Ойын сабағының маңызы.

Ойын сабағының маңызы.

 

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру.

Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол  тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.

Оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамыту. Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.  Ойын- ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс.Ойынға басшылық жасау дегеніміз- олардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі.

 

Сондай ойынның бірі: «Физикалық футбол»

 

Сынып екі топқа бөлінеді Әр команда өздеріне  командир /басшы/, 3- шабуылшы / нападающий/, 3 – қорғаушы /защита/, 3- жартылай қорғаныс/ полу защита/ және қақпашы сайлайды. Әр команда бір — біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар дайындайды.  Бірінші сұрақ шабуылшыға беріледі, егер жауап болмаса  жартылай қорғанысқа беріледі, егер ол да жауап бермесе қорғаушыға беріледі, ең соңында қақпашыға беріледі . Сұраққа жауап болмаса  ұпай яғни гол соғылды деп есептеледі. Осылай командалар алма кезек бір-біріне сұрақтар қояды.Сұраққа жауап аз берген команда  жеңілген болып саналады.

 

« Зачет сабағы».

 

Сынып оқушылары 5- топқа /экипажға/ бөлінеді. Әр экипаж өз командирлерін, штурмандарын сайлайды. Барлық топқа тапсырма, тақырыптар беріледі, бұл тапсырмалар топта /экипажда/ талқыланып, бір-біріне білгендерін түсіндіріп, тақырыпты талқыға салып, түсіндіріледі. Командир штурманнан зачет қабылдайды. Екеуі бірлесе отырып қалған экипж мүшелерінен алады. Барлық экипаж мүшелерінен алып болғаннан кейін экипаж командирі мұғалімге зачетқа дайындықтарын білдіреді.  Әр экипж командирі жетон алады. Жетондарда «Делегат», «Сенім», «Таңдау», « Барлығы», «Емтихан қабылдаушы» деп жазылған. Егер экипажға «Таңдау» жетоны түссе, топ ішінен  кім жауап беретінін мұғалім өзі таңдайды. Экипажға  «Делегат» түссе ,топ оқушылары өздері орталарынан  кім жауап беретінін таңдайды. Егер  «Сенім» жетоны түссе , онда мұғалім экипаж командиріне сенеді, зачетты сол экипаждың командирі алады.Экипажға «Барлығы» жетоны түссе, онда экиапж мүшелерінің барлығы мұғалімге зачет тапсырады. Ал «Емтихан қабылдаушы » жетоны түссе, онда экипаж  мүшелерінің  барлығы басқа экипажға зачет қабылдауға жіберіледі.

Әр экипаждың командирлері өз қарамағындағы экипаж мүшелеріне жауапты.

Оқушы білімін қорытындылауда бұл сабақтың берері көп. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ойын оқушылардың достық, жолдастық қарым-қатынасын орнықтырады, бір-біріне деген сенімін, түсінігін арттырады.

Оқытушы сабақта оқулықпен және дидактикалық материалдармен шектеліп қана қоймай әр түрлі ойын түрлерін дұрыс жолға қоя білсе, білім сапасы жоғары болары сөзсіз.