ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ӘДІС ТҮРЛЕРІ.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ  ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ӘДІС ТҮРЛЕРІ.

Қартбаева Баршагуль Отановна.

Ақтөбе қаласы №2 мамандандырылған орта мектеп қазақ тілі мұғалімі.

Қазақ тілі – оқушыға  өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.Ғасырлар тоғысындағы қоғамдағы күрделі өзгерістер, білім беру сапасына жаңа көзқарас,жаңа ағым,жаңа сапалық деңгейге көтеретін іс-әрекет әкелгені-заңды құбылыс.Осыған байланысты менің міндетім-мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру.Қазіргі кезде мектеп оқушыларына  терең де,тиянақты білім беруді заман талап етеді.Бұны іске асыру үшін оқу-тәрбие барысының ең басты маңызды мәселесі-сабақта жаңа бағытағы әдістерден пайдалану.Қай әдісті пайдаланған  жақсы? Жалпы тіл үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар.Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданған түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып бітіре алмас едік.Бұған дейін сөз болған тіл  үйрету әдістердің негізгі түрлерін алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қояр болсақ,оған ешкім мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесіп айтып,тура жауап бере алмайды.Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.),екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов ж.т.б.).Я.А.Коменский -ұлы педагог,ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты.Коменский заманынан бастап,оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе,техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады(П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.). Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі — əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты. Оқу нәтижесін арттыру үшін мұғалім ең алдымен педагогикалық шеберлігі үстінде ізденуі тиіс.Мен де өзүстімде көп ізденіп,сабағымда әр түрлі әдістерді қолдана бастадым.Мысалы: «бартер», «акция», «финиш», «бумеранг», «нартәуекел», «бизнес» т.б жаңа бағытағы әдістермен сабақ бере бастадым.Міне, осындай жаңа бағытағы әдістер  арқылы  оқушыларды өз пәніме қызықтыра бастадым.Менің бұл еңбектерім өз жемісін берді.Базар экономикасында, «бартер мағынасы ақшаға товар алмасу емес, ал затқа-зат алмасу», соған сәйкес оқушылар сұрақ-товар дайындап келеді де,оқушылар бір-бірімен товар алмасады немесе өздерінің жазбаша сұрағын бір-біріне береді.Белгіленген уақытта жауаптарын алмастырып,қарсы топтың жауабын өздері тексеріп анализдейді. Институты бітіріп келген мұғалім ең алдымен новатор мұғалімдердің сабағына кіріп,тұрмыс,сыртқы орта және соңғы жаңалықпен байланыстыра білім беріп, сабақты мазмұнды ұйымдастыра білу керек.Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемді ортаға салмақшымын. Мұғалім оқушылар алдына тұңғыш келгендегі өзін тұтуы, жүріс-тұрысы,сөйлеуі-сол сыныппен болатын бірнеше жылдың жұмысының «кілті» болып табылады.Себебі оқушылар «кіші психолог», олар жаңадан келген мұғалімнің «тамырын басып көреді», мұғалім әлсіздеу болып, тұңғыш сабағын дұрыс бере алмаса, мұғалім-сынып иесі емес,ал келген қонақ болып қала береді.Ал егер,1-сабаққа келгеннен бастап; оқушылармен  танысу сабағымен  бастаса,оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас мейірімділікпен басталады.Танысу сабағында  үшбұрыш сызып,төбесіне-тарихым, оң жағына-жетістігім, сол жағына-кемшілігім деп, мұғалім ойынды бастайды.Менің тарихым деп аты-жөніңді, өзіңнің тарихынды айтып;жетістігінің өз білімің,мейірімің, ал кемшіліне тәртіп бұзар оқушыларды аямайтындығынды айтып өтесің.Оқушыларға кезек беріп,сыныппен танысасың.Сол күні үйге тапсырмаға қосымша ретінде «өмірбаян» типіндегі «Менің тарихым» деп мақала жазуды тапсырамын.Сол мақаласы арқылы оқушытемпераментін,мінезін,өмірдегі қызығушылын, нені қадір тұтатынын, немен мақтаныш ететін біліп аламын.

Жаңа тақырыпты түсіндірместен  алдын мұғалім өз алдына үш сұрақ қоюы шарт: 1.Не үшін оқытамын?2.Неге оқытамын?3.Қалай оқытамын?    Бірінші сұраққа білім стандарты жауап берсе,екінші сұраққатаңдаған мамандағым жауап береді, «қалай оқытамын?» деген сұраққа-мұғалім шеберлігі,жаңа оқыту әдістері шешіп береді.Мұғалім қанша білімді, сана-сезімі жоғары, ойлау қабілеті күшті болса,жаңа оқыту әдістерін ойлап таба беруі мүмкін. Егер сабақты бүгінгі күн тұрмысымен байланыстыру керек,себебі  оқыту, тәрбиелеу, еңбектену дамыту процесстері қатар жүреді.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, мәселенің шешімін өз бетінше табуға ұмтылушылыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, «бумеранг» әдісін қолданамын.Бумеранг-ұшырып жіберсең өзіңе қайтып келетін құрал.Жоғары сыныптарда жаңа тақырыпты ұшырғаныңды-түсіндіргеніңді, қай оқушы,бұрын сол тақырыпты дәптерге сұлу етіп жазып, дұрыс баяндаса, ал төменгі сынып оқушыларына «жаттығуларды» ұшырғаныңды кім жаттығу тапсырмасын дұрыс орындаса,бестік бағасын қоятынымды ескертемін.Ал ауызша түрі-жаңа сабақты түсіндіру барысында бақылап отырып-тыңдамаған оқушыларға айтқан тақырыптан сұрақтар қоясың.«Бизнес»-бұл үй тапсырмасын орындамай келген оқушыларға жаза әдісі.Үй тапсырмасын орындамаған оқушыларды жинап,алдына шарт қоясың: 1-шарт: Сынып бөлмесін тазалау. 2-шарт: 15 минут бойы тұру. 3-шарт: 10 рет отырып-тұру. 4-шарт: 5  бетке ертегі  жазу.5-шарт: Журнал мен күнделікке «екі» бағасының түсуі. Оқушылар өзі таңдап алған шартын-«бизнес» істеуге кіріседі.Оқушыларға логикалық сұрақ бересің.Екі аяғына зор түскен, шығынға ұшыраған-банкрот  болған,сынып бөлмесін тазалап жүргендер кімдер?Отырған оқушылар жан-жағына қарап:   -Үй тапсырмасын орындамағандар!   -Сабақ дайындамағандар! Біз күндегі тапсырманы күнде орындамасақ,болашақта осы күйге түсуіміз мүмкін,-деп мұғалім түсіндіреді.

«Сөре-мәре» әдісінде сабақта,жарыста ұтқан,белсене қатынасқан оқушыларды, бір қатарға тіземін.Ауызша не жазбаша үлестірме карточкадағы сұрақтарға жауап беруін айтамын.«Сөре-мәре» әдісінің  шарты:   Білген оқушы бір қадам алға басады, ал қате жауап берген оқушы артқа қадам қояды, үндемесе орнынанқозғалмайды.Осы жерде сұрақ тууы мүмкін:«Не үшін жауап берем деп әрекет еткен оқушы, бірақ жауабы қате оқушылар артқа қадам аттайды, ал «аузын ашпағандардан» жоғары тұрып  қалады»,-деп.Мұндағы мақсат оқушыларды ойланып жауап беруге, «үндемеген үйден бәле құтылатындығын» үйренеді.Көп қадам қойып «алға кеткендерге» «5», ортадағы топқа- «4»,артта қалғандарға «3» бағасын қоямын.Бұл әдісте көп сұрақ беріледі, білген оқушы жауабын беріп алға аттай береді.

«Нартәуекел» әдісін үй тапсырмасына кімдер шығатынын сұрап, 5-10 шақты  оқушы қол көтерсе бәрін тақтаға шығарып, тақырып бойынша сұрақ беретініңді, егер ішіндегі бір оқушы жауап бере алмай қалса, бірден «екі» бағасын қоятыныңды ескертесің. Көп оқушы қорқып орындарына отырады,қалған 3-4 оқушыға сұрамай «5» қоясың. Бұл әдіс мақсаты көкірегіндегі қорқынышты жоқ етіп,біліміне деген сенімін арттыруға қадам болады.«Лоторея» ойынында оқушыларды тек бір сұрақпен бағалау.Мұғалім тақырып бойынша карточкаға-сұрақ дайындап келеді.Мұғалім алдында «төңкерілген» сұрақтар жатады.Журнал бойынша оқушыларды шақыра отырып, сұрақтарды алатынын ескертеді.Бақытына қарай оңай, қиын сұрақтар түседі.Жауап беруіне қарай бағалайсың.«Скарабей» интерактив техтонологиясымен М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын үйрету барысында пайдалануға болады.«Ата-анасының ақ батасын алмаған,сүйген жігітімен қашып кеткен қыз тағдыры»трагедияға алып келген роман мазмұнын үйренген оқушылармен  өздері оқыған басқа әдеби шығармалар кейіпкерлермен  өмірді салыстыра отырып қорытынды шығару үшін көрген кинофильмдерді көмекке шақырып, кейіпкерден үлгі алу-алмау жөнінде оқушылармен әңгіме-сұқбат құрамыз.Немесе осы сабақ тақырыбын «сот сабағы» деп Жамалды соттап, куәлерге әдеби  кітапты оқыған оқушыларды шығарасың.Ақтаушылар:    Жамалды сүйгеніне қосылуы үшінмахаббат құрбаны болды десе,қаралаушы куәлер:     Ата-ана қарғысын алған қыз өсіп-өнбейтінін түсіндіріп,сабақ соңында Жамалды жазықты деушілер бір топ, жақтаушылар бір топ болып бөлінеді.Мұғалім уақытты бөлістіре отырып екі қарсы тарапты әңгімеге  тартады.Әр топ өз көз-қарасын жақтап шығады. Бұл әдісте оқушылар еркін пікірлеп,өз көз-карасын жақтауды үйренеді.«Акционерлік қоғам» туралы оқушыларға түсінік беру үшін «акция» әдісі балаларға практикада көргенмен бірдей болады.Оқушыларға әр топ бір өндіріс орнын ашуы үшін акциялары көп болуы керектігін айтып, өздерінің кәсіп орнының атын қойып алуын, не өндіріп шығаратынын ойласуға уақыт бөліп болған соң, Фирма аты, не өндіретінін білдік, енді сол жұмысты бастау үшін жер, шикізат керектігін, оны алуға акция керектігін ескертесің.Қазіргі, жағдайда-сабақта акция: бұл-артына сұрақ жазылған үлестірме карточка.Акция алу үшін сұраққа жауап беруі керек.Акция топтап жатырмыз деп,оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні сұрағына жауап іздеп жүргендерін ұмытып кетеді.Оқушы жүрегіне үлкейгенде «осылай » акция жинауға, сұрақ беру-жұмыс істеу арқылы өз фирмасын ашуға деген сезім пайда болады.Сабаққа деген қызығушылығы да артады.Сабақ барысында үй тапсырмасын беруде – КВН – жарысында дайындалып келуге тапсырма: мини кітапша жасау, чайнворд түзу, қарсылас топқа сұрақ дайындап келу- бәрі де осы күні өтілген тақырыпқа байланысты болу керектігі түсіндіріледі.Оқушылар үй тапсырмасына дайындалуға шаршайды, ал жарыс басқыштарына жауап дайындау қызық, әрі сыныптастары алдында өз шеберлігін көрсету үшін жағдай туылады. «Мұғалім-оқушы» әдісінде оқушы өзін ересектей сезеді және мұғалімдік мамандықтың қиындығын байқап, ұстазына сыйлауға деген мейірім пайда болады.Бұл әдістерді  әрбір мұғалім өз сабағында өзіне сәйкестендіріп өте беруі мүмкін.   Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.Тілдыбыстарын үйретуде:(Дауысты дыбыстардың жіктелуі)

Тілдің қатысына қарай жуан: а, о, ұ, ы ( Ер азаматтар дауысы жуан-бұл  ұл балалар  әріптері); жіңішке: ә, е, ө, ү, і( қыз дауысы жіңішке-бұл қыз-балалар  әріптері)

Жақтың қатысына қарай: ашық: а, ә, о, ө (қолшатыры бар әріптер-үйінің                                                        ∩    ∩    ∩    ∩

төбесі жабық).Түсіндіріп өтейін:      а,    ә,    о,     ө      (бұл әріптерді салу барысында төбелері домаланып тұрады.)

 

қысаң: ұ, ү, ы, і   (төбесі ашық,жаңбыр өтіп кететін үйде тұратын-қолшатыры жоқ әріптер,жазу барысында төбесі ашық)         ұ,   ү,   ы,   і

ںں   ں    ں

Еріннің қатысына қарай: еріндік: о, ө, ұ, ү (күліп тұрып,айта алмайтын әріптер)

Езулік: а, ә, е, ы, і  (күліп тұрып  айтатын әріптер)

 

Осы әдіспен үйреткенімде орыс сынып оқушылары да дауысты дыбысты тез меңгергенін байқадым, бірыңғай ұлттық тестілеудің балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін оқушы өте жақсы деген баға алудың бір жолы қазақ тілі тест тапсырмасының дауысты дыбыстарды шартты таңбалау арқылы жаттаса,оқушы  есінен шықпайды. Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы екенін көрсетеді.Қазақ тілін үйрету секілді  үлкен міндетті жүзеге асыру мектептің, оқытушылардың қызметіне тікелей байланысты және мемлекеттік тілдің қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына да байланысты. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша сөйлеу, жазбаша сауатты жазу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996ж.
  2. Гоноболин Ф.Н. Психология. –Москва, 1973 г.
  3. Ф.де Соссюр. Труды по языкознанию. –Москва, 1977.
  4. Комков И.Ф. Речевая коммуникация и вопросы обучения иностранным языкам //в сб.Коммуникация и обучение иностранным языкам. –Минск, 1970г.
  5. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2000 ж.
  6. «Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3 -16 (Мақала «Тіл тағлымы» кітабынан алынды. –Алматы; Ана тілі, 1992ж. 357-364 беттер)