«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісін дамыту».

Баяндама тақырыбы:

 

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісін дамыту».

«Сын тұрғысынан ойлау жобасының»ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отыр-ып,оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын.

Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес.Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым.Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап.екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үй-рету. Біздің елімізде «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл жоба қазақ тілінде мек-теп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:

1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып,кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т.б. әдістер жинақталған.Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-ен-жарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс—әрекет.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі,тобында тал-қылайды.Яғни,айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашыла-ды.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.

2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орын-дайды.Оның өзен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар.Оқушы оқу, тақы-рыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

3.Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі.Күнделікті сабақ барысында оқ-ушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айтып берулері тиіс.Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы – ойды қайта түй-іп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады.Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жете-лейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады.

Жоба 60-қа жуық әдістерден тұрады. Мысалы:

Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпқа деген жауапкершілігі артады. Яғни топ бірнеше топтарға бөлініп,1,2,3,4-кесанау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 жеке «жұмыс»тобын құрай-ды.Оқуға ұсынылатын тапсырманың тақырыбы талқыланған соң,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.4 логикалық бөлікке бөлінеді, мәтіннің 1-бөлігін 1-лер,2-бөлігін2 санын алғандар,3,4 топтарға оқуға тапсырма беріледі.

Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін,мәтінді тұтас түсінуәр оқушының талабына байланысты екенін түсіндіру қажет.Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек.Осылайша оқушылар бір-бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді.

Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы табыспен меңгерту,оқығанды есте сақтау үшін тиімдіоқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінудұрыс көзқарас береді.Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Сол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланыңалдына мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.Бұл жобаның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту»бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.