Оқушылардың салауаты өмір сүру салтын қалыптастырудағы физика пәнінің рөлі
Оқушылардың салауаты өмір сүру салтын қалыптастырудағы физика пәнінің рөлі
Салауатты өмір салты тұлғаның дамуы мен тәрбиесінде мыңызды рөл атқара келе, қалыпты өмір салтының басты құрамдас бөлігі болып табылады.
Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік мыңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.
Салауаттылық ұғымы – қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда, өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.
Салауаттылық – ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті, қарапайым түрде айтсақ, адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы сауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни, әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесіне жүктелген мыңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
ҚР Конституциясының 29 бабында «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» деп көрсетілген. Денсаулық дегеніміз — адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен сусындыратын мектепке және қоршаған ортаға байланысты.
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары , көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті — әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту.
Қазақтың белгілі ақын-жазушысы М.Жұмабаевтың мына тұжырымына тоқталатын болсақ бүгінгі күні көтеріліп отырған маңызды мәселенің түп — төркіні осында деп ойлаймыз. Ол баланың өсіп, жетілуіндегі, жеке дамуындағы ортаның ықпалымен айналасындағы жауапты адамдардың қауметін бойынша түсіндіреді: «Бала ауру, зағип болса, баладан емес тәрбиешіден, бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы». Мұндағы баланың денсаулығы мен жеке дамуына тікелей ықпал етуші факторлар атап көрсетіліп, тәптіштеп түсіндіруі тегін емес.
Егер мектеп жасындағы бала өз өмірінде кімнің жанында көп уақыт болатынына көңіл аударсақ, әрине ата-анасымен және мұғаліммен бірге болатыны баршаға аян. Сондықтан сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етері сөзсіз.
Сондықтан да әріптестеріміздің есіне салатын ең маңызды нәрсе — сабақ жоспарын құруда өзімен бірге айналасындағы адамдардың тікелей қарым -қатынаста болатын баланың денсаулығы басты назарда болуы тиіс.
Ауыру – бұл медициналық категория. Ал денсаулық – генетикалық потенциалдарды іске асырудың өлшемі. Тәрбие үрдісінде келесі потенциалдар дамиды – психикалық, тәндік және рухани-құлықты. Адамның отбасында, бала-бақшада, мектептегі тәрбиесі барысында денсаулығы дамып, нығаяды немесе тозады. Сонда баланың денсаулығына мектепте қандай шарттар мен факторлар әсер етеді екен?
Бірінші – әдістемелік-бағдараламалаушы методикалар. Жалпы оқу үрдісі оқушы ағзасының қысылып өсуіне себепкер болуы мүмкін. Қозғалыс аз болғандықтан тез жалығып кетеді.
Екінші – оқушыларға мектеп ортасының созылмалы әсер етуі: жабық бөлме, біркелкі әрі қолдан жасалған элементтермен толтырылған шектелген жазықтықтар.
Үшінші – оқу үрдісінің вербальді принципі, кітаптағы дайын материал. Бұл жағдайда оқушының шығармашылық қабілеті шектеліп қалуы мүмкін.
Оқушылардың денсаулығы қалыпты болады егер:
- Оның денсаулығы оқу жүктемесіне сай келіп, өзінің шаршағандығын жеңе білсе;
- Ол жан-жақты және оңай тіл табыса білсе;
- Бала байсалды, кез келген нәрсеге шаттанып, таңырқай білсе;
- Оқушы өз бетінше білім алып, жақсы нәтижелер көрсетіп, байқампаз болса;
- Ол негізгі адами құндылқтарды түсіне білсе.
Әрине, оқушының денсаулығы оның мектепке түскендегі қалпына байланысты болады, бірақ оқу үрдісін де дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор, атап өтсек:
- Жағымды эмоциональды көңіл-күй;
- Гигиеналық талаптардың орындалуы;
- Сабақты оқушылардың жұмыс істеу қабілеттіліктеріне сай өткізу;
- Сабақта сергіту сәттері мен динамикалық үзілістер жасау.
Сабақтың алғашқы минуттарынан, амандасудан бастап жағымды эмоционалды көңіл-күй орнату керек, өйткені көбінесе оқушылар мұғалімнің көңіл-күйін өздеріне қабылдап алу қабілеттері бар. Физика сабағын бастау да осыған негізделуі керек.
Ұйымдастыру кезеңі кабинеттің дұрыстығын, ауаның тазалығын, оқушылардың жұмыс орындарын тексеріп, оларды түгендеуден басталады. Әрине кабинетті мұғалім үзілісте тексеріп шығуы қажет. Ал әрбір оқушы өзінің жұмыс орнын ретке келтіруге дағдылануы тиіс. Сыныпта міндетті түрде кезекшілік анықталып, кезекші оқушы әр сабақ басында кабинетті реттеп, ауасын желдетіп, тақтаны жуып дайындап отыруы керек.
Оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Сондықтан мұғалім оқушының шаршауын болдырмай, оны қызықтырып отыруы керек. Сабақ барысында оқушының эмоционалды күйін бақылап, тапсырмаларды оның мүмкіндігіне сай үйлестірген жөн.
Шаршауды болдырмаудың бірден-бір шарты сабақтың уақытын дұрыс, әрі тиімді пайдалану. Физика бұл өте күрделі пән, бәріне жеңілдікпен беріле бермейді. Жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланған да жақсы нәтижеге жеткізеді. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай тәсілдердің қолайлығын да талқыға салып отыру керек. Кейбір кездерде ережелерді, тіпті терминдерді бірге атап өткен жақсы болады, өйткені кейбір терминдерді оқушылар үнемі естіп жүргенімен, айта алмай қалулары мүмкін, ол әрине жолдастарының алдында ыңғайсыздыққа алып келеді.
Әрекетті ауысытырып отыру да – демалыс екендігін ұмытпаған жөн. Сабақ жоспарын құрғанда әрекет бірегейлігін болдырмау қажет. Қалыпты жағдайда 4-7 әрекет ауыстыру шарт.
Физика сабағында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрине динамикалық сергіту сәттерінің алатын орны ерекше. Оларға мысал ретінде келесі ойындарды атап өтуге болады:
- Доппен ойын:
Мұғалім допты лақтырады, оқушы жауап беріп қайтарады. Мысалы:
- Массаның өлшем бірлігі?
- Килограмм
- Қандай аспаппен өлшейді?
- Таразы.
- Шама – өлшем бірлік. Мысалы: ара қашықтық – метр, см, км, мм…
- Ұшқыр көз. Ешбір өлшеулерсіз анықта: кесіндінің ұзындығын, стакандағы судың көлемі…
- Құралдар атаулары. Берілген қалалардың аттарын бас әріптері қандай да бір құралға сәйкес келетіндей етіп орналастырып, оған анықтама беру керек. Мысалы: Киев, Уфа, Звенигород, Рига, Новосибирск, Архангельск, Ереван. Жауап: мензурка – сұйықтың көлемін анықтауға арналған құрал.
- Артық сөзді алып таста. Мысалы: масса, көлем, тығыздық, жылдамдық, газ, қысым.
Оқу үрдісінде оқушыларға бұрын өткенді қайталай отыра, сол материалды үнемі жаңалап отырып, басқа қырынан көрсете білу керек. Өйткені бір айтқанды қайталай берген оқушыларды жалықтырып жібереді. Әрине оқушыны қызықтыру үшін, алдымен мұғалім өз пәнін сүюі қажет. Ал қызығушылық танытқаннан кейін, оны өшіріп алмаудың келесідей амалдарын келтіруге болады: салыстырулар, қарама-қайшылықтар, оқытудың әр түрлі тәсілдері, қызықты тәжірибелер, көрнекі түрде ұйымдастырылған фронтальді зертханалық зерттеулер, ойындар, жарыстар, диспуттар т.б.
Физика пәнін салауаттылық тәрбиесімен ұштастыра отырып оқытуға болады. Сөзім дәлелді болу үшін мынадай сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.
Тақырыбы: «Физика және салауатты өмір салты»
Мақсаты: 1. МКТ негіздері бойынша білімді жалпылау, жүйелеу және бекіту;
- Анализ және синтез жасау дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын дамыту;
- Құбылыстардың өзара байланыстылығын ашып көрсету, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді қайталау, жалпылау.
Оқыту әдісі: эвристикалық.
Сабақтың барысы
І Кіріспе
- Бүгінгі сабағымыз салауатты өмір салтына арналып отыр. Себебі денсаулық бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Табиғат бізді қоршаған ортаға, Жер бетіндегі құбылыстарға бейімделу қабілетімен дарытқан. Сабақта физикалық құбылыстардың адамға әсері мен зиянды әрекеттерін азайту тәсілдерін қарастырамыз. Алдымен МКТ-ның негізгі қағидаларына тоқталып өтейік, өйткені кез келген денелердің қасиеттері мен қылықтары өзара әрекеттесетін бөлшектерге тәуелді.
Зат неден тұрады? /молекула/
Молекула? /атомнан/
Атом? /ядро мен электрондық қабықша/
Атом ядросы? /протон мен нейтрон/
Нейтрон? /электрон, протон, нейтрино/
Бұл бөлінудің шегі ме? /жоқ/
Алдарыңда әр түрлі құбылыстар көрсетілген, олардың адамның өміріне қандай әсерін /оң, теріс/ тигізетіндігін жазып шығыңдар.
Радиоактивті сәулелер | |
Рентген сәулелері | |
Магнит өрісі | |
Электр өрісі | |
Ультракүлгін сәулелер |
ІІ Негізгі бөлім
- Кестені толтыра келе денсаулығымызға қанша фактордың әсер ететіндігін көрдіңдер. Медицина профессоры Н.Амосов есептеулері бойынша 1-2 % адам ғана өз денсаулығымен айналысады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,- дейді қазақ атамыз, бірақ бұл қағиданы біз ұмытып кетіп бара жатқан сияқтымыз. Дене тәрбиесінің дағдыланбауы көптеген аурулардың себебі болады. Бүгінгі сабаққа оқушылардың дайындап келген шағын хабарламаларын тыңдап шығайық.
- Жер бетінің тұрғындарына ғарыштың әсері.
- Метеошарттар және олардың Жер бетіндегі аурулардың таралуына әсері.
- Қанның физикалық сипаттамалары.
- Көрдіңіздер ме ағзамызға қаншалықты зиянкестер әсер етуі мүмкін. Бірақ табиғат бізде ерекше қасиетпен дарытқанын ұмытпағаймыз. Ол — дене шынықтыру. Денені шынықтыру арқылы өз иммундық жүйемізді қалыпқа келтіре отырып, оны әр түрлі зиянкестерге қарсы тұруға бейімдейміз.
Денені шыңдау үшін судың қолайлы температурасы қандай?
Ол абсолютті шкала бойынша нешеге тең?
Температураны басқа өлшем бірліктермен өлшеуге бола ма, мысалы Джоульмен?
Ол үшін зат туралы тағы қандай мәліметтерді білуіміз қажет?
Д.И.Менделеев былай деп айтқанды ұнататын екен: «…еңбексүйгіштіксіз ешқандай талант та, гений де бола алмайсың». Сондықтан да адамның жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру үшін ағзаға жатығулар жасап отырып, демалыс уақытын да дұрыс белгілеп алған жөн.
Ежелгі Русь халқы «Денсаулыққа жол — азаппен ғана келеді» деп ойлаған. 17 ғасырда қария Капитон өзінің үстінде салмағы 48 килограмм тас қашауларын көтеріп жүрген, өзін төбеге асып қойып ұйықтаған, тек күнара кепкен нанмен ғана тамақтанған.Сол заманда орташа өмір сүру ұзақтығы 60 жас болғандығына қарамастан, ол 80-нен астам жыл өмір сүрген. Александр Суворов та өзін осындай азаптарға салған екен. Қазіргі заманғы адамдарды мұндай әдістермен қызықтыра алмайсың. Сондықтан профессор С.Далецкий арнайы жаттығулар кешенін жасапты, оған күнделікті би билеу де кіреді.
- Біз біраз ақпарат алып, демалған сияқтымыз, ендігі кезекті тақырыпқа байланысты есеп шығаруға берейік. Есеп шығару
- Сабақтың соңында тағы бір зерттеу жұмысына кезек бергім келіп отыр.
Оқушы хабарламасы «Бойға тапсырыс». Хабарлама барысында «Өскім келеді» атты жаттығулар кешені өткізіледі.
- Қолды жоғары көтеріп, созыла-бұрыламыз.
- Қолды желкеге желкеге қоямыз да, денені 900 бұрышқа төмендетеміз.
- Денемізді бос ұстаймыз.
- «Мостик».
Қорытынды
- Ғылым адамға өзінің әлемдегі орнын анықтауға көмектеседі. Бір пәлсападан сұрапты: «Ең басты не: байлық па мансап па? Дананың жауабы: «Байлық та, мансап та адамды бақытты қыла алмайды. Денсаулық – бақыт пен қуаныштың негізгі көздерінің бірі». Мен де сендерге мұны тілеймін!
Жоғарыда атап өткенімдей әрбір тақырыпта салауатты өмір салтын дәріптеуімізге, сонымен қатар экологиялық тәрбие беруімізге мүмкіншілігіміз мол.
Қорыта айтарым, бүгінгі күннің талабына сай білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлері бірігіп, балалардың үйлесімді өсуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын сақтап нығайту, бар мүмкіндікті пайдаланып оқушылардың білімді, толыққанды жетілген психологиялық тұлға ретінде тәрбиелеу және де амандық, саулық – ең бірінші байлық екенін ұғындыру.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
- «Қазақстан – 2030» стратегиясы
- «Қазақстан мектебі» журналы,
- «Физика және Астрономия» әдістемелік журналы
- «Физика» оқулығы, 10 сынып