«Сындарлы оқыту тәжірибесі: іс-әрекеттегі зерттеулер мен нәтижелер»
Тақырыбы: «Сындарлы оқыту тәжірибесі: іс-әрекеттегі зерттеулер мен нәтижелер»
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы ондағы қоғам мүшелерінің білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуетімен тығыз байланысты .Қазіргі қоғамда адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, оның қолайсыз жағдайда әрекет ете білуі –қажетті дағдыларға айналды. Өйткені қоғам өзгермелі, өзгермелі қоғамның үрдістерін қабылдауға дайын, саналы таңдау жасауға дайын, өмір бойы өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйрету- білім саласының басты міндеттерінің бірі болды. Ал енді 12жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін білім сапасын қамтамасыз етудің негізі болып табылады.Жалпыұлттық деңгейдегі 12жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетт іжеке тұлғаны дайындау.
Еліміздің жаңа білім беру сипатына көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасау , жалпыға арналған білімнен әркімге өмір бойы үлгісіне көшу және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді мақсат етеді.
Артур Кларктың «Білу аз, оны қолдану қажет. Білемін деу аз, оны жасау қажет.» деген сөздері оқушының білімді алып қана қоймай , оны қолдана алу дағдысы болу қажеттілігін көрсетіп отыр. Олай болса қазіргі заман мұғалімінің тек теориялық жағынан ғана қаруланбай, оқушыға білімді өмірде қолдануын үйрете алатын қолдаушы, өз білімін жан-жақты жетілдіріп отыратын , үнемі ізденісте болатын , бастысы оқушыны ойлауға үйрететін тұлға болуы тиіс.Яғни , мұғалімнің теориялық және тәжірибелік білімдерінің өзара тығыз байланыста болуы –мұғалімнің кәсіби дамуының негізі болуы керек.
Мұғалім ең алдымен өз біліктілігін арттыру үшін күнделікті жаңарып, толығып жатқан әдістемелік саланы игеріп отыруы қажет болса, ол үшін түрлі педагогикалық технологияларды меңгеру мақсатында біліктілік арттыру курстарынан өту қажеттілігі туындап отыр. Егер осы уақытқа дейін мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтіп, ол білімін өз тәжірибесінде қолданбай , сертификатын тек аттестация кезеңінде ған көрсетіп отыратын, басшылық та мұғалімнің жүйелі жұмыс жасауын қадағаламайтын. Ал қазір алған білімімізді күнділікті пайдалану қажеттілігі оқушылар тарапынан туындап отырған сұраныстың бастысы болды.Тәжірибеде қазіргі оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыру арқылы ғана мектеп бағдарламасын меңгере алатынына көзіміз жетіп отыр.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Бірінші деңгей бағдарламасын бітіріп келгенде байқағаным- мұғалімдердің белгілі бір курстардан өту қажеттілігі пайда болғандығын түсіндім. Көпшілігі «Жазу мен оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» балаларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Караевтың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы деңгейлеп оқыту мақсатында , «Сындарлы оқыту теориясы » Бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыра отырып оқыту мақсатына жетуге бағытталған.
7 модуль әрбір оқушының пәнді жете түсінуін қалай ойластыруға болатынын , оқушының әлгері жылжу мақсатында кері байланыс орната алатын, сабақтың нәтижелі және табысты өтуін , оқушылардың өздері идея құра алатындай тереңдетіп сабақ беруді қамтамасыз етеді. Дегенмен, жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп , дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн.Мысалы өзім тіл маманы болғандықтан, дәптермен жұмыс, әсіресе каллиграфия , дұрыс жазуға машықтандыру тіл маманының басты міндеттерінің бірі.Әдетте , ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады , ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.
Жаңа әдіс-тәсілдер мұғалімдерге көптеген оқыту стратегияларын , түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктерін , сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігін көрсетеді. Басты назар оқытудың күтілетін нәтижесіне негізделеді.
Сабақ жоспарын құрғанда мұғалім жалпы мақсаттарды қойып, әрбір оқушының мүмкіндіктерін ескере бермейтін , ал енді кері байланыс арқылы келесі сабақтың негізі айқындалады. Онда күтілетін нәтижелерге басты назар аударылып, барлық оқушымен жұмыс жасауына мән беріледі. Оқыту нәтижелілігі мұғалім жұмысының жүйелі болуына байланысты. Жүйелі түрде жұмыс жасау үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Ол деген баланың күнделікті қызығушылығын негізге ала отырып, ілгері дамытуды
қамтамасыз ету дегенді білдіреді..Бұл көрсеткіштердің барлығы мектеп мұғалімі:
*жүйелі жұмыс жасаса
*өмірмен байланыстарды негізге алса
*өз і-әрекетін зерттеуі дұрыс деңгейде қалыптастырса
*ізденісте болса
*әр баланың алға жылжуына жағдайлар жасаса
ғана өз нәтижесін береді.
Шульман мұғалімде аталған үш қасиеттің болуы оқытуды табысты етеді деп санайды. Олар: бас-мұғалімде жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген , жеткілікті білімнің болуы, қол-ілім көрсету , таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық , тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерді білуі, жүрек –мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстануы болып табылады. Жаңа әдіс –тәсілдердің негізінде мұғалімнің нақты жұмыс бағдары, ол мақсатқа жету үшін не әрекет ете алатынын білетін, жұмысын жетілдіру үшін ары қарай не істеу керектігін білетін және оны жасай алатын мұғалім дағдылары жатыр. Бұл дағдылар-мұғалімнің нәтижелі жұмыс жасауын және өзін өзі дамытуын қамтамасыз ете алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген мұғалім өз білімін рефлексиялық дағдылар арқылы өз бетінше жетілдіріп отырады . Рефлексиялық дағдылар –өз әрекетін бақылап, бағалау – мұғалімнің өзгелермен қарым- қатынасының негізгі құралы болмақ.
Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мұғалімнің инновациялық іс -әрекетін қалыптастыру мақсатында келесі ұсыныстарды
-Деңгейлі бағдарлама курсынан алдымен мектеп басшылары , әсіресе мектептің әдістемелік кеңесінің басшысы өтуі қажет, өйткені басшылармен жұмыстың өзіне көп уақыт кетуде; олар біздің жұмысымызға уақытылы қолдау көрсетіп отырады.
-Мектеп әкімшілігі мұғалімнің күнделікті оқушымен жүргізетін жұмысын бақылап, бағалап, тиісті әдістемелік көмек көрсетіп отырса;
-Кәсіби білімді тереңдетіп, дағдыларды жетілдіру мақсатындағы Біліктілік арттыру курстарының жұмыс ауқымдылығы : мұғалімдер курстардан көптеп өтсе;
-мектептерде «Сындарлы оқыту теориясы » көшпелі курсы жұмыс жасаса;
-ПШО , «Өрлеу» Біліктілік арттыру Ұлттық орталығы тренерлерінің мектеп басшылығымен тығыз байланыста болуы; мектептерге әдістемелік күнді белгілеп , көмек көрсетсе;
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.»деп білім беру саласының алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. Демек, осы міндеттерді орындауда алдымен мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » Қазақстан халқына Жолдау, 2014 жыл қаңтар
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық