Білім сапасын арттыруда электронды оқулықтың маңызы
Білім сапасын арттыруда электронды оқулықтың маңызы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» — деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсеткен. Әр бір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық – коммуникациялық, технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалану міндетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. Оқу үрдісінде мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлік техниканы пайдаланудың локальды және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде элкетронды кітапхана, элктронды басылымдар, элкетронды оқулықтар.
Қазіргі таңда кез-келген мектепте электронды оқулықтар пайдалану кең үрдіс алып келеді. Білім берудің кез келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі ақпаратандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электронды оқулықтың ең тиімді тұсы – баланың қызығушылығын оята отырып, білім алуға бар ынта-ықыласымен баулуы. Бір ескере кетерлігі, дәстүрлі білім беру жүйесінде оқулықтар тізбектеле жазылып, мейлі түрлі-түсті суреттері болсын, мейлі қызықты тапсырмалар болсын барлығы – тек жазбаша. Ал электронды оқулықтар – дыбыс құралы. Ол – мультимедиалы, яғни графика, мәтін, дыбыс және бейнеқұралдары біріктірілген. Ол – интерактивті.
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесін жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды оқулықты пайдалану арқылы:
- Оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнекілігін арттырып, оқу материалын саналы егеруге жеткізеді;
- Оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді;
- Мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады;
Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеруі керек:
- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
- Электронды оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылатын әдебиеттер тізімдерін қамтуын.
Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
- Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
- түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
- оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
— бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
— ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
— өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
— ойларын дамытуға;
— тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
— сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
— өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері пайдаланылып жасалынған электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылар өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықпен пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарлатып, өздігінен, мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұхбат терезесі түріндегі пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітапты пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.
Жалпы электронды оқулықтар мен Web-парақтарды пайдалану үшін FrontPage, HTML және т.б программалары қолданылады. Бұл программалар электрондық оқулықтар мен Web-парақтағы мәліметке мәтін, графика, дыбыстық, бейнелік ақпарат түрлерін орналастыруға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде электронды оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдары молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалық білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарстыруға болады.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деген ойдамын.