Ұстаз болу жүректің ұлылығы.
Ұстаз болу жүректің ұлылығы.
Мектептегі басты тұлға-ұстаз болғандықтан,ол мектептің жүрегі іспетті.Ұстаздық мамандықты таңдаған әрбір адам бұл қызметтің аса жауапкершілік пен аса сапалы білімді талап ететіндігін ұққаны жөн.Ұстаз еңбегі-үнемі жаңарып отыратын,дамып,өзгеріске ұшырап отыратын процесс.Яғни,
бұл кәсіпті таңдаған адам үнемі ізденіп,жаңалыққа құмартып,өз-өзін жетілдіріп,қоғам дамуынан кеш қалмай,қоғамдық істерге белсене араласып отыруы шарт.
Бұл ұстаздан ізденімпаздық пен қырағылықты талап етеді.
Ұстаз тұлғасы өзіне жүктелген тапсырманы орындау үшін нақты талаптарға сай келуі дұрыс.Ұстаз оқушының қалыптасып келе жатқан тұлғасын дамытуды,тәрбиелеуді,
оқытуды басшылыққа алады.Ол үшін ұстаз нені меңгеруі керек,өз бойында қандай қасиеттер мен қабілеттерді жинақтауы керек деген сауалға келетін болсақ-бойына терең білімдер қорын,талапкерлік,белсенділік,патриоттық қабілеттерді жинақтауы керек,сонымен қатар,қоғамымызда болып жатқан,әлемдегі болып жатқан ғылыми мәселелерден,жаңалықтардан хабарлар болып,өз ықпалын тигізе білуі маңызды болып табылады.Болашақ ұстаздар ертеңгі күннің туын көтеретін,еліміздің болашақ қызметкерлері ұрпақты тәрбиелеуде нендей жетістіктерге жетіп,мемлекеттің алдыңғы қатарлы елдерге көтерілуіне жеткізе алуына нендей қабілет,білімдер,технологиялар қажеттігін ашып,біліп алуымыз керек.Сонымен қатар балалардың іс-әрекеттеріне асығыс шешім қабылдамай,оны жан-жақты талқыға салып,саралап,таразыға салып,әрекет жасау қажеттігін баса айтады.Расында ұстаз болашағымызды,келешегімізді,мемлекетімізді басқаратын адамдарды дайындаушы қызметкер.Қоғамымыздың,мемле-
кетіміздің қандай дәрежеде болуы ұстаздың қалай еңбектенетініне байланысты екенін естен шығармаған жөн.
В.А.Сухомлинский педагогикалық мәдениетті ең алдымен ұстаздың өз мамандығын жетік меңгергендігінен тұратындығын айтқан жөн.Ең бастысы ұстаздың ғылымның
ең қиын сұрақтарына жауап бере алатындығы,ғылыми маңызы бар мәселе төңірегінде ой тұжырымдай алатындай дәрежеде болуы керектігін атаған.Қазіргі кездегі қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістерді,әлемдегі жаңалықтарды болашақ мамандар саралай алатындай,ақиқатына жетіп,өз пікірін,ойын ашып айта алатындай деңгейде болуы аса қажетті шарт екендігін айтып өткен.Мәселен,бірнеше ұстаздардың мінез-құлқын,жүріс-тұрысын,әдіс-тәсілдерін,т.б. белгілерін айта келе,ұстаздың балаға әсер ететіндей қабілеттері болуы керек.Оқушылар ұстазды сол қасиеті үшін сыйлап,еліктеуі тиіс.Ұстазға қойылған талап ең алдымен ғылыми білімдердің болуы.Тек дәл білімдер ғана ұстаздың ең күшті қаруы болады.Сонымен қатар,ол үшін ұстаз белсенділігімен талаптанғыштығы да аса маңызды.Яғни ұстаз ұжыммен бірлікте қызмет етіп отыруы керек.Яғни,болашақ бастауыш сынып ұстаздары ең алдымен өз саласын жетік білуі керек.Сонымен қатар ғылымда болып жатқан өзгерістердің барлығынан хабардар болып,сол үшін өздігінен ой тұжырымдап,өз үлесін қосуға талаптануы маңызды.Білім беру саласындағы басты тұлға-ұстаз.Ы.Алтынсарин «мектептің тынымсыз соққан жүрегі»деп ұстаздың алатын орнын өте керемет суреттеген.
Мұғалім еңбегінің ерекшілігі неде?
Мұғалім-өскелең ұрпақты саналы етіп тәрбиелеп,оны болашаққа бағыттаушы,байланыстырушы.Мұғалім ең қиын әрі аса жауапты қызметті атқарады.Қоғам мұғалімге ең жауапты тапсырма жүктейді.Ұстаз еңбегі үнемі жаңарып,шығармашылыққа бағытталып,тиімді болуы тиіс.Ұстаз бүгінге емес,болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері.Ол заман дамуынан артта қалмастан,өзін-өзі жан-жақты дамытып,ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын үнемі жетілдіріп отыруға талаптанады.Болашақ маман иелері алған білімдерін тек
жадында ғана сақтамай,сонымен қатар шығармашылық қызметке де әзір болуы керек.