Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңғырту — бүгінгі күннің басты міндеті. Ізденген ұстаз қайтсе де нәтижеге жетуді көздейді. Оқыту жүйесінің жаңа технологиялары мектеп өмірінде кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзінің таңдаған технологиялары бойынша оқушының білім деңгейін көтеруге бар күш жігерін жұмсайды. Қазіргі заман талабы күннен – күнге жоғары.
1998 жылы желтоқсанда білім қызметкерлері үшін болған
1 құрылтайда Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», — деген болатын.
Қазір 50 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де сол ұстаздар қауымы.
Олай болса жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда өмір сүретін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу, білікті маман даярлау аса күрделі де жауапты жұмыс. Бір сөзбен айтқанда, мұндай іскер ұстаздардың психологиялық, педогогикалық, әдістемелік біліктілігі адамгершілік қасиетімен бірге, кәсіби жетекшілігі мемлекеттік білім стандартына сәйкес, жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын шебер игеруі тиіс.
Заман талабы – ғылым мен техниканың қарыштап дамуы 400 – ге жуық кәсіптің әдіс – тәсілін шебер меңгеруді талап етіп отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілік кіргізілген.
Ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілік дегеніміз не? Бұл ұғымдарға жеке – жеке тоқталып өтетін болсақ.
Ақпарат – латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын береді. Ақпаратқа үзілді – кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарламалар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Коммуникативтік дегеніміз – қарым – қатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғынысу дегенді білдіреді.
Ал «Құзіреттілік» туралы термин білім беру аясында 70 жылдары америка ғалымы Н.Хомский қолданды.Құзіреттілік термині алыс- жақын шет елдердің ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қарастырылған. Мысалы: competense (латынша) сәйкес, жарамды, competense (французша) құзіретті, құқықты, орыс тілі сөздерінде құзіреттілік «белгілі бір сұрақтары, мәселелері біреудің жеттік білуі» деген мағынаны бейнелесе, қазақ тілі сөздіктеріне сүйенсек ол біреуге тиселі істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның немесе мекеме өкілдігінің құқықты болуы. Жалпы алғанда құзіреттілік деп игерілген білімінің практикалық, танымдыұ, құндылық мәні бар коммуникативті міндеттері шешуге бағдарлануын айтады.
Ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілік дегеніміз – оқып үйренетін обьект туралы жаңа мәліметтерді алу үшін ақпаратты жинауды, оларды өңдеу мен берудің тәсілдерінің жиынтығы.
Білім туралы заңды білім берудің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды өалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ол үшін « жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» деген міндеттер қойылады. Демек, оқу ағарту саласында өзекті мәселенің бірі оқушыны сапалы қарым- қатынасқа даярлап, тұлғаның коммуникативті құзіретін қалыптастыру.Оқушының тілдік қарым – қатынасын жетілдіру, дамыту арқылы қоғамға жан – жақты дамыған, белсенді,өз бетімен жасампаздықпен ойлай алатын және өз ойын шығармашылықпен жеткізіп, шебер қарым-қатынас жасай білетін,тілдік қатысымды тиімді қолданатын бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік қабілеттерін дамыту қажет.
Ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілікті орта кәсіптік білім беру жүйесіне енгізгенде оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор.
Білім көзі – бастауышта демекші, төменгі сынып оқушыларына білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының кезінде, өз бағытын еркін дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты:
— Қолдану мен ақпараттық – коммуникативтік құрылғылар арасындаға байланыс;
— Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
— Оқушыға білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды ендірудің ең перспективалы үш бағыттарын бөліп алуға болады.
- интеллектуалды мұғалім жүйелерді қолдануға негізделген ол өз кезегінде, мәліметтер қорын, экспертті оқыту жүйелерді, жасанды интеллекті жүйелерін қолдануды ұсынады.
- Электрондық кітаптар, бағдарламалық құралдар, автоматтанған оқытушы жүйелерді жетілдіру.
- Телекоммуникация құралдарын пайдалану, комьпютерлік желілерді,телефондық, теледидарлық және спутниктік байланыстарды енгізеді.
Ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда оқытушыларда мына қиыншылықтармен кездеседі:
- Педагогтардың көпшілігінде ең жаңа техникамен жұмыс істеуінің практикалық тәжірибиесінің аздығы.
- Қолданбалы бағдарламалардың жеткіліксіздігі, ол көп уақытты және материалдық шығындарды керек етеді.
- Оқу үрдісіне ақпараттық технологиялардың күрделілігі, бір ұжымда істейтін оқытушылардың біліктілігінің елеулі айырмашылықтарынаң болуына байланысты.
- Ақпараттық тенологияларды қолдану технологиясын түсіндіретін әдебиеттің аз болуы.
Олай болса, бастауыш сынып мұғалімдері бойын ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру үшін мынадай біліктілік пен икемділікті меңгеру қажет.
- Кез – келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы.
- Қарым-қатынаста сөз байлығын кеңінен қолдана алу, оның ішінде көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу.
3.Айтылған ойды әрі қарай жалғастырып айта білу.
- Кез- келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау.
- Тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдылық сипаты, қазіргі заманға сай ақпараттандыру, электрондық оқулықтарды, компьютерді, бейне таспаларды,мультимедиялық кабинет, интербелсенді тақта тағы басқа арқылы оқытудың жаңа технологиясының әлемдік және отандық үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы.
Міне, осы тұрғыда қазіргі мұғалім ерінбей, ерен еңбек ету керек. Бұл — бізге жүктелген үлкен міндет.
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатыны – балабақшаларға да өз әсерін тигізуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рол атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Бүгінгі күн талабы — баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік міндеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Балабақшада компьютерлік сауаттылыққа үйрету өткізілетін пәндермен кіріктірілген бағытта қолдаушы пән ретінде жүреді.
Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні балабақшаларға енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын әртүрлі оқыту бағдарламалары, әсіресі қазақ балабақшалары үшін өте тапшы. Сол себептен мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылық оқу іс – әрекетін жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық жағынан байыта түсу — бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне компьютерді енгізудегі ең басты мақсат — ақпараттық технологияларға толы қоғамдық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыру. Компьютерлік ойын бағдарламаларының өрістеуі себепті, компьютерлер балалар өмірінде кеңінен қолданыс табуда.
«Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасына баланың қоршаған ортасында танымдық белсенділігін дамытуға байланысты ойындар кіреді. Осындай ойындар әсерінен баланың оқуға аса қажетті ойлау, жады, қабылдау, таным белсенділігін психикалық процестері тез дамиды. Себебі бұл мазмұндас ойындарға баладан ойлау белсенділігі, байқағыштық, тапқырлық талқылай білу тәрізді шығармашылық қасиеттері талап етер, сипаттар тән. Ойын арқалы оқыту бағдарламасы баланың аталған зейінге тән қасиеттерді ойын көмегімен дамытуға мүмкіндік береді. Бұл оның оқу үрдісінде барынша ынталы да бейімді болуына жағдай жасайды. Оның үстіне балада жадының образды, эмоцияналды, көру, есту, логикалық түрлері әрекет ететіні белгілі. Ал бала жадын жақсартудың негізгі жолдарының бірі қайталау жұмыстары балалар бір ойынға өте қатты қызықса бірнеше мәрте қайталап ойнауы анық. Міне, осылайша олар ойнап қана қоймай, өздігінен жадыларын жаттықтыра алады.Әр оқу іс -әрекеті баладан түрлі тапсырмалар арқылы ақыл мен білімді көп қажет ете бастайды. Сөйтіп, ойын барысында балада оқуға деген қызығушылығы қалыптаса бастайды. Компьютерде ойын ойнауы арқылы бала компьютер құрылғыларымен жұмыс істеп үйренеді, саусақтары жетіледі. Мұнымен қоса балалардың жазуға үйретудегі маңызды жайыттың бірі көру және орындау бірлескен әрекетін қалыптастыру және дамыту болып табылады.Бұл көбіне компьютермен өткізген оқу іс- әрекеті нәтижелі болады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста компьютерді, интерактивтік тақтаны қолдану әдісін пайдалана отырып, баланы мектепке даярлау барысында кездесіп жататын көптеген мәселелерді шешуге болады.
Бағдарламаның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интелектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын әдістер:
— Сұхбат оқу іс – әрекеттер;
— дидактикалық материалдармен жұмыс (сандар белгіленген текшелер, суреттер, құрастыруға арналған түрлі заттар және т.б);
— белсенді топтық оқу әдістері: ойындар, жарыс-оқу іс – әрекеті (шахмат,шашки), пікірталас және т.б
— сарамандық (практикалық) оқу іс- әрекеті.
Балабақшаларда компьютерлік сауаттылыққа үйрету ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттеріне арналған бөлме мынадай міндеттерді орындай алады:
— Балаларды жаңа білім беру технологияларының көмегімен оқыту;
— көңіл көтеру және ойын орталығы қызметін атқару;
— онда білім беру және көңіл көтеру міндеттерінің барынша кең шеңбері орындала алады;
— балалар үшін де, оқытушылар үшін де жұмыстың барынша қолайлылығын жасау;
— балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен және дағдыларымен таныстыру;
Негізгі міндеттер:
— бала бойында танымдық, ақпараттық құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік- даму ортасын құру;
— тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;
— балалардың көру жадыларын,есте сақтау қабілетін берілген тапсырмалар арқылы дамыту;
— әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
— балалардың логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
— Күнделікті өмірде қарапайым өзіне қажетті техникалық құралдарды қолдана білуге үйрету;
— Әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
— мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Күтілетін нәтижеге сипаттама:
Балалар білуге тиісті:
— компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын: жүйелік блок, монитор, перне тақта, тінтіуір;
— компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;
— тінтіуірмен жұмыс істеуді;
— монитордан курсор мен тінтуірдің бағыттағышын айыруды;
— тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті обьектіні таңдай білуді (тінтуірдің бағыттағышын анықтап, сол жақ түймесін басу);
— тінтіуірдің сол жақ түймесін басу арқылы экранға қоршау салуды,
— тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы қажетті обьектіні орналастыруды,
— перне тақтаны қолдануды; әріптер мен сандарды енгізуді, «Enter» клавишін қолдануды;
— тінтуірді түрту арқылы сүрау алаңынан «тізім» типтес (басты мәзір, мәзір деңгейі) қажетті жолды таңдауды;
— тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істеуді;
— Заттарды қасиеттеріне қарай топтастыру
— класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары, мысалы: көліктер, жемістер, көкөністер, оқу құралдар т.б)
— суреттен белгілі мазмұныды бейне құрастыра алады, оны түсіндіреді;
— компьютерде жұмыс істеудің санитарлы – гигиеналық талаптарын;
— қазіргі заманғы ақпарат көздерінен хабардар болады;
— санитарлы – гигиеналық талаптардың бұзылуы қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және түзей алады;
Балалардың жаңа түсініктері естеріне жақсы қалу үшін, компьютерлік терминдерге баса көңіл бөлінеді.
«Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз» бөлімін оқуда бала өзіне түсінікті түрде компьютермен жұмыс істеудегі негізгі дағдыларға үйренеді.
Әр ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің қарапайымнан күрделіге ауысып отырады. Сондықтан да балалар дайындық деңгейінің түрлілігіне қарамастан, оқу барысында пайдалы да қажетті нәрсе ала алатын болады.
Бала материалды өзіне қолайлы қарқында қабылдау үшін ойнатқыш оқу роликтерін қолдана алады.Роликтер арқылы оқытуды кез-келген жерден тоқтатып, қажетті тұстан бастап тыңдауға болады.
«Компьютермен бірге дамимыз» бөлімін оқытуда баланың жадын, зейінін, логикалық, образдық және жүйелі ойлауын, түстер мен геометриялық фигураларды тану, санау мен оқу, өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие ойындар мен тапсырмалар қолданылады.
Оқу жылының соңында оқу бағдарламасының деңгейін анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Талдау жасау үшін оқытуға және дамытуға арналған компьютерлік ойындар пайдаланылады.
I деңгей – бала өзінің білетінін қолданады, яғни бала берілген тапсырманы мақсатты түрде орындап, мұғалімнің көмегінсіз келесі кезеңнің тапсырмаларын орындайды.
II деңгей – бала не істейтінін түсінеді, яғни бала тапсырманы орындау барысында алға мақсат қоя біледі және оны шешу жолдарын іздестіреді.
III деңгей — бала осы не басқа іс – әрекетті жасайды, яғни мұғалімнің айтуы бойынша компьютермен тапсырмаларды орындай алады.
Аталған бағдарламаны, оған арналып жасақталған жұмыс дәптерін үздіксіз қолданса, онда бүлдіршіндерді компьютерде өз бетімен жұмыстану деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді.
Ойымды қорыта келе, бұл білім бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық талдаулардың балаларға оқу барысында кезігетін сан алуан проблемалардың алдын алуда және мамандар назарын осы жайыттарға аудара отырып, бірлесе шешу жолдарын табуда алар орны орасан зор. Түрлі формадағы іс – шаралар балалардың күнделікті оқу іс – әрекетінде байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Олар бір -бірімен барлық жағынан жақсы қарым-қатынаста болады.Түрлі шаралар ұйымдастырып балаларды сол шараларда мараппаттап көңіл күйлерін арттырамыз. Сонымен қатар ата-аналарды күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік шараларға, теле байқауларға,ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылауыш ретінде ғана емес, білімділік танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдай тудырамыз. Олай болса бағдарламаны мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді ақпараттық құрылғыларды олдануға үйретуде алар орыны бөлек. Өз тәжірибеме сүйене отырып, бағдарламаның балабақшаны компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні мұғалімдеріне үлкен көмекші болатынына сенімдімін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты.
- Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б.Б, Ақпараттық мәдениет негіздері.
«Әдістемелік нұсқау»- 2005.
- Бүлдіршіндерге арналған компьютерлік сауат ашу бағдарламасы. — Алматы 2005ж
4.Выготский Л.С «Педагогическая психология» //Издательство Астрель// Люкс, 2005ж