Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі

Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі

 

Үй тапсырмасы — сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады. [2]

Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады. [1]

Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек. [5]

Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.

Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді. [3]

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқышының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. [6]

Өзім орта буында жұмыс істегендіктен қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасының орындалу тәсілі мен оның жүзеге асуына нұсқаулық жасаймын.

Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты  үш топқа алып қарастырамын.

1.Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер,сөзжұмбақтар, ребустар, диалог құрастыру сияқтв тапсырмаларды беремін.Бұл тапсырмаларды әңгіме,көрнекілік әдістерімен,ойын  әдістерімен тексеремін.Нәтиже: сөзжұмбақтар,ребустар,суреттер жинағы.

2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында: мәтінді өңдеу,мәтінді өзгерту деген тапсырмаларын ұсынамын.Бұл тапсырмаларды жекелей және топпен тексеруге болады.

Нәтиже.Мазмұндама жазуға,өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге  жетеді.

3.Шығармашылық ойын дамыту барысында: Ертегі,әңгіме,шығарма,эссе, өлең жазу,жаттауға беремін.Бұл тапсырмаларды әңгімелесу,ойын ойдан шығару,проблемалық сұхбаттасу,жұптық жұмыс арқылы тексеруге болады.

Нәтиже, ертегілер,әңгімелер,шығармалар ,өлеңдер жинағы ретінде шығады.. [7]

Үйге берілетін тапсырмаларды  күнбе – күн тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдісім арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

  • Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
  • Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс- тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
  • Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
  • Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
  • Үйдегі оқу жымысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіге байланысты.
  • Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
  • Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысыныда мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
  • Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
  • Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін – өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ. [2]

Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.

Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын алу жолдарына қойылатын талаптар мынадай болса:

а) оқытылатын жаңа материалды оқушыларға негізінен сабақ үстінде меңгертуді міндет етіп қоя отырып, әрбір сабақтың сапасы арттырылса.

ә) оқушыларға үйге берілетін тапсырмалар шамадан тыс көп болмасын, ол үшін үйге берілетін әрбір тапсырманың мөлшерленуі қатты қадағаланса, үйге берілетін тапсырманың мазмұны оны орындаудың тәртібі мен әдістері оқушыларға сабақ үстінде түсіндіріліп, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырылып тәрбиеленсе демекпін.

Өз ойымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе ,балалардың алдында жауапкершілігімізді  күшейтуіміз керек» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.Ендеше ойлы ұрпақты бірігіп тәрбиелейік ,ұстаздар![8]

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан мектебі .4.2006.

  1. 12 жылдық білім. №4 -2006
  2. Қазақ тілі №4,5-2005
  3. «Дарын» ақпарат-әдістемелік жинағы№1-2007

5.Қазақстан мектебі №1,2 -2002

  1. 12 жылдық білім беру.№8,7 -2010
  2. Мектептегі ғылыми жұмыс №2,1,6 , 2010

8.Қазақстан мектебі  №7,200