Информатика пәнін оқытудың тиімділігі.

 Информатика  пәнін оқытудың тиімділігі.

        Елбасы жолдауы- «маңызды құжат», болашағымыздан айқын бағдары анық та мақсатты жарқын жоспары, өзіміздің балаларымыздың бақытты өмірінің бағдарламасы болып табылады.

Білім саласының қызметкері болғандықтан биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық  жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»  жолдауын оқып талдай отырып, 7-бағытында «Қазақстанда адами  капиталдың сапалы өсуі, -бұл алдымен білім беру мен денсаулық сақтау,

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор; біріншіден оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» -деп атап көрсеткендей ұстаздар қауымына заман ағымына сай ізденіп, күнделікті жұмысымызда көне мен жаңаны біріктіре пайдаланып,  балаға жетік, терең білім беру жауапкершілігін міндеттейді.

«Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс,

ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек»

Д.Пойа

Біздің тауарымыз әрине –білім. Жемісті еңбегіміз бен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана нақты жаңару жолына шыға аламыз.

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Қазіргі кезде информатика ең қасиетті және ең маңызды ғылым болып отыр. Себебі, оның нәтижелері қолданылатын адамның зерделі жұмысының ерекше салаларының бірі болып саналады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Информатика-оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән болып табылады.

Сондықтан информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап,  жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін  әртүрлі деңгейдегі тапсырма, кәртішкелері мен үйрету, кәртішкелерінің көлемді базасы болу керек. Осы  кәртішкелік базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі бақылауын арттырып, практикалық жұмыстардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың білімі сапасын жетілдірудің негізі деуге болады.

Компьютерлік программа арқылы әртүрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кезкелген адамның құқығы бар. Бәрімізге белгілі пәнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны түсінікті, сондықтан оқушылардың көңіл күйінің сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғары деңгейде  көрінуі ұстаздарға жүктелетін міндет.

Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге  деген қызығушылығы басым. Сабаққа алғашқы келген күннен бастап, компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологиялардың меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді. Сондықтан мен өз пәнімді барынша жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып өткенді ұнатамын. Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес, сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға  болады.

Қорыта келгенде информатика сабағында компьютердің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілетін дамыту және арттыру.

Ұстаз міндеті оқушының қызығушылығын дамыту арқылы, тұлғаны жан-жақты, білімді, өнерлі, өз «мені» бар, өз Отанын қорғауға дайын азамат етіп оқытып тәрбиелеу.

Елбасының «Біз бүгін бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз, біздің  міндетіміз-айқын алған бағытымыз дұрыс. Ендеше Тәуелсіз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгілік болсын!»-деп атап көрсеткеніндей білім кеңістігінде, әріптестерімді озық үлгідегі компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау, оқу үрдісіне енгізуге, информатикада оқытудың инновациялық әдістері, құралдары, технологияларын бірлесе  талдап қолдануға шақырамын.