Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары

 

 

 

Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары

 

Жаһандану заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезі. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз — білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Қазіргі бала электрондық мәдениеті әлемінде өмір сүруде. Мұғалімнің ролі де өзгерді — ол ақпараттық тасқынның бағыттаушысы болу тиіс. Демек,ақпараттық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім – педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болу керек. Балалардың ой-өрісін кеңейту, қоршаған орта туралы білімдерін тереңдету, ой-іскерлігін қарқындату бастауыш сыныптар мұғалімінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бүгін дәстүрлі сызбаға «мұғалім-оқушы-кітап» жаңа түйін еңгізілді ол – компьютер. Сондықтан мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалімнің өзінің иновациялық іс-әрекетін қалыптастыратып, оны меңгеріп, сол жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет. Сонда ғана технологияны меңгерген, өз тәжірибесінде қолданған әрбір мұғалім өз сабағын  нәтижелі дамығанын көре алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Әсіресе жиі қолданатын бұл – интерактивті тақта. Оны кез келген сабақта қолдану, оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады.

Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, оны пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады.

Ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар «Алқан соқпақ», «Тақия тамақ», «Тартыс», «Айгөлек» т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.

Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар – халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой – сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.

Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.

Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.

Бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің нышандары оянып, қалыптыстыруға ыңғайлы уақыт. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту бағдарламасы танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Баланың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеген ғалымдар Д.Б.Занков, Б.Тұрғынбаева, Қ.Бозжанова, Е.И.Рогов, М.Р.Битянова т.б. жаңа бағдарлама қабілет табиғатына сүйене отырып оны дамыту жолдарын көрсеткен.

Ойлау процесін, басқа таным процестеріндей, арнайы жаттығулар көмегімен дамытуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті олардың тіл байлығымен, сөйлеу ерекшеліктерімен, ұғымдық қорының қалыптасқаны мен бағаланды. Оқушының ойлау қабілеті мектепке келгенде нақты пайымдау, сөздік-бейнелі деңгейде болса. Төрт жылдық ішінде сөздік — логикалық деқгейде қалыптасып, одан әрі ұғымдық-логикалық ойлауға аяқ алуы қажет.

Сондықтан оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет. Осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардық мән-мағынасына түсініп, негізгі қасиеттерін анықтауға қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді. Табиғат ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне байланысты құбылыстарды салыстырмалы түрде меңгеру арқылы талдау, жалпылау операцияларын меңгерді.

Сондықтан ойлау процессін дамытуға әсерін тигізетін әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта білейік. Ойы зерек, ақылы зор, болашаққа бастар «Нұрлы жолмен» нық жүретін тұлғаларды тәрбиелейік.