Дарындылықты дамыту – ұстаз парызы

 

Дарындылықты дамыту – ұстаз парызы

 

 

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.      Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылып, мүмкіндіктер жасалуда. Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары  арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасалған. Дарынды, қабілетті балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтижеге жеткен балалар.

Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қсаиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды.Олай болса , алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі:

  • ой-өрістің жоғарлығы
  • академиялық табыс
  • шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
  • көркемдік әрекет
  • қатынас және белсенділік
  • қозғалғыштық

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мектеп- бұл, ең алдымен , дамытушы, сондай-ақ өзі де дамып және өзгеріп отыратын орта. Біздің мектепте осы дарындылықты дамытуда және шығармашылықпен жұмыс істеуін қалыптастыруда пән мұғалімдері  дарынды балалармен әртүрлі бағытта жұмыс істеуді  жүзеге асырып келеді. Атап айтсақ:

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге қалыптастыру
  • Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу
  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру
  • Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.

 

Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады.

Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.

Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді қолдану дағдылар қалыптастыру жұмыстарын үнемі жүргізу оларды  шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.     Жоғарыда келтірілген мәліметтерді нақтылау мақсатында өз тәжірибемді ұсынамын.     Оқу-тәрбие үрдісінде өз тәжірибемде практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлемін.Берілетін тапсырманы, шығармашылық тақырыптарын  оқушылардың  жас ерекшеліктеріне және пән саласы бойынша  бейімділіктеріне  байланысты беруге тырысамын. Жеке тақырыптар бойынша ізденісі сол бөлімді терең меңгеруін қамтамасыз етеді,  өз тақырыбын толық меңгерген соң , сол жұмыстың жалғасы іспеттес басқа тақырыпты таңдап алу мүмкіндігі туындайды.Теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыру арқылы бекіту, қосымша материалдармен        жұмыс, әр түрлі    жарыстарға        қатыса отырып , кез-келген       жұмыста    нәтижеге жетуге ынталандырамын. Нәтижесінде  бірнеше оқушы әртүрлі зерттеу тақырыптарымен жұмыс жасап, әр түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып  жүр. Мысалы: қалалық конференцияға 10 «А» сынып оқушысы Әміржан Бибарыс «Қазақ тілі – жаңа технологияларда» және қалалық «Компьютер шеберлері» сайысында І орынды, 8 «Ә» сынып оқушысы Қами Алихан «Компьютерлік технология арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмысты қалыптастыру» тақырыптарында  жасаған баяндамалары үшін жүлделі  ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар  7 «А» оқушысы Рахым Расул «Интернет сайтының мүмкіндіктері» тақырыбында жасаған өз сыныбының сайтының жобасы Интернетте «Оқушы шығарамшылығы» айдарында жарық көрді, 9 «А» сынып оқушысы Тюлеева Динара аудандық информатика пәні олимпиадасына қатысып мақтау қағазымен марапатталды, 7 «Ә» оқушылары   Сырғатай Аружан «Компьютердің бала денсаулығына әсері»,  8 «Б» Жұмахан Асылхан  «Excel-ді кәсіби салада қолдану мүмкіндіктері», 9 «А» сынып оқушысы Тюлеева Динара «Компьютерлік дизайн» тақырыптарымен  мектепішілік, 10 «А» сынып оқушысы Әміржан Бибарыс «Қазақстан Интернетінің болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми жобалар сайысына  ғылыми жоба тақырыптарын таңдап, материал жинақтап, оны зерттеуде.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Ол үшін өз бетімен жүргізілетін шығармашылық жұмысты әртүрлі деңгейде ұйымдастаруға болады.

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек». Өйткені ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз керек.