Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың білімділігі: Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Сабақтың тәрбиелігі: Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу,төрт түлікті құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: О.Әубәкіров суреті,әр бөлімге байланысты суреттер, «Сөз құрап жаз» кестесі,
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Психологиялық дайындық. 3.Үй тапсырмасын сұрау.
- 3. Кіріспе әңгіме.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс боламыз.
Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.
- Сергіту минуты.
- Оқулықпен жұмыс.
1.Ертегінің мазмұнын түсіндіремін.
2.Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.
3.Оқушыларға тізбектей оқытамын.
4.Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)
- Ертегімен жұмыс.Тауып оқу.
1.Ертегіден ел-жұрттың сөзін тауып,әуеніне сай оқы.
2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.
3.Әженің іс-әрекетін тауып оқы.
4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы.
Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)
Бөлімдерге ат қою. 1-бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы».
2-бөлім :«Сүттің тасуы».
3-бөлім :«Қалтаға құюы».
Бөлімдерге сәйкес суреттерді ілемін,өз сөздерімен ертегіні баяндатамын.
Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын.Сабақты қорыту:
- Бағалау.
- Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу