Елбасы Жолдауы- жарқын болашақтың айқын кепілі.

 

 

Елбасы  Жолдауы- жарқын болашақтың айқын кепілі.

 

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты халыққа жолдаған жолдауын барша қазақ жұрты ел болып тағатсыздана тосты десек те болады. Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» атты ұстанған ұлттық идеясы- біздің шамшырағымыз,жарқын болашағымыздың айқын кепілі іспетті. Президентіміздің халыққа жолдаған әр жолдауы,қазақ халқының өткен жолы,тарихы,тағдыры сынды.  Барлық жолдауында келелі мәселелерімен қатар тың жаңалықтарымен халықты бір серпілтіп тастайды.Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, көркейіп, қарқынды дамуда.Елбасымыздың  Қазақстан жолы — 2050 «Мәңгілік Ел» атты жолдауы жүйелі түрде іске асыруда бағыт-бағдар беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға айрықша көңіл бөліп нақтылады.Солардың ішінде экономикалық-әлеуметтік даму бағыты,ғылым,білім саласы жайлы да сөз етті.Мемлекет басшысы осы Жолдауында мұғалімдердің еңбекақысының 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 29 пайызға көтерілетіні туралы айтып,барлық мұғалімдерді қуантып тастағаны айдан анық. Елбасымыз : «Мәңгілік Ел» өзіміздің  қолымызда. Бұл үшін үнемі өзімізді қамшылап,ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да,бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек»,- деген сөздері көптеген Қазақстандықтарға ой тастады.

Мектеп оқушыларына  қазақ,орыс және ағылшын тілін  меңгертсек,өзіндік ізденістері мен сындарлы ойлау қабілеттері дамитынын айта өтті. «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес,ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,- деп мемлекеттік тілдің мәртебесін бір асырып тастады. Елбасымыздың «Ол – елдігіміз бен бірлігіміз,ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын,сынала жүріп шыңдалатын  үлкен емтихан» деген ойға қонымды, оралымды ұйқасы  жаныма қуат,бойыма ерекше серпін берді.Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақ елі әрқашан көк туын көктен желбірете берсін.Алар асуымыз,шығар биігіміз көп болғай….