Денсаулық сақтау әдісін қолдану және меңгеру. Сабақтарда денсаулық сақтау технологияларын қолдану жолдары.
Илимбаева А. Б.
Денсаулық сақтау әдісін қолдану және меңгеру.
Сабақтарда денсаулық сақтау технологияларын қолдану жолдары.
Кемелді келешек білімдінің қолында десек, ол үшін баланың денсаулығына мұқият болуымыз керек. Халықтың әлеуметтік тобының көпшілігін балалар құрайды. Баланың денінің сау болуы ата-ананың сондай-ақ ұстаздардың да ойын алаңдатады. Денсаулық деген не? Денсаулық 6 түрге бөлінеді (физикалық, психикалық және интелектуалдық, жеке денсаулық, эмоцияналды денсаулық, рухани, әлеуметтік)
- Физикалық денсаулық – ешқандай дене аурулары жоқ, шыныққан және жаттыққан дене.
- Психикалық және интелектуалдық денсаулық— ақыл-есінің толықтығы яғни білімді қабылдау және оны өзбетінше ой жүйесімен саралап қарау.
- Жеке денсаулық— адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, өмірге деген талпынысы бар.
- Эмоцияналды денсаулық-өз сезімдерін түсінетін, өзәне-өзі тоқтам, бақылау керек кезінде сезімін түсінікті деңгейде шығару.
- Рухани денсаулық –бұл адам өмірінің орталығы мораль, тәртіп және мейірімділік пен қайрымдылық, әдемілікті қабылдау этикасы.
- Әлеуметтік денсаулық-адамның материалды жағдайы, тұрмыстық өмірі.
Осындай қасиеттері бойынан табылған адамды ғана дені сау адам деп атауға да болады.
Бастауыш сынып оқушыларының денінің сау болып, психологиялық болсын физикалық тұрғыда дайын болып өсіуіне тағы бір себеп өздеріннің алатын білімдерінің тиімділігінде болмақ. Қазіргі таңдағы білімге қойылатын талаптарға қарай біз көбіне бала денсаулығына емес, өтілетін тақырыптарымыз бен берілетін тапсырмалар мөлшерін орындағанды ғана дұрыс көреміз. Базалық білім мазмұнын орындамас бұрын ондағы қойылатын талаптар бала денсаулығына қатты әсер етеді. Кезкелген пәнді алсаңызда өте күрделі материалдар. Әсіресе ана тілі яғни әдебиеттік оқу пәні бастауыш сынып үшін алынбайтын қамалмен тең. Ал бастауыш сыныпта тек сабақтың көп бөлігі ойын арқылы болуы қажет. Кезкелген сабақтарда сергіту сәттері және дамыту жаттығуларына байланысты ойын түрлері сабақтың әр кезендеріне сай қолданылуы шарт. Ана тілі сабақтарында көбіне тірек-сызбалар арқылы түсіндіруге болады. . Егер сол тірек-сызба арқылы мәтін ойын ашып айтса, онда баланың түсінгені деп білеміз.. Қазақ тілі сабақтарында да жаттығудың 1-2 жазғызып, қалған бөлігін ауызша талдау арқылы жасату керек. Не болмаса 7 сөйлемнен тұратын жаттығуды 3 қатарға 2 сөйлемнен ғана жазуға берілуі тиіс. Математика сабағында да 2 есеп келсе соның бірін 1 топ оқушылары ал, 2-ісін 2 топ оқушылары орындайды. Үйге берілетін тапсырма қиын болмауы тиіс. Себебі бала үйде тынығуы шарт яғни 1 тәліктің жарты бөлігін мектепте өткізген бала тәуліктің қалған бөлігінде демалып, тынығуы керек. Бастауыш сынып оқушыларына ереже жаттатуға болмайды. Себебі бала ойында тежелу жүреді. Ережені басқа жолмен қарастырып көрген тиімді. Қаншама ереже бала ойында сақтала бермейді. Ол үшін сызбалар беріліп отырса, бала есінде қатты сақталады.