Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Мақсаты: | Автор туралы мәлімет бере отырып,өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау. | |
Міндеттер: | -Өлеңнің негізгі ойын түсініп,қорытынды жасайды. -Білімсіз күнің жоқ екенін дәлелдейді | |
Күтілетін нәтиже: | Өлеңнің мазмұнын түсінеді, хрестоматиядағы өлеңдермен салыстырады, қорытынды жасайды. | |
Ұйымдастыру кезеңі: | Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберіне тұрғызып, тілектер айтқызу | |
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
| ||
Қызығушылығын ояту: | Сыныпты топқа бөлу(бойлары бойынша),топ ережесін еске түсіру. | Әр оқушы өзіне тиесілі орнына отырады, топ басшысын сайлады. |
Үй жұмысын тексеру. | «Кешегі күн» тақырыбына әңгіме жүргізу.Сұрақ-жауап арқылы топ арасында талдау | Тез, жылдам, шапшаң жауап беру. |
Мағынаны тану кезеңі | 1. «Білім» сөзіне топтастыру жасау. Білім -Осы біздің мектепке келу мақсатымыз не? -Менің мақсатым не? -Сенің мақсатың не? -Әр топтар өз ойларын топта жазып, ортаға салады, 2.Ф.Оңғарсынова туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Тақтаға түрлі мамандық иелерінің суреттері ілінеді. -Суретте кімдер бейнеленген? -Сендер кім болуды армандайсыңдар? Әр оқушы өз ойын айтады. 3.Топтармен жұмыс. 1-топ:Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді. 2-топ:Тарау тақырыбымен байланысты жолын іздеп табады. 3-топ:Өлең мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. 4-топ:Мақал-мәтелдер ойластырады. 5-топ:Өз армандарын жазады. | Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың сөйлеу қабілеттері артады.
Әр топ өз сұрақтарына дайындалады.
Сағат тілі бойынша спикерлер жүріп шығады. |
Сергіту сәті | Видеоға қарап қайталап билеу. | |
Ой толғаныс кезеңі | Осы өлеңді қалай жалғастырар едің? | Оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады. |
Қорытынды | «Авторлық орындық» соған отырып, балалар өлеңдерін оқып шығады. | |
Үй жұмысын беру | 4-бет.Жаттау | |
Бағалау | Топ басшысының бағалауы | Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді. |
Рефлексия | Оқушыларға стикерлер таратылады. | Оқушылар ҰНАДЫ,ҰНАМАДЫ,СҰРАҚ жазады. |