«Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық – педагогикалық қолдауды ұйымдастыру»

 

 

«Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық – педагогикалық қолдауды ұйымдастыру»

 

«Бастауыш-білім негізі» деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі  болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.

Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашақта жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бастауыш сатыға білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісінің жаңаша ұйымдастыру-сапалы білім беру, оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіруді қамтамасыз ету, анық философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді.

Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы жағдаяттарын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап бағалауға мүмкіндік береді.

Оқушының психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқтасақ.

Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы \сүйектенуі\ 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе бір нәрсені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі  жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады \ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады\. Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болса да, қан айналыс жүйесінің жұмысынан онан әрі жақсартады. Мұның себебі қан айналыс тетіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы \7 жастан 11 жасқа дейін\ 1000 гр-нан 1400г. дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.

Кіші оқушылардың оқу әрекетіне келелік. Оқуда өзінше әрекеттің  бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алуымен шектелмейді. Осыған ептілік пен дағдылану керек.

Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден   қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды.

Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану, кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады.Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сәл нәрсе қызық болмаса да жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі рөл атқаруы тиіс.

Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.

Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі: біріншіден,берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.

Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және пробемалық мәселелерді орындай  білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық,дүниетану, математикалық т.б. есептер шығару жұмысы жатады.

Әдетте, оқу өзінше бала үшін  әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: біріншіден берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай \дұрыс, я, бұрыс\ орындалғанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады: 1\ тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан.

2\ тапсырманы орындаудан.

3\ орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен.

4\ баға қоюдан.

Тапсырманы орындау үшін оқушы алдын-ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес.

Балаға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені есіне түсіруді қажет екенін тексеру керек. Егер,тиісті мәліметтерді және не істеуді бала түгел білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын болады.

 

Ал оқу әрекетінің тексеру кезеңіне келсек, осыған мән берудің үлкен маңызы бар. Күнделікте, кейбір балалардың нашар оқуының себебі тапсырманы орындап біттім деген соң, соның нәтижесін тексермей, сабаққа бірден келуінен мұндай сәтсіздік оқушының кішкентай жасынан бастап осыған мән бермеуінен \оқушының жалқаулығынан\ кездеседі. Ал мұнымен күресті тапсырманы орындаған соң, соның қиыншылықты дұрыс екенін оны тексере білуге үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқитын болар еді. Себебі бала тапсырманы қате орындағанын үйде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған болар еді.

Кіші оқушылардың ойынына көшелік. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының бұрынғысынан өзгеріліп көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. әрине, осы жастағының ойыны бұрынғысындай бәлендей маманның \машинистің, дәрігердің, малшының т.б.\рөлін ойнайды. Бірақ осы ойынының бұрынғысынан өзгешілігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен Бәленше боламын» демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады, 1 және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-сыныпта бала: «Мен ұшқыш болам»,»Маған сондай рөл ұнайды» деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 сыныпта рөл  ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті айлакер болуы үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезі-бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну

 

 

керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзін тәрбиелеудің құралына айналып отыр.

Рөлдік ойындармен да кіші оқушы 2-3 сыныпта айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткелігін, дене мүшелерінің \қолының,аяғының\ ептілігін дамытады. Футбол ойнау, егер қозғалу ойынның түріне жатса, соның өзі, екіншіден, рөлдік ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашының рөлін бала атқарып допты торға тигізбеуге әрекет жасағанда, ол рөлдік қызметті атқарып отыр. Мұның солай екені мынадан: кіші оқушы қақпашының рөлін ойнағанда оның үстіндегі киімі, кескіні нағыз қақпашыға еліктейді: қолына қақпашыныкіндей қолғап киеді \басында қорғаныс шлемы бар т.б\, допты торға тигізу үшін керек деген жағдайда, оның үстіне құлайды т.с.с. Осыған қарағанда бала футбол ойнап отырған жоқ, футболшының атқаратын қызметін қайталап отыр. Осындай ойын үстінде баланың күші, ептілігі қалыптасады. Осымен қатар оның ерік-жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі құрбыларымен достық қасиетін ұлғайтуға жәрдем береді. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардың психикалық дамуында ереше орын алады.

Оқушылардың таным процестеріне талдау беруге көшелік. Кіші оқушылардың негізгі таным процестері \қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Соған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан басталық.

7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағанда недәуір қалыптасып қалаған \көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі т.б. жақсы дамыған\. Бірақ әлі де болса қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф,п немесе б,в, фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады. Дидактикалық материалдарды қолданып жаттығуларды орындау,ойындар ұйымдастыру арқылы жаттықтыруға болады.

Баланы қабылдай алуға үйретуде мұғалім негізгі рөл атқарады. Мұғалім бәлендей нәрсені сабақта балаларға көрсеткенде, сол нәрсенің нендей қасиеттеріне мән беруді айтып, қандай нәрсеге назар аударуды ескертіп отырады. Егер қабылдау кезінде ойланып, ненің негізгі, ненің екінші дәрежедегі қасиет екенін ажырататын болады. Баланың қабылдауында, мысалы, сәнді қабылдау \тыңдау\ мен нақты затты қабылдаудың арасында недәуір айырмашылық бар: нақты затты қабылдау бірінші сигнал жүйесіне әсер етеді де, сөзді қабылдау екінші сигнал жүйесінің қызметі болып есептеленеді. Дамудың бұл түрі баланың әр түрлі обьектілерді қабылдай алуына жағдай туғызады. Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші оқушының қабылдауындағы жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталынады.

Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамыған. Зейін, әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейінінен басым келеді.

Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінен мұғалім мүмкінлігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Осы бөтен болғанымен, сабақтың барлық жағын қызықтырамын деп баланы осыған әдеттендірсе, оның ерікті зейінін қалыптастыруға кедергі жасайды.

Егер мақсат жаттау болса, осыны қандай тәсіл қолданып-бөлшектерге бөліп, не тұтас жаттауда көбінесе білмейді. Ал мақсат тапсырманы өз сөзімен айтып беру болса, оның қалай орындаудың жолын білмей қиналады. Себебі өз сөзімен айтып беру дегенде, соны қысқартып не бәрін қалдырмай айтып беру керек екені бала үшін түсініксіз келеді. Сонымен қатар осы екі жағдайдың  екеуінде де мәтінді қандай тәсілмен қолданып, жаттау, не есте қалдыруды білу керек.  Оқушылардың психикалық әрекеттеріне басшылық жасай білу үшін төмендегідей ойындарды ұйымдастыруға болады.

 

Сынып ұжымының психологиялық диагностикасы

Оқушыларды мінездемесіне байланысты топтарға жинақтау керек, осы жағдайда топ денгейлігі тоқтамай жылжып,жемісті еңбек нәтижесін берді. Оқушылар  алдарындағы қағазға оз қабілетін, қасиеттерін «+»және «-» таңбасымен белгілеп отырады.

Ең көп «+»-мен немесе «-» керсінше жинақтап, мінездемесін алуға болады.

Ұжым қызметіне мінездеме (мектептік нұсқа)

Солтүстік (өжет сарбаз)

1.Сенімді,мінезді.

2.Басқаларды басқаруға жетекшілік етуді ұнатады.

3.Тез сезінеді, табанды шешім қбылдауға итермелейді.

4.Күрделі сұрақтарды шешуді жақсы көреді

5.Қорғанысқа тез шығып, дауласып, өз үстемдігін дәлелдей алады.

6.Шыдамсыз, жедел шара қолдануды қажет етеді.

7.Арманының орындалуын және оның мұң-мүддесін қолдап, сыйлап, өзіне бағынғанын қалайды.

8.Өз мақсатына жету үшін басқалардан «аттап» өтеді.

 

Оңтүстік (адамгершілігі жоғары, ашық адам)

1.Әркімге бір сенгіш, ашық және қорғансыз.

2.Басқа адамдарды және олардың ойын бағалайды.

3.Қоғамдық және жеке бос мәселелерінде өнегелі.

4.Әсершіл, сезімтал.

5.«Жоқ» деп айта алмайды, адамдар тілектеріне тойтарыс береді.

6.Мәселелерді жасырып, бар кемшіліктерді мойнына алады.

7.Адамға түңілгіш, адамгершілік қасиеттен бұрын іскерлік қарым-қатынасты бағалайды.

8.Арада қарым-қатынасты ашық шешу кезінде екілінеді (ашуланады).

 

Батыс(танымдылыққа ұмтылушы)

  1. «Иә» және «жоқ» деп салмақтауды ұнатады.

2.Бәрін сараптайды, ойша салыстырады.

3.Жұмысты орындағанда, басқалардың көзқарасымен практик ретінде көріеді.

4.Адамдардың жан-сезімін түсінгіш, ілтипатты.

5.Қырсығып, өз айтқанында тұрады.

6.Табандылық көрсете алмайды.

7.Екінші дәрежелі жұмыстарды істеп, керек емес мағұлмат жинауы мүмкін.

8.Тәжірбие жасауды ұнатады.

 

Шығыс (шығармашылықты ұнатады, ойлаптапқыш, жандандырғыш)

1.Үлкен қиялшыл адам, кез келген мән-жағдайды картина сияқты көреді.

2.Идея беруді ұнатады.

3.Өз өміріндегі орнын, алдына қойған мақсатын біледі.

4.Жеңіл жаралғанғыш.

5.Өз жауапкершілігіне көп істі алып, уақыт жетпеуіне байланысты аяқтамауы мүмкін.

6.Кез келген істі энтузиазммен алады, бірақ бастаған істі орта жолда қалады.

7.Болашағы туралы көп ойлайды.

8.Өнерге деген қызығушылығы бар.

 

 

 

Қызықты ойындар

1.Айна – жұппен ойнау. Осы сәтте жүргізуші – ойынсеріктің еркімен, оның жасаған қозғалыстарын қайталау қажет. Ауызша емес дағдылар дамиды.

2.Соқыр және жетекшісі. Жетекші соқырды жолдан өтуді сөйлесіп келе жатып, түсіндіреді, көрсетеді.

3.Қол арқылы сөйлесу.  Ойынға қатысушылар қос-қостан көзі байланып, бір-біріне қарама-қарсы отырады. Ойынсеріктер бірін-бірі білмейтіндей етіп отырғызамыз. Қолдары арқылы сәлемдеседі, ренжіседі, ұрсысады, татуласады, қоштасады. Осыдан кейін байлаған танғыш шешіліп, ойынсеріктері өздері алған әсерлерімен бөліседі.

4.Ойлап тап, ол кім? – “Егер бұл адам,үй, сурет, ауа райы, гүл, жол көлігінің бір түрі болса  — ол кім және қандай болар еді?” деген жүргізуші сұрақтарына ойын қатысушылар өздерінің теңеулерін ұсынады. Есік артында тұрған бала бұл адамды табу керек.

5.Жаңылыс – бір-бірімен қол ұстасқан ойынға қатысушылар бір-бірімен шырмаласады. Жүргізуші байланған түйінді шешеді.

6.Космос аппараттарының  тоғысуы. Ойын 4 адамнан тұратын топпен өтеді. Ойынға қатысушының екеуі тізе түйістіріп отырады да, көздерін жұмады. Оң қолдарының сұқ саусақтары – космос станциялары,осы отырғандардың артына тұрады да, олардың иығынан қысып, босатып, дабыл қағылғанда қолының қозғалысын меңгереді. Отырғандардын мақсаты – ойын серіктерінің саусақтарын түйістіру.

— Нұсқа – ракетадан нысанаға ату, нысана – ойынсеріктерінің алақаны.

— Робот нұсқасы – жүргізуші оператордың ”робот” деген команда бергенде, жерден сіріңке шилерін жинайды. “Робот” өте дәл қозғалады және мүлтіксіз орындайды. Жүргізуші операторлар барынша көп іс-әрекетті меңгерсе, ойын ойдағыдай өтеді.

 

7.Кеден – елге рұқсат берілмеген тауар әкелетін екі бұқпа саудагердің ішінен біреуін табу керек. Шетелден келген қонақтар кеденшілердің көңілін басқа жаққа аудару үшін аңыз айтады.

8.Кім қалай апарады?  —  Топқа алатын адамға мінездеме нақты жағдайлар туралы мысал: «Көлікте келе жатқанда, біреу аяғын басып кетті…», ’’Оның анасы ауырып қалды…’’, “Оны бастыққа шақырды…”, т.с.с.

 

Ата-анадармен танысу үшін сауалнама

  1. Қымбатты ата –аналар, сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймын. Бұл ата-аналар ұжымымен және сіздердің балаларыңызбен келешектегі бірлесіп істейтін жұмысымызға көмек болады.

1.Оқушының аты жөні ________________________________________________________

2.Бос уақытында қандай жұмыспен айналысады  (үйірмелер, әуестілігін атау керек)________________________________________________________________________

3.Денсаулық жағдайы (неге көңіл аудару керек)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Баланы не мазалайды (психологиялық мәселелер) ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Сіз мұғалім білу қажет деп есептейтін керекті мәліметтер____________________________________________________________________

2.Екі топтың жұмысының қайсысына қатысқыңыз келетініне ниетіңізді білдіріңіз:

1.”Шығармашылық” – демалыс, жексенбі күндерінде өтілетін мәдени бағдарламалардың және мерекелердің қойылымының зертемелерін жасауға көмектесу___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

“Сынып қоры” – сынып шежіресін жасау, қаражатты бөлу, қаржылық қызмет_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. ”Біздің үй” – мерекелерге сыйлық алу, мектеп пен сыныптың тұрмыстық мәселелерін шешу_________________________________________________________________________Жауаптарыңызға рахмет!

Мұғалім___________________

 

 

                                           Сіздің балаңыз қабілетті ме?

Осы тест ата-аналарға балаларының қабілет зеректігін білуге көмектеседі.

Әр бала өзіне ғана тән қылықтарға ие. Осы қылықтар баланың жас кезінен біліне бастайды. Ол қылықты жаңа басталғаннан түсініп, біліп, ”жеті мөрдің” астында жатқада өкінбей, дұрыс тәрбие беру – әр ата-ананың борышы.

Сонымен, сұрақтар:

1.Сіздің балаңыз 6 жасқа жетпей оқуды ұйренді:

а-өз бетінше-7 ұпай;

б-біреудің көмегімен- 5 ұпай.

2.Көп оқиды, өте жылдам – 2 ұпай.

3Сөздіктермен және энциклопедиямен жұмысты өзі немесе біреудің көмегімен істейді.—2 ұпай

4.Оқуды тез үйренеді, бірақ оқығанда қиналады.- 1 ұпай.

5.Есікті жауып, сабағын оқиды, ал жолдастары өзінен үлкен  -2 ұпай.

6.Өзінен үлкендермен тепе-тең жағдайда сөйлеседі -2 ұпай

7.Өте көп біртума сұрақтар қояды, үлкендердің өздері жауап бере алмай, тұйыққа тіреледі- 2 ұпай

8.Өзінің жауабы тосын сұрақтарға да әрқашан дайын – 1 ұпай.

9.Кейде ұмытшақ болғанымен, таңқаларлық  тапқырлықпен кез келген нәрсенің қорытындысын айта алады ( айталық кинофильм, телехабар көргенде, біреуді бақылағанда т.с.с.  ) — 2 ұпай.

10.Айналаны қоршаған әлем туралы риза болып,әңгіме дүкен құрады, табиғат құбылыстарына өз бағасын бере алады -1 ұпай

11.Көп күш-жігерді керек етпейтін біркелкі күнделікті жәйттерге селқос қарайды -1 ұпай

12.Кез келген әділетсіздікке барынша сезімталдықпен қарайды – 2 ұпай.

13.Әзіл-оспаққа өте жақын -2 ұпай.

14.Пікір алысқанда оның сөздік қоры өте бай, әңгімелескенде әртүрлі терминдерді епті пайдаланып, айналасындағы адамдарды өзінің пайымдау деңгейімен таңқалдырады – 2 ұпай.

15.Күрделі ойындарды ұнатады (зеректікті қажет ететін ойындар: шахмат, т.с.с. )—2ұпай.

16.Мектепке баруға дайындалып жүр, бірақ жоғары сынып оқушыларының оқып-үйренетіне қызығады – 1 ұпай.

17.Түрлі іс-әрекетті жақсы көреді, бірақ әрқашан кез келген мәселені өзі дербес шешкенді ұнатады – 2 ұпай.

18.Оны бастапқы тұрмыс, адамның шығу тегі қызықтырады – 2 ұпай.

19.Мектепте өз күшімен оқып жүр, жылдам ұғады, түсінеді, сонымен бірге көптеген сұрақтар бойынша өз ой-пікірі бар – 2 ұпай.

20.Оның музыкаға, қолданбалы өнерге,айналаны қоршаған ортаға деген қызығушылығы бар. Сезімталдықпен қарап, бәрінің үйлесімділігін қалайды – 2 ұпай.

 

Тестің қорытындысын шығару.    

Енді сіздердің оған қанша жинағандарыңызға байланысты жауапты соншалықты дәлдікпен қайтаруға тырысыңыздар.

Егер сіздер:

-1-13 ұпай – сіздің балаңыздың белгілі қаблеттілігі бар.

-14-одан да көп ұпай –балаңыз ерекше зерек, сізге балаңыздың оқуын, тәрбиесін ары қарай дамыту үшін не істеу керектігін ойлау керек.

 

Бастауыш сыныпта оқушыдардың оқу үлгерімін жетілдіру арқылы қоғамда өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын,үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, еліміздің болашағы үшін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға негіз қаланады.

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Тұрғымбаева Ж.М. « Кіші жастағы оқушының ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру» — Астана «Элит орталығы», 2004.
  2. Төлебаева Х.Т. « Кіші жастағы оқушының ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру» — Астана «Элит орталығы», 2004.
  3. Нұрбекова Г.Н. « Кіші жастағы оқушының ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру» — Астана «Элит орталығы», 2004.
  4. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.-Алматы «Рауан», 1992.
  5. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003
  6. Омарова Р.С. и др. Организация воспитательной работы на начальной ступени 12-летней школы. Методическая рекомендация. – Астана, 2003.