«Алғашқы сатыда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жолдары»

 

 

«Алғашқы сатыда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жолдары»

 

Жас ұрпақты заман ағымына сай тәрбиелеп, оны ғылыми технология түрлерімен жасақтандырып,түрлі елдердің мәдениетінен,тарихынан сусындату үшін мұғалімде биік бастау болуы шарт.Мұғалімнің алдына келген ақ бүлдіршін үйретушінің қолтаңбасын өздерінде мәңгі қалдырады.

Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойылған мақсат — әлемдегі  қарым-қатынас,экономика, мәдениет т.б.салаларда маңызды орынды иеленіп тұрған ағылшын тілін оқушыларға жан-жақты түсіндіріп,ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету.

Алғашқы сатыда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда артикуляция механизмін және дауыс ырғағын игеру көзделеді.

Оқытудың басты мақсаты –тілді игеру болса, тілдік ырғақты дамыту олардың ауызекі тілде сөйлеу іскерлігі мен дағдысынан анық көрінетін болады.

Мыс: jump,swim,run,walk сөздерін таныстырғанда оқушыларға [w], [d], [ρ], [a]  дыбыстарын айтуды үйрету көзделеді.

Оқушылардың  дыбыстарды  анық  айтуын қалыптастыру  үшін қазақ тіліне ұқсас ағылшын дыбыстарының айтылу ерекшелігін үнемі назарда ұстудың маңызы зор.

Мыс:қазақ тілінің дыбыстарына ұқсас ағылшынша [m,b,s,z,g,ŋ,æ] дыбыстары арнайы үйретуді  қажет етпейді.

Ал,дыбысталу қасиетінде айтарлықтай айырмашылығы бар   [ t,r,d,i,e,p,k,n,ʃ ] дыбыстарының айтылу ережесін балаларға  түсінікті түрде жеткізіп, ағылшындар секілді қалай оқуға болатындығына қызықтыра білген жөн. Сонымен бірге ана тілінде кездеспейтін [w,h,θ,ә,] дыбыстарын үйрету сөйлеу мүшелерінің қызметін толық түсіндіруді талап етеді.

Бүлдіршіндердің есту, артикуляциялы сөйлеу дағдысын дамыту дыбыстық жаттығу, фонетикалық ойын сәттерін жиі өткізу өз кезегінде оң нәтижесін береді. Мұндай сәттерде көмекке үнемі көңілді «Тіл мырза» келеді.  (Mr Tongue алғашқы сабақта-ақ  оқушылармен таныстырылады)

Мұғалім: -Микки маған ғажап нәрсе айтты.Біздің ұртымызда кішкентай тіл өмір сүреді екен. Оның аты- mr Tongue. Ұртымыз –оның жайлы үй болса,тісіміз-шағын дуалы екен.Mr Tongue таңертең ұйқыдан тұрып,терезеге қарайды да табиғатқа масаттанады екен:  [ ↄ:-ↄ:-ↄ:-ↄ: ].  (Балалар қайталайды.Тілдің ұшын үстіңгі тіске болар болмас тигізу).Өте жақсы.  Содан кейін ол қоңырау шалып, көршілерін шақырады:   [ niŋ-niŋ-niŋ ].

Көршілері келгенде mr Tongue амандасады:  [gud  mↄ:niŋ].

Әрі қарай оқушылар сәлемдесуді үйренеді.

Жалпы ағылшын дыбыстарын үйретуде фонетикалық қиындықтар кездесіп отырады.Олар сөйлемде сөздер арасында,сөзде дыбыстар арасында айқын шекараның болмауымен байланысты.Әсіресе сөздің жазылуы мен айтылуында үлкен өзгешелік бар.

Бүлдіршіннің аталмыш тілде сөйлеу шеберлігін нығайту жұмысында мұғалім алғашқы сабақтарда-ақ олардың дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуын назарда ұстаған жөн. Сонда ғана алға қойылған мақсат нәтижелі болады.

Дыбыстауды үйрету жаттығулар жүйесі төмендегіні қамтиды:

А)Тілдік қарым-қатынас арқылы оларды сөз бен дыбысты түсініп сөйлеуге үйрету;

Ә)Баланың фонетикалық есту қабілетін дамыту.

Дыбыстауды үйретуде саналы түрде еліктеу және жаттанды еліктеу құбылысы байқалады.

    Жаттанды еліктеу-мұғалімнің артынан қайталап, жаттап алу негізінде игеру болса,саналы түрде еліктеу дыбысталу ережесімен бірге түсініп игеруді құптайды.

Дыбысталу ережесін саналы түрде игеру әсіресе,айтылуы ұқсас қазақ,ағылшын дыбыстарын айыра отырып, үйренуде өте маңызды.

А) Мұғалім: Бүгінгі орындайтын жаттығуымызға mr Tongue  көмекке келді. Балалар,күшік қалай ырылдайтын еді? Ал, mr Tongue-ның кішкентай күшігі басқаша ырылдайды екен, яғни оның тілінің ұшы таңдайға барып тіреледі екен: [r-r-r-r].

ә) Мұғалім: Mr Tongue зообаққа барып,аңдардың қалай тамақтанғанын көріп келді.Тойып алған аңдар бір-бірлеп рахмет айта бастады: [ↄ:-sↄ:-sↄ:sidᴣ ], маймылдар[w-w-swi-swits],  пілдер [ei-pↄ-pↄ-teitouz- pↄteitouz], тотықұстар [ æ-æ-æpl-æpl ].

Б) Мұғалім:mr Tongue шайы мен кофесін үрлеп,суытып ішеді екен[w-wↄ-wↄtә], кофесі       [ ↄ:-ↄ:-kↄ:-kↄ:fi:] шайы тіптен басқаша  [ti:-ti:-ti:]. Сүйікті күшігі шөлдегенде mr Tongue оған су береді,күшігі жай ғана рахмет айтып,еркелейді [r-r-dri-drink].

           The артиклін таныстыру кезінде мұғалім баланың  [  ᶞ  ], [ z ]  дыбыстарын айыра дыбыстауына көңіл бөлу керек.

Мұғалім:  mr Tongue-ның үйінің терезесіне бір топ масалар келіп,ызыңдай берген соң [z-z-z] ол терезесін жауып тастайды.Кейде оған таныс досы-баларасы келіп,ол былайша ызыңдайды.[ ᶞ-ᶞ-ᶞ ] . (Тілдің ұшын тістің арасына қойып дыбыстау). Ондай жағдайда

mr Tongue  терезесін ашып,ара әкелген балды алады. Ендеше,тыңдайық,кім келді екен? Ара келсе ызыңдаймыз,енді маса секілді ызыңдайық.

Сонымен біз өзімізге таныс аңдар туралы айтқанда «the» сөзінде араның ызыңы секілді [ᶞ] дыбысы бар екен.

Сонымен қатар ағылшын тілінің ырғақтылығы, әуенділігі, ұзақтылығы ,қысқалығы, ашық-жабық қасиеттерінің болуы  оқушыларға қиындық тудырады. Сол себептен бекіту,қайталау сабақтарында фонетикалық  қиындықтарды шешуге арналған мына жаттығуларды пайдаланған тиімді.

Мұғалім: Микки Маус айтады,әдетте оның есігін қаққанда ол мынаны естиді: [tuk-tuk-tuk]. Микки ,әрине, қонақтардың келгенін жақсы көреді және  eat,telephone,tiger сөздерінде кездесетін [t] дыбысын есту оған ұнайды.Сендерге ұнай ма? Ендеше, [t] дыбысы бар сөздерді естігенде қолымызды шапалақтаймыз: sandwich,orange,TV-set,juice,book,tomato,…

Әрине,тілдің фонетикалық ерекшеліктерін үйретудің түп негізі-ағылшынша әртүрлі рифмовкалар мен өлең-тақпақтарды жиі айтқыза білуде:

 

One, one, one

Please, rabbit run

Two, two, two

Cat run too!

Three, three, three

Tigers run to me.

 

Сәбидің өз ана тілін алғаш ауызша үйренуі секілді  шет тілін  оқыту мен үйретуде  мұғалім табиғилықты сақтағаны абзал. Естіп,сөйлеп,оқыған соң жазып үйренген баланың есінде тілдік материалдар ұзақ сақталады.Сабақтың жеңіл,ықшам,әрі қызықты өтуі оқушылардың материалды толық игеруін қамтамасыз етеді.