Қазақ биi Қазақ би өнерi
Қазақ биi
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi. Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi — әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар. Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын. Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер. Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады. Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. Бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр. «Қазақ биi кеңес дәуiрiнiң алғашқы жылдарында пайда болды», — деген жаңсақ пiкiрмен өз басым келiспеймiн. Сонда мыңдаған жылдық тарихы бар елде «би өнерi болмады» дегенге кiм сенедi. Әрине, кеңестiк дәуiрдiң кейбiр қоғамдық ағымының кесiрiнен қағажу көрiп, классикалық деңгейге көтерiле алмай қалды. Жаңа замандық әуеннiң көлеңкесiнде қалып қойды. Шара апамыз көздiң қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тiрнектеп жинаған iнжу-маржан дүниелерiн қайта жаңғыртып, тәуелсiз елдiң игiлiгiне айналдыру бүгiнгi бишiлерге парыз, әрi аманат.«Қазақ биiн классикалық деңгейге көтере алмадық» деп бiр кездерi өкiнгендерге ендi сол мақсатты жүзеге асырудың сәтi туды. Бiздi ендi ешкiм қолымыздан қақпайды. Әлемге қазақ биiн танытатын зор мүмкiндiктерге жол ашылды. Бұған дәлел АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Түркия елдерiнiң сахналарында өнер көрсетiп, ұлттық биiмiздiң айшықты өрнегiмен таңқалдырып жүрген таланттар. Шетелдiк көрермендер «мынау нағыз классикалық би ғой» деп тамсанғандарын бишiлерiмiз мақтаныш етiп айтып жүргендерiнiң талай рет куәсi болдық. Жателдiктердiң де көңiлiн аулап, сезiмiн баурап алған ең алдымен би өнерiмiздiң әрi мен нәрi, мағынасы мен мазмұны болса керек. Қазақ билерi — көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс — тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдiң сән — салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы — мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Хореографиялық бiлiм алған кәсiпқой бишi де бидi қойған кәсiпқой балетмейстер де жаңа дүниенiң сапасына бiрдей жауапты. Бишi «бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек мән берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол бишiнiң биi көңiлден шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты өзiндiк ерекшелiгi, мiнез-құлқы бар екенiн бишi әсте естен шығармауы керек. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып көрiнедi. Сол себептен де ұлттық би қазынамыздың ортаймауын оның жаңа билермен толыға, байи түсуiн ойлайтын жанашыр жандар қанша ма? Олардың алғы шебiнде Шұғыла Сапарғалиқызы, Ақмарал Қайназарова сынды би өнерiнiң фонатиктерi тұр. Әрине, биде тiл жоқ, онда тек әдемi қимыл ғана бар. Жалпы өнердiң бұл саласынан бiздiң сауатымыз шамалы. Көбiне-көп атүстi пiкiр айтып, бидiң тұла бойындағы көз iлеспес алуан түрлi бейнелi қимылдар қандай жайды меңзейдi, ненi айтқысы келедi. Бiрақ көрермен оған назар аударып, мән берiп жатпайды. Оған әйтеуiр ұнаса болды. Бұл жерде барлық көрермен осындай деуден аулақпыз, Көкiрек көзi көреген өнердiң жақсысын «жақсы», жаманын «жаман» деп айтатындар да бар. Өйткенi бiр бидi екi адам екi түрлi түсiнуi мүмкiн. Мәселен, қос бiлектiң ширатыла өрiлген қимылына, үзiлiп кеткелi тұрған белдiң нәзiк қозғалысына ғана сүйсiнiп, одан әрiге өресi жетпей жатқан жандарды да кiнәлауға болмайды. Зер салып, зерделеп қарасаңыз, кез келген би адамның жан дүниесiнiң сезiмi мен сыры iспеттi. Осы жерде Шара апамыздың би туралы айтқан бiр әңгiмесiн еске алудың ретi келiп тұр. Күй, қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап, музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады. Ендi «Айман-Шолпанда» сен мына «Қоян биiнен» баста,-деп өтiнiш айтты. Сонымен екi қызбен қоян болып билеп, кейiнiрек «Қаражорғаны» билеп, би өнерiн бастадым, — деген едi сонда. Ұлттық би өнерiмiзге қамқоршы болған заңғар жазушының сол бiр көреген қасиетiнiң өмiршеңдiгiне бүгiнде көзiмiз жеткендей. Ұлы тұлғалар негiзiн қалап кеткен ұлттық дәстүрлi би мектебiмiз де бар, тек оны өз халқымыздың дүние танымына сәйкес туындылармен, ұлттық бояумен өрнектей бiлсек болғаны. Сонда ғана «осы қазақта би болмаған», «би деп жүргендерi түсiнiксiз бiрдеңе» деген ұлттың намысына тиетiн қаңқу сөз тиылады. Бiздiң қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн. Менiң байқауымша осы өнерге талпынып жүрген Шара сияқты жастар бар көрiнедi. Одан бiр нәрсе шығатын түрi бар. Ал қай өнердi алсақ та, опера болсын, музыка театры болсын, оның бәрi бисiз болмайды. Қазақтың мидай даласы… Көкпарды көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Бәйгенi көрдiңiз бе? Жорғаның жүрiсiн көрдiң бе? Мiне, осының бәрi қимыл-қозғалыс. Аттың желiсi, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi осының бәрi би емес пе, би. Қазақтың күйiн тыңдап көрiңiз, қандай әуен иiрiмдерi, ырғақтар жатыр. Қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады. Қазiр ұлттық бидi билейтiн бишiлер аз. Бұл — бiр. Екiншiден бұрын бишiлердi отыз сегiз жаста, ер адамдарды отыз тоғыз жаста зейнеткерлiкке шығаратын. Қазiр елу сегiз-алпыстар шамасында шығаратын болыпты. Бұл — мүлде дұрыс емес. Үшiншiден, бiздегi жақсы бишiлердiң барлығы шет мемлекеттерге кетiп жатыр. Кетпес үшiн талантты бишiлердi мемлекет барлық жағынан қамтамасыз етiп отыруы керек. Мәселен, жақсы бишiнiң жалақысы да жақсы болғаны дұрыс. Бiр қуанарлығы, талантты жастар көп шығып жатыр. Оның сексен пайызы қазақ балалары. Бiр ғана хореографиялық училищенiң өзiнде Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген балалар оқиды. Ендеше, теледидардан танымайтын әншiлердiң клиптерiн көрсете бергенше, сол балалардың өнерiн халыққа жеткiзбей ме! . Өзiм үйренген би өнерiнiң құпия сырларын кейiнгi балаларға үйрету. Қазақ би өнерiн жоғары дәрежеге көтеруге ат салыссам деген арман бар көкiрегiмде. Көп адамдар қазақта би болмаған деген сөздердi шығарып алған. Қазақта би болмаған деген сөздi айту – бiз үшiн үлкен ұят iс. Өзiмiздегi бар нәрсенi қалай жоққа шығарамыз. Қайта жоғалтқанымызды тауып, жарыққа шығаруымыз керек емес пе? Би – қазақтың өзiмен бiрге өнiп-өскен, әлмисақтан келе жатқан өнер. Ол аспаннан салбырап түсе салған нәрсе емес. Қазақтың өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгiнен туған өнер. Ән — музыка да солай ғой. Өмiрден алған әсерiңiзден, қуанышыңыздан, қайғы — күйiнiшiңiзден ән немесе саз тумай ма? Композиторлар көңiлiнiң әуенiн — сазбен, ал ақын-жазушылар сөзбен бiлдiредi. Би де сол сияқты. Бiрақ мұндағы iшкi сезiмдердi бейнелеу құралы – қимыл-қозғалыс. Әрине, ойды тiлмен емес, қимылмен жеткiзу қиын нәрсе. «Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «Қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «Қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. Әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. Соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз. Еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан кәдімгідей ажырап қалдық. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-ақ бақты. Әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған Алаш жұрты Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады.Бөркімізді аспанға атқызған «Қара жорға» да атамекеніне оралған қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. Енді, міне, сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. Әдетте әр халық өзінің бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Шынтуайтына келгенде, қазақта «Қамажайдан» бастап, «Аққу», «Қыз ұзату», «Асау үйрету», «Киiз басу», «Алқақотан» деп аталатын дәстүрлi билерінің бел ортасында «Қара жорға» биінің алатын орны ерекше. Себебі бұл биді әдеттегідей қыз-келіншектер ғана емес, үлкен-кіші ерлер мен бала-шаға бірігіп орындай береді. Қытайдағы қандастарымыздың өзі бұл биді ұмытылып барып, соңғы 10-15 жылдың аясында ғана қайта жарыққа шығара бастаған. Алтайдың арғы жағындағы бауырларымыз биді түрлендіріп, оның әуен-сазын өңдеп, әсерлі мәтін жазды. Осылайша, «Қара жорға» қазақпен қайта қауышты. Қытайдың Синьхуа ақпараттық агенттігінің мәліметінше, аспан асты еліндегі Алтай аймағының Шіңгіл аудандық партия комитетінің хатшысы Жаужиен жергілікті ақпарат көздеріне жасаған мәлімдемесінде: «Қазақ ұлтының дәстүрлі биі «Қара жорғаны» 10 мыңнан астам адамның билеп шығу салтанатын Қытай коммунистік партиясының алда келе жатқан 60 жылдық тойына орайластырып өткіздік, сонымен бірге ұзақ тарихқа ие қазақ дәстүрлі мәдениетін Гиннесстің рекордтар кітабына енгізе отырып, әлемге танытуды көздедік», – деген екен. Өнер рекорды жасалған Шіңгіл ауданында «Қара жорға» топтық биіне, негізінен, қазақ, қытай, моңғол ұлттарынан құралған 13288 адам қатысқан. Рекордтарды тіркейтін әккі мамандар келмей тұрып биге деген дайындық үш ай көлемінде жүргізілген. Ақыры төгілген тер мен еңбек ақталды. Бірақ бұл жетістік қытайлықтардың есебіне жазылып отыр. Дерек Өнер зерттеушілері «Қара жорға» («Буын биі») биінің тарихы XII ғасырдан арыға кететінін айтады. Ал Қазақстанға осы биді ең алғаш әкеліп, ел арасына дәріптеп, насихаттаған – Арыстан қажы Шәдетұлы. Көпшіліктің делебесін қоздырып, бірден үйіріп әкететін бұл бидің басқа туысқан ұлттардың немесе қазақтың басқа да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті – оны билеген кезде адамның барлық буындары дерлік қозғалысқа түсетіндігінде. Кезінде Алтай асып Қытайға барған, одан Түркияға жетіп, қазақтардан түрік жұрты «өздеріңе тиесілі мәдениеттеріңді көрсетіңдер» дегенде, Арыстан ағамыз «Қара жорға» биін билеп, талайлардың таңдайын қақтырып, қазақты мойындатқан екен. P.S. Қытайдың Алтай аймағындағы жеті бірдей ауданындағы көптеген мектептерде сабақ арасындағы түпнұсқалық биден әуені мен сөзі де өзгешелеу «Қара жорға гимнастикасы» деп аталатын арнайы жаттығу түрі қолданылады екен. Аймақтық әкімшілік жағынан мақұлданып әрі ресми бекітілген «Қара жорға» әр мектептің міндетті түрде орындайтын радиогимнастикасына айналған. Сондай-ақ біздің бұл ұлттық биіміз Қытай компартиясының мерейлі тойына арналыпты. Солай болса болсын-ақ, бірақ «Қара жорғаның» даңқын бірінші шығаратын біз болуымыз керек еді, бауырлар. Игілігімізге бұл жолы да иелік ете алмадық. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінетіні ақиқат. Егер де біз, халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Міне, осыны түйсінбеген кейбіреулер бұл күндері «әсте, қазақта би болмаған, қазақ биі жүре келе, кейінгі жылдарда пайда болған» деп сәуегейлік айтуға тырысады. Міне, сондықтан да бүгін біз «шын мәнінде, қазақ халқында би өнері болған ба, жоқ па?» деген сауалға нақты жауап іздеуге тырыстық. Би өнері қазақтың қанына жақын. Сондықтан да болар, Шара Жиенқұлова, Гүлжан Талпақова, Дәурен Әбіров, Зауыр Райбаев, есімі жер жаһанға мәшһүр болған көрнекті балетмейстер Болат Аюханов сынды бірқатар бишілеріміздің сонау социализм жылдарының өзінде ұлтымыздың би өнерін дүниежүзіне танытып қана қоймай, әлемдік сахнада өнер көрсетуі — бұл пікіріміздің нақты дәлелі. Ол — ол ма, қазақ халқының өзге ұлттардан бір ерекшелігі, ол өзінің би өнері арқылы күнделікті тұрмыстағы тыныс-тіршілікті дөп басып бейнелей білген. Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай-ақ өмірдің өзінен алынған «Насыбайшы», «Ортеке», «Тепеңкөк», «Қоян-бүркіт» «Қаражорға» секілді билердің барлығы дерлік халқымыздың күнделікті тұрмысының би болып өрілген сипаттамасы. Бір ерекшелігі, қазақ халқы ежелден ән айтып жүріп би билеген, би билеп жүріп ән айтуға машықтанған. Бұл да болса, қазақ би өнерінің өзіндік айырмашылығы. Бұған қоса, той-томалақтарда қазақтың қыз-келіншектері мен жігіттері би өнері арқылы сайысқа түсіп, жеңімпаздарға ұлттық дәстүр бойынша сый-сияпат көрсетіліп, жол-жоралғы жасалып отырған.
Жоғарыда айтқанымыздай, халқымыз өзінің ұлттық би өнері арқылы қазақы тұрмысқа берік енген әдеп-ғұрыптар мен алуан түрлі тәрбиелік бағыттағы іс-әрекеттерді бейнелеп қана қоймай, сондай ұлағатты һәм сындарлы өнерді жастардың бойына сіңіре білген. Қазақтың би өнері туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқында биден қалған мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы биді қолға алғаны жөн. Менің байқауымша, осы өнерге талпынып жүрген Шара (Ш.Жиенқұлованы айтады. Ж.М.) сияқты жастар бар көрінеді. Одан бір нәрсе шығатын түрі бар. Ал қай өнерді алсақ та, опера болсын, музыка театры болсын, оның бәрі бисіз болмайды. Қазақтың мидай даласы… Көкпарды көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Бәйгені көрдіңіз бе? Жорғаның жүрісін көрдің бе? Міне, осының бәрі қимыл-қозғалыс. Аттың желісі, жәй жүрісі, сылбыр жүрісі, шабыс жүрісі осының бәрі би емес пе? Би. Қазақтың күйін тыңдап көріңіз, қандай әуен иірімдері, ырғақтар жатыр. Қол өнері, ағаш үйдің өзі, ою, кілем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрі қимыл, осының бәрін ойлап, музыкасын тауып, күйін тауып сәйкестірсең, би болып шығады, — деп қазақ биінің өмірдің өзінен алынғандығын алға тартқан-ды.. Алайда ұлттық би, дәлірек айтқанда, қазағына қайта оралған «Қаражорға» биі өзінің өміршеңдігін сан ғасырдан кейін қайтадан дәлелдеді. Бұл да болса, қазақ би өнерінің мәңгі өшпейтін өнер екендігінің дәлелі. Бір қуаныштысы, кеше бізбен хабарласқан «Қаражорға» секілді ұлттық байлығымыздың ғұмыры да ұзағынан болғай!