Әйтеке бидің шешендігі
Әдебиеттік оқу
| 3 «А» сынып Мұғалім: Дусенбаева Р.А. | ||
Сабақ тақырыбы: | Әйтеке бидің шешендігі. (100 бет) | ||
Жалпы мақсат: | Әйтеке би туралы білімдерін кеңейту; Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру. Өткенді қайталап, үш бидің шешендік сөздерін оқып, қорытынды жасау.
| ||
Сілтеме: | 1. Оқулық, дәптер 2. «Мың бір мақал,мың бір жұмбақ» 1992ж 3. Билердің портреттері, нақыл сөздері
| ||
Оқушылар үшін оқу нәтижесі: | Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, негізгі идеясын ұғу. Төле мен Қазыбек билердің сөздерін еске түсіріп, талдау жасай білу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқу, жазу. | ||
Түйінді идеялар: | Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз. Л. Сенека
| ||
Тапсырма көздері: | Топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграмма, Эссе. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Сызбалар, билердің портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер | ||
Оқыту әдісі: | СТО | ||
Тапсырмалар: | Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс
| ||
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
| Оқушының іс-әрекеті: Топпен жұмыс жасау, Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау | ||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: |
1Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
| 1.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.
|
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушы тақтадан өздеріне ұнаған бір парақша қағаз алады. Артында бидің аты жазылған. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) . Сол атына сай, топқа отырады.
| Топқа бөлу І- топ «Төле би »
ІІ- топ « Қазыбек би »
ІІІ – топ « Әйтеке би»
|
Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс әрекеті |
— Үй жұмысы қандай болды? – Не берілді?
| Оқушылар үйде жаттаған Қазыбек бидің сөзін айтып береді және Қазыбек би туралы мәлімет жинаған балалар сөз сөйлейді. Реферат жазған балалар қатысады. |
Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: |
1. Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі.
2.Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді.
| Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады.
Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: |
1. Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек.
1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер) 2 топ: Қазыбек би 3 топ: Әйтеке би
2. Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек. 1 топ: Отан туралы 2 топ: Отбасы туралы 3 топ: Бірлік туралы
3. Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек.
4. Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін.
1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру. 2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би. 3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық.»
| Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға түсіреді. ( флипчарт)
Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді.
Оқушылар оқиды, түсіндіреді.
Оқушылар топтарында ақылдасып , ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді. |
Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс әрекеті |
1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Бағалау: | Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады Кері байланыс (сұрақ-жауап) Өзін-өзі бағалау. Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады.
|