Бейінді оқытуда «Практикалық қазақ тілі» курсының білім сапасына ықпалы

 

Курстың мақсаты:

Тіл білімінің салаларын жүйелі меңгере отырып, оны практикада қолдана білетін коммуникативті біліктілігі дамыған тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу

 

Курстың міндеттері:

  • оқушының лингвистикалық дүниетанымын жетілдіру;
  • таңдаған бағыты бойынша өз даму деңгейіне шығуына қолайлы жағдай туғызу;
  • базалық білімді түрлі жағдайда жан-жақты қолдануға мүмкіндік жасау;
  • теориялық білімді шығармашылық- жобалаушылық әрекетпен ұштастыра білуге дағдыландыру.

 

Болжам:

Егер ана тілінің қызметін жүйелі меңгеріп, сөздердің орнын, қызметін білсе, онда

Күтілетін нәтиже:

  • әлеуметтік ортада білімді өздігінен табуы, жаңа танымдық-практикалық міндеттерді осы білім арқылы шеше білетін;
  • түрлі жағдаяттардың барлық түрлерінен, оның ішінде эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық әрекеттерді шешуге, өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесіне байланысты сұрақтардың жауабын табуға мүмкіндік алады.

Пререквизит:

Курсты жеткілікті дәрежеде игеру үшін оқушыларда тіл білімінің тараулары бойынша толық теориялық мағлұмат болу қажет.

Постреквизит:

« Практикалық қазақ тілі» курсы арқылы  тіл білімінің салаларын практикалық тұрғыдан сатылай талдайды, пәнішілік / әдебиет, тарих, музыка, бейнелеу өнері/ байланыс арқылы бекітеді.

 

Оқушыда қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер

  1. Ақпараттық құзыреттілік

 

ІІІІІІ

 

  1. Коммуникативтік құзыреттілік

 

ІІІІІІ

 

  1. Проблеманы шеше білу құзыреттілігі

 

 

ІІІІІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу тәртібі

 

Жұмыс түрімақсатыҰсынылған әдебиеттер тізіміОрындалу ұзақтығыБалдық көрсеткішіТексеру формасы
Дәріс сабақТеориялық мағлұматтарды еске түсіруНегізгі әдебиеттерОқу жоспарына сәйкес5
Практикалық жұмысОӨЖ тіл білімінің салалары бойынша талдау жұмыстары жүргізуҚосымша әдебиеттерСабақ кестесіне сәйкес10Ағымдағы бақылау
Ауызша жұмысМОӨЖ жоспарына сәйкес жұмыстар жасауҚосымша әдебиеттерСабақ кестесіне сай оқу кезеңінде15Аралық бақылау
Жазбаша жұмысМОӨЖ жоспарына сәйкес бақылау, өздік, шығармашылық жұмыстар жасауҚосымша әдебиеттер, тест жинақтарыОқу кестесіне сәйкес20Қорытынды бақылау

 

 

Білімді бағалау саясаты

Оқушылардың курс бойынша оқу жетістіктері пайыздық көрсеткіші арқылы бағаланып, оның деңгейлері төмендегідей анықталады:

Бағаның әріптік эквивалентіБағаның сандық эквивалентіПайыздық  көрсеткішДәстүрлі бағалау жүйесіӨлшемдері
А495-100өте жақсыОқушы   бағдарламалық  материалдарын терең және берік меңгереді,  сауатты жұмыс істеп  және логикалық негізде жүйелі білімін көрсете  алады. Түрлендірілген тапсырмаларды орындайды. Қосымша дерек көздерін қолдана отырып, жан-жақты білім көрсетеді,  шешімдерін дұрыс негіздей алады, практикалық әрекеттің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген, іскерлігі жоғары, өздік жұмыстарды қатесіз орындаған.
А-3.6790-94
В+3.3385-89ЖақсыОқушы бағдарламалардағы  материалды жетік біледі, барлық элементтерін сауатты түрде меңгерген, дегенмен, жауабында ауытқулар кездеседі, теориялық білімді дұрыс қолданады, практикалық әрекетте қажетті білім, білік, дағдыларды меңгергендігін көрсете алады.
В380-84
В-2.6775-79
  С+2.3370-74Қанағатта-нарлықОқушы  тек негізгі материалды  меңгеріп, жекелеген детальдарын меңгермеген, нақтылық көрінбейді, практикалық тапсырмаларды орындауда қиындықтар кездеседі.
С265-69
С-1.6760-64
D+1.3355-59
D150-54
F00-49Қанағат-танарлықсызОқушы бағдарламаның материалының көп бөлігін  меңгермеген, елеулі қателіктер жіберген, практикалық тапсырмаларды қиналыспен орындайды.

Оқушыны қорытынды бағалау

Межелік бақылау-40%

Қорытынды жоба  -60%

Қ%=( М123)/3*0,4+ҚЖ*0,6

М12,М3 – межелік бақылаулардың пайыздық көрсеткіші

ҚЖ-қорытынды жобаның пайыздық көрсеткіші

 

 

Сабақ жүйесі

  • жеке жұмыс / МОӨЖ/ шығармашылық жұмыс
  1. тақырыптар ұсыну;
  2. тақырып таңдау, әдебиеттер тізімін жасау;
  3. тақырыптың мақсат, міндетін айқындау;
  4. жоспар құру, шығармашылық жұмыс жасау;
  5. қорғау.
  • жұптық жұмыс / ОӨЖ/ практикалық жұмыстар
  1. тақырыптар әзірлеу;
  2. тақырыптың теориялық тірек сызбасын жасау;
  3. талдау жұмыстарын жүргізу;
  4. тестік дәлелдемелер.
  • Топтық жұмыс / теориялық бөлім/
  1. тақырыпты ұсыну;
  2. негізгі әдебиеттермен танысу;
  3. тірек сызбалар жасау.

 

Рефлексия / оқушының өз әрекетіне талдау жасауы/

  • мұғалім ұсынған ақпаратты меңгердім;
  • өз әрекетімде ақпараттан дәлелдер келтіре білдім;
  • теориялық білімімді практикада көрсете алдым;
  • тірек сызба жасауда ақпаратты жүйелеу тәсілін меңгердім;
  • белгісіз екі ұштылық жағдайда шешім қабылдап, қорытынды жасай алдым;
  • сұрақтарға сәйкес жауаптарды таба білдім.