Жобалау іс-әрекетінің оқушылар құзіреттілігін қалыптастырудағы ықпалы
Жобалау іс-әрекетінің оқушылар құзіреттілігін қалыптастырудағы ықпалы
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
1.Баланы оқи білуге үйрету.
2.Баланы ойлауға үйрету.
3.Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
- Жобалау технологиясы XIX ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы, Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі.
- Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
- Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
- Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
Жоба жұмысы кезендері
Жұмыстың мазмұны.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.
Оқушылардың іс-әрекеті.
- Дайындық кезеңі
- Жоба тақырыбын анықтау.
- Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады.
- Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді
- Әр оқушы өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды
- Жоспарлау.
- Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.
- Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобы бойынша күнделігін тексереді.
- Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.
- Зерттеу жұмысы.
- Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат,
- анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.
- Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.
- Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру.
- Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.
- Нәтижені талқылау.
- Ақпаратты талдау, шешім шығару,тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.
- Бақылайды, кеңес береді.
- Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады.
- Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видеотехниканы жабдықтайды.
- Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады.
- Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
- Жұмыстың тұсау кесері.
- Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.
- Алынған нәтиже туралы есеп береді.
- Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.
- Бағалау және жоспарлау.
- Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.
- Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.
- Бағалау және жоспарлау.
- Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.
- Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.
- Әр топ шешудің негізгі сатыларын басшылыққа алды. Олар:
- Ақпараттық – «не істеу керек?»;
- Жоспарлық – «бұған қалайша жетуге болады?»;
- Шешім қабылдау – «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»;
- Орындау – «жүзеге асыру»;
- Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»;
- Бағалау – «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?».
- №65 орта мектебінің оқушысы Қажыкәрім Айзаттың «7 әлде 13? Сандар құпиясына сенесіз бе?» тақырыптағы ғылыми жобасының қысқаша мазмұнынан мысал келтірейін.
Өте ерте замандардан бері және қазіргі біздің заманда да, көптеген адамдар математикалық сандардың ішінде “киелі” (бақытты) және “бақытсыз “ сандардың бар екеніне сенді және осы күнге дейін сеніп келеді.
Міне, осы сұрақтар мені толғандырып,сандар сырын, құпиясын тереңірек білуге жетеледі.
- Ғылыми жұмысымның мақсаты: Әр халықтың наным-сеніміндегі ерекше сандар туралы қалыптасқан пікірдің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу;
- әр түрлі діндегі халықтардың сандарға байланысты ұқсас көзқарастарын салыстырып, саралап, тұжырым жасау.
Ғылыми жұмысымның міндеті:
1.7 және 13 саны туралы толық ақпарат алу үшін әдебиеттерді іріктеп, танысу, осы сандардың әр халық ұғымындағы “ерекше” сырларын ашу .
2.Күнделікті өмірдегі 7 және 13 сандарына байланысты тұрмыстық оқиғаларға талдау жасау, саралау.
3.7және13сандарының “+” (жағымды) және “-”(жағымсыз) жақтарын анықтау.
- Жобаны дайындау барысында көптеген әдебиеттермен таныса отырып, өзім оқитын №65 орта мектеп оқушыларының оқу үлгерімдерін, көпшілік пікірін, қаламыздағы аурухана, Ішкі істер бөлімі, Өрттен қорғау бөлімі т.б. статистикалық деректерді талдап, саралай келе мен математикалық сандардың бірі бақытсыз, бірі бақытты немесе сандарда тылсым сыр бар және олар адамның тағдырына әсер етеді екен деген бірыңғай пікірді қабылдай алмадым.
- Сыныбымыздың өзге де оқушылары өз таңдаулары бойынша тақырыптар таңдап жұмыс жүргізді.Омашева Альбина “Бесік- тәрбие көзі”, Аргынбек Ақсұңқар “Қарағанды- құтты өлке”,Айтжан Аргуния “Астана- әсем қала”, Габдуллин Айболат “Аспан әлемі”, Сайлауов Әлішер “Динозаврлар” атты зерттеу жұмыстарын сыныптастары алдында қорғады.
- Қуантатыны оқушылардың оқуға ынтасы артты, белсенділігі, өз пікірін ортаға салу, сыныптастарымен білгенін бөлісу сынды жақсы қасиеттер қалыптаса бастағаны.