Жеке бастың салауатты өмір сүру салты

 

Жеке бастың салауатты өмір сүру салты

 

   Сонау ықылым заманнан бері,адам  баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда.Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек «Жанды дене қозғалмаса өледі»-деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының,яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады.Мысалы,қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен.Сағатына 10 метр қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді.Сонда Алланың әмірімен табиғат заңына  бақылау жасасақ,сол жаратқан иеміздің  іліміне жүгінсек,бізге,яғни адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жететұғын шыңы көрінбейді.Демек,Алланың әмірімен табиғатқа билік жүргізуді адамзаттың міндетіне жүктегенін азсынған болуымыз керек.Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып,бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға әрекеттенуде.

     Осылайша,адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек.Адам баласы қалай өмір сүруі керек.Яғни,болашақ өмірді жалғастыру үшін,бүкіл әлем бойынша әр халық өзінің ұлттық бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.

     Демек,бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы.Республика көмегінде халықтың 80 пайызы әр түрлі ауруға шалдыққан.Егеменді ел болғаннан бері қарай,білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан,оқушы жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайға соғып отыр.Яғни,ата-аналардың,оқытушы-мұғалімнің,тіпті жалпы оқу орындарынын бақылауынан тыс қалғандықтан ішімдікке,есірткеге,шылым шегуге бейімделіп,яғни саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын жоюда.

      Келесі бір мәселе,адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаттары.Бір мысал алайық,атом радиациясының кеселінен су кепті,жер тозаңға,тас күлге айналды,өсімдік өсуін тоқтатты.Ауа қозғалысы өзгергендіктен жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда.Міне,тіршіліктің болашақ жандының жер бетінен жойылуы қаупінің негізі осында.Бұл қағиданың негізінде,енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде.Демек,денсаулықты сақтап,ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар.Ол әр адамның жас па,кәрі ме-күнделікті тіршілік көзі,яғни,салауатты өмір сүру әр адамның өзінің қолында екенін біле ме?

     Осындай қағидаларның негізіне сүйене отырып,жеке бастың салауатты өмір сүру бағытының негізгі мәселесі ретінде осы тұжырымдаманы ұсынып отырмыз.

1.Салауатты өмір сүрудің мақсаты.

     Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан,салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті,жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс.Ол жеке бастың үйлесімді дамуына,денсаулықты нығайтуға,адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

    Осындай арнайы нұсқауды және қоғамның салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:

1.Ең әуелі,адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін,дене құрылысының биологиялық,физиологиялық,анатомиялық құрылымымен таныс болу;

2.Ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса,оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру;

3.Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін(әрине,өмірдің әр кезеңінде)оған саналы түрде жағдай жасау;

4.Денсаулықты сақтаудың негізгі принципі-Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі»деген қағидасын басшылыққа алу;

5.Табиғатта жанды да,жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі-ауа,күн,су құрылымдары болғандықтан.Денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;

6.Жеке бастың тазалығы;

7.Дұрыс тамақтану жүйесі;

8.Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру;

9.Жас ерекшеліктерін ескере отырып,ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу;

10.Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;

11.Денешынықтыру- сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;

12.Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу.

2.Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері

     Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері-еш ауруға шалдықпай,дертке жеткізбей-ақ,алдын-ала мол денсаулық көзін ашу.Баяғыда Лұқпан Хакімнен: «Өмірде байлық па,жоқ даңқ қымбат па?» деп сұаған екен.Ол біраз ойланып тұрып: «Байлық та,даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды.біле білсеңдер ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты.Ал бақыт дегеніміз не?Әрбір адамзат өзінің күш-жігерін халқына,өз еліне,ұрпақтәрбиесіне жұмсап,ақылды,парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты»,-деген екен.

      Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын,санасын,рухани бйлығын өмір бойы дамытып,еңбекке араласады.Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтіп,өмірдегі мақсатына жетеді.Міне,денсаулықтың принципі де осында.Ешкімнің денсаулығының ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын деген капиталистік принцип те құр ұрандау болып табылады.

     Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның биологиялық өзгерістері ғана емес,сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс.Бұл күрес адам баласына туған күннен бастап өмір бойы тоқтамай,оның тіршілік қабілетін жоғалтпай жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді.Бұл құбылыстың барлығы ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі- тіршіліктің негізгі көзі.

      Ми -жүйке жүйесіндегі негізгі орталық.Ми ағзаның барлық жүйке талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз. Демек, біріншіден, байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын хабарласа,екінші байланыс,сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабарлайды.Осы процесс арқылы ағзның дұрыс та бірқалыпты сау болуын әркім бақылап отырады.Демек,ағзаның іштегі,болмаса,сырттағы бір мүшесі зақымдалса,осы байланыстың арқасында ғана ауру,я сау екенін біліп отырады.

         Мидың екінші бір негізгі міндеті-ағзаның жұмыс жүйесін,демалысын реттеп отырады.Міне,салауатты өмір сүрудің негізгі принципі-осы екі жуке дұрыс қалыптасып,тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі ұзаққа созылады.Ал,бұл жүйке бұзылған жағдайда,орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті төмендейді.Бұны  адамның алғашқы ауруға шалдыққаны деп білуіміз керек.Бұл не?Бұл жүйкенің тоза бастағаны:ұйқы бұзылады,бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы,артық сөз айтып,қызбалыққа ұрынады.Осыдан барып,адам азып-жүдеп,әр түрлі ауруларға шалдығады.Бұл жағдай ең алдымен жүректің,қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

      Міне,адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі,жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн.сондықтан,баланы жастан дегендей,жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкесін тоздырмауды әрбір ата-ананың білуі міндетті.

     ХҮІІІ ғасырдың оқымыстысы,испандықдәрігер-Христафор Гуфеленд бала туғаннан кейінгі алғашқы жылан бастап сыртқы құбылыстарға бейімделіп,әсіресе реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ жүйке талшықтары тоза бастайды-деп ескертеді.Тәжірибелі дәрігер айтқандай,ата-ана жөнсіз еркелетіп,тіршіліктің қиындығына бейімдемей,еңбекке араластырмай,дұрыс тәрбие бермесе,ондай баланың денсаулығы дұрыс қалыптаспайды.Орталық жүйке жүйелерінің ауруға шалдығуының негізгі бір себебі- қоршаған ортаның аса зиянды әрекеті.Бұл тіпті,өмірдің қысқаруына әкеліп соқтырады.Қазақстан аумағындағы бүгінгі экологиялық жағдай әр адамның қаншалықты салауатты өмір сүремін дегенімен,мүмкіншілік бермейді.Жүйке тамырларының ауруға шалдығуы-біріншіден ағзаның дұрыс демалуы,яғни ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы салдарынан жүрек,қан айналысының қызметінің бұзылуынан болады.

      Орыс ғалымы И.П.Павлов айтқандай,ұйқы тек ми қабыршықтарының жұмысын ғана тежеп қоймай,оның ішкі құрылыстарын да осы жүйкеге жетелейді.Бұл жүйке ,яғни,ми құрылысы,тек ұйқы қанып,дұрыс демалғанда ғана денесі серігіп,ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі.бұл жайында немістің атақты философы Бэкон «әрбір ұйқысыз түн-сншалықты күнге өміріңді қысқартады»деген екен.Бұл қағиданы әр адам өз өмірінің қағидасы деп білсе,кім болмасын,онда салауатты өмір сүрудің негізгі принциптерінің бірі болар еді.

3.Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы.

      Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәләлдеп отыр.

      Техникалық прогрестің даму барысында ХХ ғасырда өмір сүрген адамдар ХІХ ғасырда қолмен істелінген жұмыстың 10% ғана орындалса,90% жаңа техника адамның рөлін атқарады.Оның өзінде сол 10%қол жұмысы дегеніміз-отырып,не болмаса,тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болды.Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығы толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды.Бұл деген адам ағзасының балансы бұзылып,денсаулығының төмендеуі,нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына,әкеп соқтырады.

        Адамзаттың данасы Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өлед»деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің әлеуметтік маңызы неден тұрады?

      Адам баласы жаратылысының бері өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен келеді.Бұл-жеке бастың арнайы уақыт тауып,тұрақты түрде денешынықтыру жаттығулармен шұғылдануы.

     Иә,дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз- салауатты өмір сүрудің негізгі көзі.Денешынықтыру жаттығуларымен шұғыланудың өзіне тән мақсатты жүйесі болады.

     Таңертең орыннан тұрғаннан бойды жазу үшін далаға шықпайтын адам сол төсегінің жанында тұрып-ақ керіліп-созылып,отырып-тұрып,басын қозғап,одан қолды жоғары-төмен,алдыға-артқа созып,жалпы қолдың созылып,аяқтың сілтеумен бірге денені оңға-солға бұрып,еңкейіп-шалқайып,аяқты оңға-солға сілтеу,т.т. сиякты жалпы дамыту жаттығуларын 10-15 минут аралығында орындауға болады.Мүмкіндік болғанша,аса пайдалы қозғалыс-таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын 15-20 минут аралығында далаға шығып серуендеп,реті келсе жүгіріп,жаттығуларды құрал-жабдықтармен орындап келген адам күні бойына өте сергек жүретіндігі ғылыми негізде дәләлденген.Осылайша,күнделікті үзбей таңертеңгілік бой жазу жаттығуларды орындау ақыл-кеңес,болмаса қаражатты талап етпейді.Тек жеке тұлғаның өзінің ден сау болсын деген ынтасы мен құлқы керек.Әсіресе,аз қозғалыстыңкеңсе қыызметкерлері үшін өте қажет.Бірақ,қазақ деген халықтың бойында ынта-жігерден гөрі жалқаулық басым тұрады.Сондықтан да болар,бүгінгі таңда республикада адам өмірінің ұзақтығы 55-58 жасқа төмендеп кетті.

      Салауатты өмір сүру үшін әлеуметтік маңызы бар денешынықтыру жаттығуларының бір түрімен тұрақты түрде үзбей шұғылдануды спортпен шұғылдану дейді.Спортпен шұғылдану деген-жаттығудың бір түрімен ғана шұғылданып,кәсіпке айналдыру.Әрине,күнделікті таңертеңгілік бой жазғанда орындалатын жалпы дамыту жаттығуларынан гөрі бұған қойылатын талап жоғары.Спортпен шұғылдану үшін әркім өзінің ағзасының мүмкіншілігін білу керек.Салауатты өмір сүремін,ұзақ жасаймын деп жүріп,мүмкіншіліктен тыс күш түсіріп,ағзаны ауруға шалдықтырып алмауы керек.

    Салауатты өмір сүру үшін тағы бір әлеуметтік маңызы бар мәселе-адамның етжеңді болуы.Толық адамның денсаулығы қандай болуы керек?

      Француз халқының мынандай мәтелі бар:семіздіктің үш түрі бар: біріншісі-қызықтырады, екіншісі-күлкілі, үшіншісі-жиіркендіреді. Толықтық дененің сұлулығын,әдемілігін бұзып қана қоймай,әртүрлі ауыр науқасқа әкеліп соқтырады,адамды мезгілінен бұрын ерте қартайтып,өмірін қысқартады.Семіздіктің аяғы неге соғатынын бұрын Шығыс және Батыс медицинасының негізгі қалаушылар Гиппократ,Ибн-Сина айтқандай,ертедегі Эллада және Рим елдерінде халықтың тамақтануы және оның тәртібі мен мөлшері заңда қаралған.

        Сонымен ғалымдар адамның салмағы бойына сәйкес болса,ол кісі семіз адамнан әлдеқайда көп өмір сүреді деген қорытындыға келген.Күні кешегі Одақ заманында дәрігер Кончаловскийдің есебі бойынша толық адамдардың 69 жасқа 60%-ы жетеді екен,ал арық адамның 90%-ы 70 жасқа жетеді екен.Егер адамның салмағы 10-12 килограмм артық болса ,35-40 жас мөлшерінде жүрек,қантамырлар жүйесі бұзылып,ауруға шалдығады.

        Дүниежүзінде көп тамақ ішудің салдарынан адамдардың 50%-ы семіздікке душар болады.Ауру адамдардың 90%-ының науқасы ас қорыту процесінің салдарынан,тек бір жерде отырып артық тамақ ішуге байланысьы болады екен.Семіз адамдардың денесі толып қана қоймай,жүрек қан тамырлары да семіреді.Мұның аяғы стенокардия,инфакке әкеп соғады.

       Гиппократ пен Гален-толық адамдарға мүмкіндігі болғанша қозғалыста болғаның жөн деген өсиет қалдырады.Аса бір тарихи уақиға,кезінде Рим қаласында тұратын толық адамдады жазда түгелдей ауылшаруашылық жұмыстарына жіберіп тұрған.Әсіресе толық адамдардың арықтауының негізгі көзі-таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын үзбей орындағанда ғана денсаулығын түзетеді.Тағы бір көзі-қыс кезінде шаңғы тебу.Жалпы толық адамдар табиғатында үнемі қозғалыста болуды көп жақтыра бермейді.Себебі,олардың басым көпшілігі жалқау болады.Сондықтан адам өзін-өзі міндетті көбірек қозғалысқа болып,тіпті жұмысқа жаяу барып қайтқанда одан зиян шекпейтінін білуі керек.

           Демек,биология ғылымының заңдылығына сүйенсек,денц сау,ағзасы дұрыс қалыптасу үшін  бала  жасқа дейін тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек.Одан ары 10 жасқа дейін 4-6 сағат бойы,10 жастан 16 жасқа дейін 2-4 сағат бойы қозгалыста болуы керек.Ал ересек адам қай жаста болмасын орта есеппен күніне 2 сағат қозғалыста болуы керек екен.

4.Денсаулық көзі-дұрыс тамақтана білу.

           Қазақ ауру астан… деген қағиданы күнделікті тіршілігінде ұстана білген.Халықтың даналығы сонда,тамақтың биологиялық құрамына да анықтама беріп отырған.

        Тіршілік-дегеніміз белоктардың өмір сүруі,егер ас қорытатын денеге сіңу процесі өзімізді қоршап тұрған табиғатпен  қоя-қолтық қатынасы болмаса белоктар өледі,тіршілік тоқтатылады.Адам ағзасы тек қана белоктардан құралады.Белокты ауыстыруға да болмайды.Ал май көмірулар бірін-бірі алмастыра,ауыстыра алады.Белоктың тамақ құрамында болмауы,не аз мөлшерде болуы жүректің,мидың жұмысына кері әсер етіп,ағзаның жүйке тамырларының ауруларына әкеп соғады,асқазанға түсіп одан ішектерге барған соң,әр түрлі химиялық пройестердің әсерінен аминоқышқылдарға айналады.Содан кейін қанға араласуарқылы ағзада пайда болатын белоктарды құрайды.Құрамында аминоқышқылыкөп тамақтар ет,балық,құс,сыр,бұршақ және басқалар.Бұларың құрамында 16-25% белок бар.Сүт,айран,қатықта 3-5% белок бар.Көкөніс,жеміс-жидектерде 0,5-2,5% белок бар.

      Майдың калориясы белокпен көмірсудан екі есе көп.100 грамм көмірсу 275 килокалория қуат берсе,май 866 килокалория береді.Майдың құрамында А,Д,Е,К витаминдері бар.Біреуінде майсыз тамақ беріп,екіншісін дұрыс тамақтандыру арқылы екі итке тәжірибе жасаған.Сонда майсыз тамақ жеген ит тез өлген және оның денесінде фосфорлы зат азайып,орталық жүйке жүйесі нашарлағаны анықталған. Өсімдік майлары құрамында май қышқылы көп болады.Бұд қышқылдар адамның ет талшықтарында,жүйке тамырларында,мида,бауырда,жүректе,ішектің қабырғаларында кездеседі.Осы органдардың жақсы жұмыс істеуіне,әсіресе жүйке жүйесінің жұмысын реттеп,артерия қан тамырларының қабырғаларын жақсартып,ағзадағы артық холестериндерді тазалайды.

        Көмірсулар-адам қуатының көзі болып табылады.Тамақпен бірге ол ағзаға полисахарид,қант түрінде барады,ауызға түскен соң бөлініп асқазанда,ішекте қорытылып,глюкоза қанға қосылады.Көмірсуларға бай-дән,картофель,жеміс-жидектер,т.б. жатады.

        Жемістерде адам өміріне қажетті С,З,Е витаминдері бар.В,С топ витаминдеоімен бірге жміс-жидек арқылы ағзаға минералды заттар калий,мыс,марганец,мырыш,иод сияқты заттар барады.

        Денсаулық қалыпты болсын.Десеңіз,күніне үш-төрт рет дәмді дайындалған тамақ ішуге болады.Грузия және Абхаз халықтарының жетістіктері,тамақты көп ішпей әр түрлі тағамды пайдаланып етті аз мөлшерде қолданады.Өсімдік,жеміс-жидекті көбірек пайдалану арқасында жүзден астам жасаған адамдар көп.

       Дұрыс тамақтанбау салдары рак ауруларына да шалдықтырады.АҚШ-та ерлер 28 есес,әйелдер7 есе ауырады екен.Индияда барлығы 1,2 екен.Рак ауруы тазалыққа да,астың дмді,таза болуына да байланысты.Мысалы,суық жақта тұратын Якутия,Карелияда денені жылыту үшін ыстық тамақ,шай ішеді.Соның әсерінен рак ауруы 13-18 % екен.Ал Прибалтика республикаларында 2,5%,ыстық шай ішу Орта Азия республикаларында кең тараған.

5.Сөз соңы

      Бүгінгі таңда,әсіресе Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басынның денсаулығын ойлайтын болса,ең  алдымен ол ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады.Бұл ұсыныс,әрине бүкіл халық болып жне мемлекеттік тұрғыдан қолдау тапса,өз міндетін атқарған болар еді.

       Ұсынып отырған тұжырымдаманын негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды.Қазақ деген хадықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет.Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек.Әр адамның өз денсаулығын ойлап ,дұрыс тамақтанып,күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса,мүмкін дәл бүгінгідей болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төнбеген болар ма еді,кім біледі?