  түстерді  жарасымдылығы  арқылы,  қарама- қарсы ашық  бояулар  арқылы  жеткізілген. Мұндағы  кейіпкерлер: қыз  бен  жігіт.  Жігіттің  бүкіл  денесін  жапқан  жасыл  киімі жастық  жалынды,  күш –қуатты,  бейсалдықты  танытса,  әйелдің  ақ  көйлегі  ана  бойындағы  тазалықты,  адалдықты,  үмітті,  болашақты  бейнелейді.  Кеудесіндегі  қызыл  бешпет  жарасымды  денесінің  сұлулығына  куә,  ұлттық  киім.  Қоңыр  сарғылт  түс  шексіз  кең  даланы  бейнелесе,  ақшыл  көк  таулар,  қою  көк  аспан  баянды  бақытқа  құштарлықты  оятады.

Қазіргі  уақытта  бастауыш  сыныптан  бастап  оқушыларды  түрлі  бояу  реңдерін  ажыратуға,  әдемі  де  жарасымды  түс  үйлесімін  білуге  үйрету  міндет.  Қандай  нәрседен  жасалғанын  білмей  тұрып  оны  түсіну  мүмкін  бе?  Кейде  затқа  танымдық  мақсатпен  қарай  білмеушіліктің  салдары  бейнелеу  өнері  сабақтарында  айқын   аңғарылады.  Оқушыны  байқай  және  қабылдай  білуге  үйрету  жолдарын    білу  болашақ  бейнелеу  өнері  мұғаліміне  өте  қажет.  Қабылау  мен  байқай  білу  жолдары  әр  түрлі.  Соған  қарамастан,  барлық  зерттеуушілер  қабылдау  жөнінде  мынадай  негізгі  жайларды  бір  ауыздан  мақұлдайды.                                                                   1.Баланы  қабылдауға  арнайы  үйретпесе,  олар,   көбінесе,  кішкене  кезіне  тән  қабылдаудың  біріктірушілік,  дәлсіздік,  синкретизм сияқты ерекшіліктерін  ұзақ  уақыт  сақтап  қалады.  Яғни,  балалардың  жасы  өсіп,  есейген  сайын қабылдау  шеңбері  кеңеймей  қалады.                              2.Бұл  үйрету  негізгі  екі  үрдісті  (  талдау  мен  жалпылау )  жетілдіруге  бағытталуы  қажет.  Талдаудық  бағыты  мен  жіктелуі  баланың  даму  дәрежесіне,  мұғалімнің  мақсатына,  оқытуға  таңдап  алған  мазмұнына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Бүтін  затты  дене  ретінде  бөліп  көрсетуі  мүмкін.  Талдау  затты  дәл  тануға  бағытталады.Яғни, қандай   ағаш  қандай  күйде  тұр  деген  сияқтыерекшелеу  тиіс.  Айталық  балаға  «ою-өрнек неден  тұрады?»  деген  сұрақ  беріп,одан  белгілі  бір үшбұрыштардан,  кішкене  шаршылардан,  жарты  шеңберлерден  тұрады  деген  жауап  алуға  болады.Бірақ  бұл  жеткіліксіз,  бала  ою-өрнектің құрамында үшбұрыштар-дың,  шаршылар  мен  жарты  шеңберлердің  бар  екендігін  айтумен  қатар,  олардың  қалайорналасқандығын,  әрқайсысының  қандай жағдайтұрғанын  және түрлері  мен  түстерін,  кеңістіктегі  бір-біріне  байланысуын  жете  байқауы  керек.  Кез  келген  талдау,  яғни,  бүтінді  бөліп  қарау  оны  бөлшектеу,  қайтадан  бүтінді  жалпылап,  тұтастырып қабылдай  білуге  әкелуге тиіс.                                                                                                                                                                                 3.Балалардың  жасы  неғұрлым  кіші  болса, талдауда  олардың  практикалық  ісі  соғұрлым  үлкен  рөл   атқарады.                                                                                                                                                            4. Қабылдауға  үйретуде  сөзді  кірістіру  тиімді.  Сөз,  біріншіден,  қабылданып  отырған  заттың  және  оның  бөлшектерінің  аталуын,  белгілерін,  бояуларын  білуге  қолданатын  құрал.  Сонымен  бірге  жаңа  зат   бұрын  белгілі бір  «обьектілер»қатарына  жатады.  Сөз  соны  білдіреді.Екіншіден,  сөз  затты  сипаттау  үшін керек.    Мұғалім  мен  оқушыларға заттың  құрылысын,  бөлшектерін,  белгілерін,  олардың  тұрған қалпы,  жеке  ерекшеліктерін  көрсетеді.

Бейнелеудегітүстер  үйлесімін  дұрыс  қабылдауға  дағдыландыру  үшін  күнделікті  тұрмыста  қолданатын  жай    заттардан  құралған  натюрмортсалғызудан  бастауорынды.  Әр  оқушының  бояу  таңдауы түсті өз  бетінше  қабылдауына  байланысты.Бірнеше  жұмыс  жиынтығын  жинап  алып, оқушылардың  бояу  таңдауы,  түсті өз   бетінше  зерделеп    қарасақ,  мынаны  байқауға  болады.  Бір  бейнелеуде  жылы  түс,  екінші  біреуінің  бейнелеуінде  суық  түс  басым,    үшіншісінде  қара  түс  басым  (  жасыл  түсті  паровозды  қара  түсті  трактор  ретінде  қабылдау).Бұл  оқушылардың  көңіл  — күйіне  байланысты  және  түстің  әсері  мен  мазмұны  жылы                       және   салқын  түстер  мен  айқындалатынын жете түсінбеуін көрсетеді. Олардың әрқайсысының түсті, бейнені қалай қабылдайтынына талдау жасағанда үш түрлі жағдайдың ықпалын байқаймыз.

  1. Жергілікті жағдай.
  2. Қоршаған орта.
  3. Баланы байқап қабылдауға арнайы үйретпегендік.

 

Балалардың  байқағыштық  мәдениетін   қалыптастыру  үшін  мұғалім оқып-  үйретілуге  тиісті обьектілерді   алдын-ала  жоспарлайды.  (Танымжорық,  көрме, халық  шаруашылығымен  танысу, т.б) .Оқушыларды  жатық  сөйлеуге, жанр  түрлерін  ажратуға  үйрету  эстетикалық,  этикалық  және   рухани  байлығын  жетілдіреді.

Адамда  әсемдікті  сезіну  қабілеттерін  қалай  оятуға  болады ?  Баланың  әсемдікті   түсіну  үшін  не  істеу  қажет ?  Бала  шығармашылыққа  қабілетті  болып  өсуі  үшін  нендей  нәрселер  қажет?  Бұл    сұрақ   мемлекет,  қоғам  алдында  өз  азаматтарын  биік  деңгейдегі  мәдениетті,  рухани  бай   елдер  қатарында  көру  үшін  әрдайым  алдан   шығады.  Оқушыларды  әсемдікке  қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін  арттыруда,  эстетикалық  талғамын  жетілдіруге  негізгі  жауапкершілік  үлкендерге  жүктеледі.

Бейнелеу  өнерін  оқытуда  теориялық  білім  беру  әр  жанрмен  терең  таныстыру,  нақтылы бейнелеуге  жаттықтыру  ісімен  тығыз  байланыста  жүргізіледі.  Сабақ  барысында  әр  алуан  әдіс-  тәсілдерді  кеңінен  пайдаланған  жөн.  Қажетті  жағдайда  мұражайлар  мен   көркемөнер  галереяларына  экскурсия  жасау  да  пайдалы  болмақ.  Бейнелеу  өнерінде  қолданылатын  термин  сөздерді  өз  кезегінде  түсіндіріп  отыру  қажет. Графикалық  тәсілдерін бірнеше  түрін меңгеруге,көркемдік  мүсіндеуге  және әр  түрлі  табиғи материалдарды  қолдануға  ықпал  жасалып,осымен  қатар әр  алуан  материалдардың  пайдаланудың  үлгілері  көрсетіледі.  Әр  сабақ  қуаныш  пен  шаттыққа, эстетикалық   ләззатқа  толы,  қызықты  да  әсерлі  болуға  тиіс.   Ұстаз  әрдайым  шәкіртті  ынталандырып  отыруы  үшін  шығармашылық  ізденісте  болуы  қажет.  Әр  мұғалім  оқушыларға  тек  өз  мамандығы  төңірегінде  ғана  мағлұмат  бермей,ұлттық  өнерімізбен,  мәдениетімізбен,  көркем  әдебиетпен  байланыстыып,  ғылыми – көпшілік  және  бейнелеу  өнері  журналдарын   ұдайы  пайдаланғаны  дұрыс.

 

 

Ы.Алтынсарин орта мектебінің мұғалімі

Қанжан Айжан.