«Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту»
Баяндама
«Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту»
Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді.Себебі, көптеген жаңа ақпараттар ағымы, жаңалықтар бала санасына әсер етпеуі мүмкін емес.Осындай қоғамға лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру үшін сапалы білім мен саналы тәрбие қажет.Біздің Отанымыз- Қазақстан өркениетті дамыған ел қатарына қосылу үшін ұрпақ біліміне басты назар аудару, оқушы белсенділігін арттыру үшін жаңа инновациялық технологияны қолдауымыз қажет.
Соның ішінде пәнге тиімді әдісті таңдаған жөн.Осы орайда ІХ сыныпта «Азот қышқылы, нитраттар» тақырыбын оқушыларға игерту мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы өткізген аралас сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты азот қышқылдарының алынуы, зертханалық, өнеркәсіптік, физикалық қасиеті, химиялық қасиеті, тұздары, қолданылуы туралы жаңа білім беру: оқушыға жаңа тақырыпқа сай материалды ойлауға мүмкіндік жасай отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығуын арттыру.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен соң үйге берілген тапсырмаға шолу жасадым.
1.Азоттың қандай оксидтерін білесіздер? ( N+12O , N+2O2 , N+32O3 , N+4O2 , N+52O5,)
2.Азот(ІІ) оксидінің физикалық қасиеті қандай? (түссіз, иіссіз, оңай тотығатын газ)
3.Азот(ІV) оксиді зертханада қалай алынады? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз. (Cu+4HNO3 конц) = Cu(NO3)2+2NO2 +H2O)
4.Азот (ІV) оксидінің құрылымдық формуласы қандай? ( О=N=О)
5.Азот(ІV) оксиді сілтімен әрекеттескенде не түзеді? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз ( 2NO+2NaOH NaNO3+NaNO2+H2O)
Жаңа сабақты түсіндіруге арналған технологиялық карта.
Рет саны | Мақсат қою | Игерілетін материалдар | Стратегия |
1. | Азот қышқылының қасиетін білу | 1) физикалық қасиеті | Ой — қозғау |
2. | Азот қышқылының алынуы | 1) зертханада 2) өнеркәсіпте | Ой- қозғау |
3. | Азот қышқылының химиялық қасиеті | 1) күрделі заттармен әрекеттесуі 2) қолданылуы | Топтастыру |
4. | Азот қышқылы, тұздары, нитраттар. | 1) физикалық қасиеті 2) химиялық қасиеті 3) қолданылуы | Ой- қозғау |
5. | Жаңа сабақты бекіту | «ББҮ» түртіп алу | |
6. | Сергіту сәті | Есеп шығару | Кубизм |
7. | Үйге тапсырма | ||
8. | Қорытынды | ||
9. | Бағалау |
Азот қышқылының құрылымдық формуласын жазып көрсетеміз.
Индикаторларды (метилоранж, лакмусты) қызартатыны, күн сәулесі әсерінен оңай ыдырайтыны айтылып, рекация теңдеуі жазылады.Сабақ барысында реакция теңдеулерін оқушылардың өздері теңіестіреді.
4HNO3= 4NO2+O2+2H2O
Азот қышқылы суда жақсы ериді,нәтижесінде диссоциацияланады.
HNO3 = Н++NO3—
Алынуы
Зертханада: 2Na NO3 +H2SO4 конц =Na2SO4+2HNO3
Өндірісте:
NH3+5O=4NO +6H2O
2NO+O2=2NO2
4NO2+O2+2H2O=4HNO3+Q
Химиялық қасиеттері:
2HNO3+CaO=Ca(NO3)2+H2O
2HNO3+Cu(OH)2= Cu(NO3)2+2H2O
2HNO3+CaCO3= Ca(NO3)2+H2O+CO2
Cu+ HNO3 конц= Cu(NO3)2+2NO2+2H2O
HNO3сұйық+3Cu= Cu(NO3)2+2NO+4H2O
4Zn+10HNO3 сұйық =4Zn(NO3)2=NH4NO3+3H2O
Концентрлі азот қышқылы темір,хром,алюминиймен әрекеттескенде олардың беті оксидтік қабыршақпен қапталады.Ол пассивтену деп аталады.Асыл металдар алтын мен платина азот қышқылымен әрекеттеспейді. HNO3:HCI=1:3 болса, «Патша сұйықтығы» деп аталады.Au = HNO3 + HCI=AuCI3+NO+2H2O концентрірлі азот қышқылы бейметалдармен де әрекеттеседі
(Р,С,S)
Қолданылуы:
НNO3 бояулар
дәрілер
қопарғыш заттар
тыңайтқыштар
Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталады:
NANO3 ceлитралар
CA(NO3)2
Нитраттар қатты,кристалды,суда қатты еритін тұздар.
Химиялық қасиеттері:
1)2KNO3=2KNO2+O2
2)HgNO2=Hg+2NO2+O2
Тұздары тыңайтқыштар ретінде қолданылатындығы айтылады.
Жаңа сабақты оқушылар қалай меңгергенін білу мақсатында,
«ББҮ»кестесін қолдандым. Кестені мынадай түрде толдырады.
а) жеке; ә) екеуара; б) топпен.
Кестені толтыру барысында оқу мақсаты жүзеге асады. Әуелі «Білемін» бағанасы, одан кейін «Білгім келеді», «Үйренгім келеді» бағана толтырылады.
Оқушылардың білім деңгейінің қаншалықты сәйкес келетінін тексеру үшін «Азот қышқылы, нитраттар» мәтіні беріледі.Оқушылар мәтінді оқып, қарындашпен шартты белгілерді дәптердің шетіне қояды.
V | + | — | ? |
V – білемін
+ — мен үшін жаңалық
— — келіспеймін
? – осы туралы білгім келеді.
Сергіту сәтінде ортаға кубик лақтырылады. Кубиктің әр қырында нөмір бар: 1,2,3,4,5,6.
Әр оқушыға қай нөмір түссе, сол нөмірлі есепті шығарады.
Сабақты қорытындылау үшін «Блумның жүйесі» бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Содан кейін мұғалім сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалайды.
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып химия пәнін түрлендіріп оқыту оқушының пәнге деген қызығуы мен қабілетін арттырады. Окушыларды күрделі бейорганикалық қосылыстардың бір-біріне айналу заңдылықтарымен таныстыру,заттардың химиялық қассиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасап,оның теңдеулерін жаза білуге баулу,генетикалық қатарды құра білуге үйрету мақсатымен,8-сыныпта төмендегідей сабақ өткіздім.
1.Күрделі заттардың негізгі кластарының химиялық қасиеттерін 4 оқушы тақтаға жазып,түсіндіреді.
1-оқушы.Оксидтердің химиялық қассиеттері:
- 1. CaO + HOH=Ca(OH)2
- CaO+SO3=CaSo4 + H2O
- CaO + H2So4 = CaSO4 + H2O
- H2O +SO3 = H2SO4
- 2NaOH + SO3= Na2SO4
2- оқушы. Негіздердің химиялық қасиеттері:
- Cu(OH)2 + 2HCl= CuCl2 + 2H2O
- Cu(OH)2=CuO+ H2O
- Ca(OH)2 +CO2 = CaCO3 + H2O
- 2 NaOH + CuSO4 = Na2So4 +Cu(OH)2
3- оқушы. Қышқылдардың химиялық қасиеттері:
1.Zn + 2HCl = ZnCl2+H2
- FeO + 2HCl= FeCl2 + H2O
- Ca(OH)2+2HNO3 = Cl (NO3)2 +2H2O
- 2HCl +Na2SO3 = 2NaCl+H2SO3
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру үшін, оқушыларға сұрақтар қойылады:
- Оксид, қышқыл, негіз, тұз дегеніміз не?
- Күрделі заттар қалай жіктеледі?
- Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?
- Индикатордың қандай түрлерін білесіз?
- Сілті, қышқыл ерітінділері индикаторды қандай түске бояйды?
- Қышқыл қалдығының валенттілігі қалай анықталады?
- Екідайлы негіздер қандай қасиет көрсетеді?
- Химиялық реакциялардың қандай типтері бар?
- Су қандай металдармен әрекеттеседі,не түзеді?
- Суда ерімейтін негіздерді қыздырганда не түзіледі?
Деңгейлік тапсырмалар әрбір оқушыга таратылады.Әрбір жауап 5 ұпаймен бағаланады.Оны оқушылар өзара тексеру арқылы бағалайды.
1-тапсырма.Мына заттардың формулаларын жазыңыз:тұз қышқылы,күкірт қышқылы,азот қышқылы,фосфор қышқылы,көміртек қышқылы.
2-тапсырма.Мына заттарды тиісті бағанға орналастырыңыз.
Оксид | Негіз | Қышқыл | Тұз |
3-тапсырма.Мына реакцияларды аяқтап теңестіріңіз:
Na2SO4+HOH= Fe+O2= Fe(OH)3=
H2SO4+NaOH= Al+FeCl2=