ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДАМУ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДАМУ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

 

Техникалық көзқарастан Internet — әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс істейтін, мүмкіншілігі бар барлық компьютерлерді байланыстыратын, мәліметтерді физикалық түрде өткізетін ашық желілердің барлық түрлері бойынша компьютерлік желілердің бірігуі. Интернеттегі компьютерлердің көбісі ТСР/IP хаттамасымен байланысқан. Internet – бұл бүкіл жер шарын қамтитын желілер желісі деп айтсақ та болады. Олар әртүрлі статистика жүргізу үшін, немесе сайттарының рейтингісін көтеру мақсатында қолданыс көрсеткішінің есебін жүргізеді. Интернет-технологиялар қазіргі заманда компьютерде ақпаратты тасымалдау мен өңдеу аймағындағы ең дамып келе жатқан және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Осы бағытта пайдаланылатын Қолданбалы бағдарламалар саны күннен күнге артуда. Интернет бұл әр түрлі ақпарат көздеріне қолайлы жол, мысалы, өз алдына оқу, интернет-дүкендер, интернет-банкинг және басқалар. Бұл қосымшалар желілік компьютерлер технологияларына негізделген. Қолданушылардың интерактивті байланысын қамтамасыз етеді. Интернет қосымшаларды жасау ақпаратты технологиялар облысындағы мамандардың кәсіби тәжірибиелерінің ажырамас бөлігі.

Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек.

Көптеген web-дизайнерлердің ойынша web-дизайнның негізгі мәселелерінің бірі­­ – HTML мен сценарийды әрқайсысы әртүрлі қолдайтын броузерлер мен платформалардың болуы. Әрбір жаңа броузерлерді шығару, олар­дың си­­паттары және мүмкіндіктерін жақсартады, бірақ бұл бұрынғы шығарылғандар нұсқалары жоғалады деген сөз емес. Біреулер өзінде барын қанағат тұтса, ал басқалары компьютерлік фирмалар мен мекемелер олар үшін таңдап берген броузерлермен жұмыс істейді.

Web-дизайнда қатал ережелер жоқ. Негізгі міндет – парақтағы мәліметтерді мүмкіндігінше көп тұтынушылардың пайдалануы, және де оларды жетілдіре түсу үшін нақты негіздегі жаңа технологияларды қолдана отырып тәжірибелер жасап сынақтан өткізу. Дизайнерлік шешімдердің негізі көпшілік көңілінен шығу және сайттың пайдалануын нақты айқындау.

Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer броузерлері. Қазір қолданушылар арасында негізінен екі броузер басымдылыққа ие: Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer. Олар барлық нұсқаларын ескергенде қазіргі күнде қолданылатын броузерлердің 90% жуығын пайдаланады.

Бұл екі броузер пайдаланушылар арасында өзара басымдылыққа таласуда. Олар­дың өзара таласуының нәтижесі HTML фирмалық коллекциясын тудырды, және де өзара үйлесімсіз әртүрлі технологияларды (айналымнан шыққан Dynamic HTML, және де JavaScript пен Cascading Style Sheets – үлгілердің касс­кадтық кестелері) пайда қылды. Екінші жағынан Netscape және Microsoft ара­ларындағы бақталастық web ортасының жедел дамуына әсер етті[1].

Көптеген web-авторлары өз жұмыстарын Navigator және Internet Explorer жүйелеріне бағыттайды, себебі олар пайдаланушылар арасында кең тараған. Олардан басқа да бірнеше броузерлер бар екенін естен шығармаған дұрыс.

Macintosh компьютерлері үшін жасалған Internet Explorer 4.0 нұсқасында windows үшін жасалынған функциональдық мүмкіндіктердің көпшілігі жоқ, сондықтан 4.0 нұсқасының кейбір ерекше мүмкіндіктері пайдаланушыларға жетіспейді.

Кейбір құжатталған айырмашылықтар мен кемшіліктер: іштестірілген қаріптардың қолдауының болмауы; CSS фильтрлерінің қолдауы және өтулер­дің (мәтін элементтерінде пайдаланылатын объектілер беретін көлеңкелерді ба­қы­лау­дың әсері болмауы); мультимедианы (авторлық мульти­ме­диялық прог­раммалар ортасысындағы құрылатын өтулер мен анимациялар әсерлері) басқару элементтерін басқарудың болмауы; DHTML-ді іске асыру мәселелері.

America Online броузерлері. America Online (AOL)-ді пайдаланушылар келесі жеті броузерлердің (платформаларға және AOL нұсқасындағы про­граммалық қамтамасыздандыру (пқ) ) бірін қолданады, олардың кейбіреулері HTML-дің ең аздаған ғана қолдау мүмкіндіктерін пайдаланады.

Қазіргі технологиларда America Online соңғы нұсқасы – бұл нұсқа 3. 0 және Microsoft Internet Explorer 3.0 броузерінің жетілдірілген нұсқасын пайдаланады. Бірақ бұл нұсқаға және де MS Internet Explorer 3.0 стандарт нұсқасына көп сене беруге бол­майды. Көптеген Web құраушылар өз сайттарын (басқа негізгі броузерлер­дің көбінде өте тамаша жұмыс істеген) көріп бірнеше рет өкінішке келді, себебі олар AOL жүйесінде жұмыс істегенде өз броузерінің бейнеленгенін көрді.

Қиындықтар көбіне дербес жағдайларда AOL-ның прокси-серверлері мен бейнелерді сығу тәсілдеріне байланысты болады. AOL бейнелерді сығу тәсілдері JPEG-графиктерді бейнелеу жүйесімен көбіне үйлесімсіз екені белгілі, яғни дақтар мен боялған сызықтар пайда болады. Келбеттік бейнелерді шығаруда да көптеген қиындықтар кездесті. Және де кейбір басқа техно­логиялар, мысалы Java және Cascading Style Sheets (каскадтық таблицалар үлгісі), windows 3.0 пайдаланушыларында қолданылмайды .

Бірақ оның орнына web-дизайнерлеріне көмек ретінде арнайы сайт жа­салынды және оларда AOL пайдаланушыларына қызғылықты және жұмыс істеуге ыңғайлы өз парақтарын жасауға ұмтылады. Кестелік броузерлерге ерекше көңіл бөлінеді, себебі онда әрбір броузерден (нұсқасы және платформасы бойынша) арнайы тізімдер табуға болады, және де олардың технологиялық және қолдаушы функциялары бар, ал броузерлердің жұмыс істемеу пайыздары мейлінше азаяды. (AOL сайттың адресі Web-дизайнерлер үшін: http://webmaster.info.aol.com)[2].

Opera. Opera – бұл кішкентай және қарапайым броузер және оны Осло қаласында норвегиялық компания Opera Software шығарған. Бұл броузер машинаға өте аз уақытта жүктеледі және дискета зердесінде өте аз орын алады. Opera артықшылығы оның HTML стандарттарына жауап беруінде. Жақсы броузерлер жіберетін тәгтерді (мысалы, қалып қойған жабушы тәгтер, дұрыс іштестірілмеулер және т.б.) сипаттаудағы қателіктер бұл броузермен дұрыс бейнеленбейді. Opera 5.0 каскадты таблицалар үлгісі Java-ны және DHTML-ді қолдайды.

Opera пайдалануда жиі қолданылатындар қатарына жатпайды, бірақ көптеген жағдайда оның көмегімен өз сайттарын сынақтан өткізеді, яғни кодтардың дұрыстығын тексеруге ыңғайлы.

Lynx. Lynx – бұл Web-ке тез және сенімді енетін ең көп тараған және аз шығын беретін броузер және тек қана мәтіндермен жұмыс. Ол стандарттарға ең жалпы көмекші есебінде белгілі болды және Web-парақтарын функциональдық базалық сипаттамалармен сынауға мүмкіндіктер берді. Қарапайым болғанымен, бұл броузер қатардан шыққан жоқ. Lynx тұрақты жетілдіріледі және өз­гертілуде. Қазір ол таблицалар, формалар және тіпті JavaScript-ті де қолдаушы есебінде пайдаланылады.

Адамдар шындығында да Lynx-ті пайдаланады сондықтан тапсырушы өз сайтын осы Lynx-те құруды өтінсе оған ешқандайда таң қалуға болмайды. Бұл броузер көзі көрмейтін адамдарға да маңызды: олар Lynx-тің дыбыс шығару мүмкіндігін пайдаланады.

Қандай блаузерлердің жиі қолданылатындарын білу арқылы, қайда және қандай технологияларды пайдалану керек және кері үйлесімділігін білу шешім қабылдауды жеңілдетеді. Сайтқа кіру статикасын білу арқылы әрине ең сенімді ақпараттарды алуға болады.

Сұраныстар тудыратын серверлердің ПҚ­-ларын тексеру барысында броузерлерге ену саны классификацияланады. Сон­дықтан, сайт құрушылар өз сайты­на енушілердің тек 20%-ті броузердің 4.0 нұсқасын пай­даланатынын біледі де, үлгілер таблицасын кез келген уақытта пайдалана алады.

Интернетте броузерлер туралы статистикалық мәліметтер беретін бірнеше сайттар табуға болады. Статистикада осы сайттарға енушілер талданады және де оны пайдаланушылардың таңдамалы топтары беріледі. Мысалы, сайтты пайдаланушы жаңа автомобиль алуды көздейтіндер, немесе жаңа телеарналар қарастырушылар және т. б. адамдар болуы мүмкін, олар да басқа броузерлерді пайдалануы мүмкін. BrowserWatch сайтында орналасқан ста­тистикалық мәліметтер нұсқалар және ішкі нұсқалар туралы әрбір броузерге бөлек мағлұматтар береді [3].

Гипертекстілік парақтарды құрастыру тілі (HTML – Hypertext Markup Language) арнайы web-құжаттарын жасайтын тіл. Ол броузерлерге құжат­тардағы бейнелерді көрсететін, бірақ экранға шығарылмайтын арнайы нұс­қаулар (тәгтер) синтаксистері мен орналасуларын жасайды. Ол, мысалы интер­нет желісінде, локальдық желілерде болатын басқа да құжаттарға сілтемелер жасауға қолданылады.

Стандарт HTML және де басқа стандарттар web үшін W3C (World Wide Web Consortium) консорциумының басшылығымен жасалынған. Стандарт­тарды, жаңа қосымшалар мен ұсыныстардың жобаларын, ерек­шеліктерін http://www. 3w. org/ сайтынан табуға болады. Қазіргі кезде HTML 4.0 ерек­ше нұсқалары қызмет етеді және оларды қолдау негізгі броузерлер тарабынан көптеп өсуде.

Тәжірибе жүзінде HTML стандартына тәгтердің болуы үлкен әсер етеді және олар кеңінен тараған броузерлердің қолдап ұсынғандары, мысалы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator. Бұл тәгтер HTML-дің қазіргі құрамына енуі, не енбеуі де мүмкін.

Тәгтер туралы ақпараттар HTML Compendium (HTML бойынша қысқаша нұсқау) Ron Woodall-да жасалынған. Компендиумде тәгтер тізімі және олардың атрибуттары алфавиттік ретте беріледі, және де олардың әрқайсысын қолдайтын броузерлер туралы жаңадан өзгертілген мәліметтер беріледі. Ком­пендиум HTML http://www. htmlcompendium. org сайтында орналасқан. HTML-ді өңдеу жабдықтары. HTML құжаттары қарапайым мәтіндік ASCII-файлдары. Бұдан оларды жасау үшін кезкелген редакторды пайдалануға болатынын көруге болады, тіпті мүмкіндіктері өте аз редакторларды да. HTML-ге арнайы өңдеу орталары да жасалынған. Олар уақытты ұтымды пай­далануға көмектеседі, себебі қайталанатын амалдар үшін арнайы тез орын­далатын пернелер бар, мысалы, құжаттардың бастапқы нұсқаулары, кестелер және мәтіндердегі қарапайым үлгілер. HTML редакторы авторлық WYSIWYG-жабдықтық редактордан өзгеше, сондықтан HTML редакторында жұмыс істей білу, редакторлау процессін жеңілдетеді және тездетеді [4].

Windows қолданушыларына HomeSite компаниясы ұсынған қуатты және қымбат емес редактор HTML-ді тексеру керек. Онда HTML конструкциясында бояулармен бөлу, функция FTP, синтаксистік тексеру және жазу ережелері, көп файлдық іздестіру және ескертпелер туралы көп мәліметтер болады. Бұдан басқа да арнайы командалар және шаблондар өте күрделі элементтер жасауға (фреймдер, JavaScript және DHTML көріністері) жасалынады. Ақпараттар және жүктеуші көрсеткіш үлгі программалар (үп) httр://www. allaire. com/ адресінде берілген.

Macintosh компьютерлерінде жұмыс жасағанда көп көңіл бөлінетін бағдарлама коммерциялық HTML-редактор- Bare Bones Software компаниясы. Ол Web-жасаушыларының арасында өзіндік салмақ алады және де Macintosh компьютерлерінде жұмысты тиянақты орындайды. Оның құрамына ыңғайлы және тез жұмыс істейтін HTML-жабдықтары кіреді және де аспаптар, көпфайлды іздеу және ауыстырулар, іштестірілген FTP-функция, 13 бағдарлама тілдерін қолдайды, кесте құрушы, HTML синтаксистерін түзетуші және де көптеген функциялар кіреді. Қосымша мәліметтер және үлгі программалар http://www. bbedit. com. адресі бойынша табылады [5].

Авторлық жабдықтар WYSIWYG. Соңғы жылдары авторлық жабдық­тардың пайдаланушылар арасында кеңінен таралғаны мәлім. HTML-редак­торлар классы WYSIWYG (What You See Is What You Get – не көрсең соны аласың) графиктік интерфейс болады және де ол HTML сипаттамасында мәтін­дерді редакторлау программаларына және парақтарды жасаушыға келеді. Бұл программалардың бастапқы мақсаты пайдаланушыларды HTML тәгтерінен босату болды, яғни айтқанда, парақтарды жасау программалары қолдану­шыларды PostScript тілінің командаларын теруден қорғайды. Бүгінде олардың қажеттіліктері өсті, себебі олар құжаттарды шығаруды автоматтандыру дең­гейін күшейтті, HTML-де берілген құжаттарға ену мүмкіндігі көбейді.

Қазіргі кезде Web-те барлық графиктер екі формада беріледі: GIF және JPEG. Бұларға таласатын үшінші графиктер түрі – PNG форматында беріледі жә­не броузерлерді қолдауға үлкен үлес қосады. Әрі қарай осы графикалық форматтар туралы айтылады. Бұлар туралы ақпараттар тарауларда мейлінше толықтау келтіріледі, яғни олардың форматтарына тоқталынады.

GIF. GIF – Grafic Interchange Format-ты Web файлдарында жиі қол­данылатын форматы деп қарастырылады. Ол Web-броузерлерін қолдайтын бірін­ші форматтық файлдар, және де осы күнге дейін негізгі Web графи­касының форматтарының бірі болып есептелінеді.

Оның қасиеттері:

  • бояулар саны 256-дан артық (кем болуы жиі кездеседі) болмайды;
  • бояулар палитрасын пайдаланады;
  • LZW тәсілі бойынша ақпараттарды жоғалтпай сығуға болады (PKZIP архиваторында қолданылатынға ұқсас, және айта кететін жағдай GIF-файлдары әрі қарай сығылмайды);
  • жоларалық жинақтауларды қолдайды;
  • ағымдық формат болып есептелінеді, яғни картинкаларды көрсету, көшіру кезінде бастала береді;
  • бір бояуға палитрада мөлдір түсті атрибут бекіте алады, яғни GIF деп аталатын мөлдір атрибуттар жасай алады;
  • бір файлда бірнеше бейнелерді сақтау мүмкіндіктері болады, яғни өзіне анимирленген GIF-терді дайындауда қолданылады;
  • басқару блоктары файлдарына енгізу мүмкіндіктері қолданылады және де түсінектемелерді файлдарға жазуға болады (мысалы, авторлық құқықтар), бейнелерді көрсетуде уақытша тоқтатуды ұйымдастырады.

Осы қасиеттер не үшін пайдаланатыны туралы қасқаша түсініктемелер беретін болса, жоғарыда айтқандай, GIF 256 бояудан артық пайдаланбайды, ал бұл сақтайтын барлық бейнелерде GIF-форматы осы шектеулерге жауап беру үшін айқын, немесе айқын емес бояулар санын азайтады деген сөз. Мұнда әртүрлі программалар жетістіктері әртүрлі. Бұдан шығатын қорытынды – егер әдемі суреттерді жайлап бірсарынды өткізіп қарайтын болсақ және әрең көрінетін бояулы болса, онда түрлендірулерден кейін бәрі бұрынғыдан да нашар болады, тіпті бар суреттер табиғи түрінен айырылады, нақты емес түрге енеді. Сондықтан, егер суреттерді GIF форматында сақтау керек болса және оның бояу түрлерін сақтау керек болса, онда қулыққа көшуге тура келеді. Мысалы, суреттерге қандай да бір художествалық фильтр қолдану керек және осы суретке айналдыру, немесе жарығын азайту керек. Бүл жағдайда суреттер мен сызбаларды сақтау мәселелері шешіледі және олар жақсы сығылады, көп бояуларды да керек етпейді.

JPEG. Web-тағы екінші кең көлемде пайдаланатын графикалық формат­тардың бірі JPEG – Joint Photographic Experts Group. Ол бояулар туралы 24-разрядтық ақпараттар береді. Бұл 16,77 млн бояулар GIF форматындағы 256 түтге қарсы жауап. JPEG-те жоғалтып сығу деп аталатын ұғым пайдаланады. Немесе сығу кезінде бейнелердегі кейбір ақпараттар алынып тасталынады, бірақ көптеген жағдайларда сапаның нашарлауына нұқсан келмейді және көбіне байқалмайды да.

Суреттер, немесе басқа да бейнелерде бірыңғай болатын бояуларды JPEG-форматында сақтау тиімді, себебі бейненің жоғары сапада болуына әсер етеді, файл көлемін азайтады. Бірақта JPEG-ті бірыңғай бояулары бар графикалық бейнелерді (ГрБ) пайдалануда жақсы шешім бола алмайды, себебі бұл формат бояуларды ұсақтау тенденциясына ие және соңғы файл осы бейнені сақтайтын GIF-файлына қарағанда үлкен болып шығады [6].

PNG. Web-те пайдалануға бақталас үшінші түрлі графикалық формат бар. Бұл формат PNG – Portable Network Graphic. Ол көптеген жетістіктеріне қарамай 1994 жылдан бастап көлеңкеде қалды. Тек жақыннан бастап қана броузерлер PNG-ні іштестірілген графика түрінде қолдана бастады, бірақ PNG web-те өте көп тараған формат болуға толық мүмкіндігі бар. Сондықтан да ол «үлкен үштікке» енуге толық құқықты. PNG 8-разрядты индекстелінген бояуларды, 16-разрядты, немесе 24-разрядты толық түрлі бейнелерді пайда­ланып ақпараттарды жоғалтпай сығу мүмкіндігіне ие. Бұл өте жоғары сапалы бейнелерді алуды қамтамасыз етеді және GIF файлдарынмен салыстырғанда аз көлемдегі файлдарды құрастырады. Мұнан басқа, PNG файлы кейбір тамаша функцияларға ие, мысалы, іштестірілген гамма коэффициенттерін басқару функциясы, және мөлдірлік деңгейін өзгерту (бұл суреттің келбетін алып тасталынатын жұмсақ көлеңкелер арасынан көру мүмкіндігі) функциялары.

Бейнелер файлдарының жұмыс режимдері және өлшемдері. Web бейнелері тек дисплей экрандарында болатығына байланысты, олардың жұмыс режимдерін дюйм пикселдерде (ppi – pixels per inch) өлшеу техникалық дұрыс шешім деп есептелінеді. Жұмыс режимдерін басқаша өлшеуге де болады – дюймдегі нүктелер саны (dpi – dots per inch) және де олар бейнелерді баспаға шығаруға арналған және баспаға шығару қондырғысының мүмкіндігіне тәуелді.

Бірақ графиктер өлшемдері дисплей жұмыс режимдеріне тәуелді, сондықтан дюймде өлшемдер Web-ортасы үшін қолдануға жарамсыз болады. Бірден бір маңызды өлшем бірлігі пиксел болып есептелінеді.

Тәжірибе жүзінде жұмыс режимдерін 72 ppi (бұл экранда берудің ең жақсы тәсілі) түрінде беру және де жалпы өлшемдерді пикселдерде беруге дұрыс көңіл бөлу керек. Web графиктерін жасау процесстерінде дюймдерді пайдалану дұрыс емес. Парақтардағы бейнелердің өлшемдерін басқа бейнелермен салыстырудың маңызы көп және броузер терезелерінің де өлшемдерін салыстыру керек.

Мысалы, көптеген пайдаланушылар бұрынғыдай 14-дюймдік дисплейде 640×480 пикселдік жұмыс режимдерін пайдаланады. Экран кеңістігін ГрБ-мен тұтас толтыру үшін ең жақсысы оның енін 600 пикселден (пикселдердің оң және сол жақ бөліктері терезелерге пайдала­натынын және айналдыру алаңдарын ескеру керек) артық қылмау. Қалған бастырмалардың өлшемдері және бейнелері парақтарда пикселдермен ені 600 пик­сел болатын банеpлерге сaлыстырмалы өлшенеді.

Файлдар өлшемдері. Танымалы web-тің бүгінгі жетістіктері, әлбетте, гра­фикаға байланысты, бірақ көптеген пайдаланушылар web графикасына бір жағынан сүйіспеншілікпен, екінші жағынан сенімсіздікпен қарайтынын дизайнер ретінде әрбір веб программашылар білуі тиіс. Графика web-парағын желіге беруге керекті уақытты көбейтетінін ұмытуға болмайды; көп көлемдегі графиктер жүктеуге кететін уақытты арттырады және пайдаланушының шыдамын тауысады, әсіресе, егер ол стандарт модемдік қосылыстарды пайдаланатын болса.

Мұндай жағдайларға байланысты web-дизайнер үшін бір ғана ең маңызды ереже бар: графикалық файлдың бейнелерінің өлшемі мүмкіндігінше аз болуы керек! Желілер арқылы берілетін бейнелер жасаушыларға оларды жүктеу уақытын ескеру жауаптылығына ерекше көңіл бөлу керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кирсанов Д. Веб-дизайн. -СПб.: Символ-Плюс, 2001.-376 б.
  2. О безопасности и охраны труда от 28 февраля 2004 г.
  3. Петюшкин А. HTML-Экспресскурс. – СПб.: 2003.
  4. Гончаров А. Самоучитель HTML. – М.: 2002.
  5. Дмитреева М. В. «Java Script» СПб:БХВ – Петербург, 2002 .
  6. Полонская Е. М. «Язык HTML:Самоучитель» Диалектика, 2003.