Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың маңызы
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың маңызы»
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануға болады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән — мағынасын ұйымдастырудың тәсіл — амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар.
- Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
- Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.
Оқушылардың өзіндік жұмысы — мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір — бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс — тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс — пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан — жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:
- Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы
ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма.
- Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп
құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.)
- Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шағармашылық
бағыттағы жұмыстар: өлең құрасыру, әңгіме, шығарма жазу. Мұнда басты
назар аударатын мәселе — оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара
ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде
көрініс табуларын талап ету.
Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, саутты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу.
Енді 2 «а» сынып оқушыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтейін.
І Қазақ тілі пәні бойынша:
- Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын
молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді.
«Сөз таптарын» өткенде 8с.
«Қай , қандай сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбында Әсем қандай қыз? сұрағына жауап береді. Әсем сөзінің әрбір дыбысын Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін жазғызамын.
Ә — әдемі, әдепті, әсем.
С – сұлу, сүйкімді, сезімтал.
Е – еңбекқор, епті, елгезек.
М – мейірімді, мәдениетті, момын.
Енді әрі қарай дамыта отырып, осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырттым: Әсем — әдемі қыз. Әсем үлкенге де, кішіге де мейірімді. Сын есімдерді тауып астын сызу.
- Қарындаш сөзінен зат есімдерді жазып, ойлау қабілеті, байқампаздық қабілеті арта түседі. Қарындаш – қар, ар, шар, ана, шана, шара, арық, шын.
- «Сөз таптарының» тақырыбындағы білімдерін тексеру мақсатында Сөздік диктант ретінде беремін.
Зат есім Сын есім Сын есім Етістік
Аспан жиырма ұзын жүгірді
қойшы алты тәтті ойнады
Асқар он бір қызыл оқыды
- Тақырыбы: «Мәтіннің түрлері»
Үш қатарға бөліп беремін. «Ит» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру
1 – қатар — әңгімелеу мәтіні
2 – қатар — сипаттау мәтіні
3 – қатар — пайымдау мәтіні
Осы жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.
ІІ «Әдебиеттік оқу» сабағында:
- Шығарма жазуға баулу. Баланың шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыс түрінің бірі — шығарма жаздыру. Қиял баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына, қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс аңғарып, тани білуіне, дарындылық қабілетінің қалыптасып ұшталуына зор ықпал тигізеді. Тірек сөздер арқылы белгілі тақырып бойынша, сурет бойынша немесе ойды жалғастыру арқылы шығарма жаздырту. «Жақсылық пен жамандық» ертегідегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Осы оқиғаға әңгіме жазды.
- Берілген мәтіндегі кейіпкерге мінездеме беру. Мысалы: «Қайрат» тақырыбындағы Ораз бен Сайранға мінездеме беру.
- Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру, оған ат қою.
- Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу, оны өз сөзімен, ойымен дәлелдеу. Мысалы: «Сиырдың сүті – тілінде», «Сиыр шөпті, жемді жақсы, көп жесе, оның сүті көп болады».
ІІІ Математика пәні бойынша:
- Математикалық диктант түрінде
- Деңгейлік тапсырмалар
- «Ойлан, тап» ойынын ұымдастыру
- Карточкалар беру
- Оқушылардың білімін тексеру мақсатында арнайы сабақ беріледі
ІV Дүниетану пәні бойынша:
- Балықтың аттарын пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.
ш | а | б | а | қ | |||
ш | о | р | т | а | н | ||
к | а | м | б | а | л | а | |
ж | а | й | ы | н | |||
ш | а | б | а | қ |
- «Тұқым» тақырыбын өткенде
Тұқым мен жеміс
Құрғақ Шырынды
Бидай Алма
Бұршақ Қияр
Жүгері Анар
Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды.
Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.