Оқушының қабылдаушылық іс — әрекеттерін қабілеттерін арттыру жолдары.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Оқушының қабылдаушылық іс — әрекеттерін қабілеттерін арттыру жолдары.
ә) Дамыта оқыту технологиясы оқушы білімін арттыруда көмекші құрал.
ІІІ. Қорытынды
Дамыта оқыту технологиясын информатика пәнін оқытуда тиімді пайдалану
Кіріспе
«Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет — оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
Оқушының қабылдаушылық іс — әрекеттерін қабілеттерін арттыру жолдары.
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі — жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі — жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып отырған тест жүйесін алып, «Информатика сабағында тест әдісі мен түрлерін қолдану» тақырыбында білім беріп келемін. Себебі тест түрінінің тиімділігі оқушы өз шамасының келгеніне дейін жауап беріп, нәтиже оңай шешіледі.
Дамыта оқыту технологиясы оқушы білімін арттыруда көмекші құрал.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру.
Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Ж.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей
Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей—
Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей .
Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей\
Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Дамыта оқыту технологиясы — оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл – ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді
.
Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда жоғарыдағы схема бойынша өтемін. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады, дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.
Сабақтың тақырыбы: «Паскаль – программалау тілі», «Паскаль тілінде программа дайындау жолдары» тараулары бойынша қорытындысабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, ой — өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Теориялық алған білімді практикаға ұштастыруды дамыту, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс істеуін дағдыландыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге және топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы
Сабақтың оқыту әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, слайд, деңгейлік тапсырмалар
Сабақ барысы:
- Қайталауға арналған сұрақтар.
- Практикалық жұмыстар.
І. Тапсырма: алгоритмдік тілде жазылған алгоритм бойынша программа құрыңдар.
№ | Алгоритм | Программасы |
1 | Алг есептеу Арг х Нәт у Басы y:= 0,5*х*х*х-4 Соңы | Программа мәтінін жазып толтырады |
2 | Алг есеп Арг х Нәт у Басы Егер x>0 онда y:= 5*х-4 бітті Соңы | Программа мәтінін жазып толтырады |
ІІ. Тапсырма: графикалық тілде жазылған алгоритм бойынша программа құрыңдар.
№ | Алгоритм | Программасы | ||||||
1 |
— +
| Программа мәтінін жазып толтырады | ||||||
2 |
| Программа мәтінін жазып толтырады |
ІІІ. Тапсырма:
If j>k then j:=k-2 else k:=k-2;
j, k айнымалыларының мәндерін табыңдар?
Айнымалылардың бастапқы мәндері | Нәтиже |
J = 3, k = 5 | |
J = 3, k = 3 | |
J = 3, k = 2 |
ІҮ. Тапсырма:
If a > b then
if b < 0 then c:=a else c:=b
else c:=0 ;
с—ның мәнің табыңдар?
Алғашқы мәндер | Нәтиже |
а = 5, b = 3 | |
а = 2, b = 1 |
Ү. Тапсырма: арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазындар.
ҮІ. Тапсырма: программа мәтініндегі қателерді анықтап, кестені толтырыңдар.
Қатесі бар программа | Қателері |
Program Esep; Var a,b,c:INTEGER; Begin Read (a,b,c) b:=c+1; S:=a+b+c; Write (‘s=’,s) End.
| Қатесіз жазылған программа мәтіні жазылады |
Program Perimetr; Var a,b,p:REAL Begin Read (a,b,p); p:=2*(a+b) Write (‘p=’,p) End; | Қатесіз жазылған программа мәтіні жазылады |
Program Audan; Var a,b,s:REAL; Begin; Read (a,b); s:=a*b; Write (‘s=’,s) End. | Қатесіз жазылған программа мәтіні жазылады |
ҮІІ. Тапсырма: операторлардың жазылуын бос ұяшықтарға жазыңдар.
- Берілген тапсырмалардың алгоритмін құрып, программасын жазыңдар (жылдамдыққа).
- Үшбұрыш табаны мен осы табанға түсірілген биіктік бойынша оның ауданын есептеу.
- Параллелограмның ауданын табу.
- 10 м/с2 үдеумен түскен доп салмағы 2 кг. Ауа кедергісін анықтау.
- Кез келген бүтін n үшін n! факториалды есептеу. (n!=1*2*3*….* n)
- Тест тапсырмаларына жауап беру.
- Егер y:=x+y және х=10, y=x болса, онда y-тың мәні неге тең?
А) 10 Б) 20* В) 60
- Егер х:=0, х:=х+1, х:=х*х болса, онда х-тың мәні неге тең?
А) 0 Б) 1* В) 2
- Паскаль тіліндегі логикалық айнымалылар типінің жазылуы.
А) char Б) boolean* В) real
- Паскаль тіліндегі символдық берілгендер типінің жазылуы.
А) char* Б) integer В) string
- Паскаль тіліндегі айнымалылар бөлімі
А) label Б) var* В) type
- byte типті айнымалылар қай аралыққа жатады?
А) [0;65535] Б) [-128;127] В)[0;255] *
- Егер m — нақты сан болса, онда m+1 өрнегінің мәні қандай болады?
А) real* Б) integer В) boolean
- 100 mod 10 өрнегінің мәні қандай типке жатады?
А) real Б) integer* В) byte
9.Егер y — бүтін сан болса, онда x:=1.2*y өрнегінің мәні айнымалылардың қандай типіне жатады?
А) real* Б) integer В) char
10.«Немесе» логикалық операциясының жазылуы.
А) or* Б) not В) and
11.«Және» логикалық операциясының жазылуы.
А) or Б) not В) and*
- 12. Параметрдің алғашқы, ақырғы мәндерін және қадам мәнін белгілейтін оператор.
А) for* Б) repeat В) while
- Программа бөлігіндегі m-нің мәнін анықтаңдар.
m:=0;
While m<3 do
m:=m+1;
А) 3* Б) 4 В) 2
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.
Өткен тақырыптар бойынша тест құру.
Қорытынды
Осылайша құрылған дамыту технологиясы бойынша білім беруде мынадай жетістіктерге жеттім:
-Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
-Оқушылардың білім сапасы артты
-Оқушылар компьютерде еркін жұмыс жасап үйренді.
Сонымен қатар дамыта оқыту технологиясының оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерінен артықшылығы:
-Сабақ процесінде оқушылардың өзара сөйлесуіне,пікір алмасуына жағдайлар жасалады, бұл оқушыларды ерікті және еркін түрде ойлауға жетелейді. Сыныптағы немесе топтағы оқушылар бір ғана ортақ тақырып төңірегінде ой бөліседі. Нашар оқитын оқушылардың өзі де өзін еркін сезініп, алға ұмтылыс жасайды.
Сыныпта үлгермеуші оқушы болмайды, сабақтың барлық кезеңдерінде қандайда бір танымдық іс-әрекеттермен шұғылданады, ойлауға мәжбүр болады.
Оқушыға сапалы білім беру үшін мұғалім өз білімі мен біліктілігін де шыңдай түседі.
Осылайша оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерін сабақ үрдісіне енгізу мұғалімді де оқушыны да үздіксіз ізденуге және ой еңбегіне дамуға жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану
- Электрондық оқулық 7 сынып
- информатика оқулығы. 7 сынып
- информатика 7 сынып дидактикалық материалдар.