«Бастауыш сыныпта оқушылардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту»
I Кіріспе бөлім
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы.
Математика т.б. пәндердің маңызы.
II Негізгі бөлім
а) Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысы
ә) Сөздік қорын қалыптастырудағы математика, дүниетану сабақтарының маңызы.
III Сөздік қорын байытып, тілін дамыту – басты міндет.
Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта оқушылардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту.»
Тіл – адам мен адамды , ұлт пен ұлтты жақынадастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлеу- адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлейді. Жер бетіндегі бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына , уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып отырады. Қазіргі уақыт талабына сай сабақтары жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынады. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халықпедагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып , сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланылады. Сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, , жарыс сабағы6 тест әдісі , шығармашылық жұмыс түрлері өткізіледі.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын жеткізіп айту, еркін сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жылдамдыққа, тазалыққа , ұқыптылыққа баулу. Тез ойлану қабілеттерін дамыта отырып әр оқушыдан толық жауап алу мақсатында математикалық тілін, логикалық ойлау қабілеттерін жақсарту басты мәселе.Тіл -тәрбиенің басты тірегі.Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты.Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен , әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз.Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білу керек, сол себептен әр сабақта бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды.. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса , жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру .Ертегі , әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең , жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды. Тіл дамыту жұмыстары жеке пәннің әр сабақтарында қолданып тұрамын.
Ол- математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері.
Осы пәндерді тіл дамыту, баланың сөздік қорын байыту жұмыстарын тоқталамын.
Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысы «Тіл және сөйлеу»,«Жазбаша және ауызша тіл» тақыраптары бойынша берілген. Оқулықтан басқа қосымша тапсырмалар қолданылады. Мысалы:ребустар шешу, мәтінді аяқтау, мәтінді басқаша қалай атауға
болады. «Мақалды тауып оқы», «керекті сөзді тап», «Кім көп біледі?» әр оқушы жеке орындайды. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады.
«Буын», «Тасымал» тақырыптары бойынша «Мақалды тауып оқы» ойыны қолданылады. Маңызы өте зор, бала біріншіден ойланады, екіншіден мақалды табады, жаттап алады, мағынасына, тәрбиелік мәніне көңіл бөледі.
дың | жа | де |
ны | сау | ні |
Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде «Кім тез табады?»,«Орнын тап?» ойындыры қолданылады.Атақты , білімді адамдардың есімдерін құрастыру.Осы табылған сөздерге сөйлем құрастыру , адасқан әріптерді таптыру.
ЙААБ—
АЫРБЙЫ—
НБЖНАУАЫР—
1 топ 2 топ 3 топ
Жаңақала Балқарағай Бірқазан
Жаңа бал бір
Қала қарағай қазан
Қал қара қаз
Ақ аға қар
Аң арай қан
Лақ ай бақа
Жақ қар біз
Қалақ балға нар
Қақ қарға ар
алаң ара ін
Күнделікті сабақта шығармашылық жұмысы , минуттық көркем жазу, диктант, әріптерге сөз ойлау жүргізіледі. Мақал- мәтелдер сайысы, 3 топ жарысады.
|
|
|
Түбір , / қосымша/ жұрнақ, жалғау тақырыбына байланысты 3 топты жарыстыру.
«Қызықты сөз» тура оқысаң да , кері оқысаң да сол сөз шығады.
Шаш, ана, ала, ата, қызық, ара, қазақ т. б. «Баспалдық» ойыны, қай топ сүрінбей , жылдам түседі?
«К» әрпінен басталып «к» әрпінен аяқталады.
Қазақ тілінде үй тапсырмасынан басқа қосымша жұмыс беріледі.
Сөзден көп сөз ойлау, сөздерге сөйлем құрастыру, тақырыпқа байланысты мақал жаттау.Мысалы: Мейірім, мұғалім, оқушы, отан, өтірік, Қарағандыкөл т.б.
Математика пәнінде де баланың тіл байлығын дамыту үшін олардың математика тілде сөйлегені тиімді.Мұнда да сабақ барысында түрлі ойын элементтері қолданылады немесе сабақ соңында математикалық ойындар ойналады. «Баспалдық», «Шеңбердегі мысалдыр» ойындарында қай топтың балалары бірінші болып баспалдақ басына жетсе, сол топ жеңімпаз атанады.Көптеген логикалық есептер, ойындар бар. « Есептеу машинасы» ойынында ұзын тізбекті мысалдар беріледі.
1000-200-40-60—20-80 500+100+50+50+60
«Баспалдақ» ойынында 2 топты жарыстыруға болады.Амалдарды тез орындап , есептің шартын оқыту, сұрақты дұрыс қою, сұраққа жауапты толық беру арқылы баланың математикалық тілі жетіледі. « Мен қандай сан ойладым?. «Дұрыс немес бұрыс» ойыны , шартын біліп алған соң кезектесіп өздері ойнауға болады. «Ғажайып дорбадан» бір санды суырады, сол санның құрамын анықтайды. Бұл ойын оқушыны жылдам ойлауға, шапшаңдыққа, ойлау қабілеттерін арттыруға үйретеді.Математика пәнінде осылай сөйлетудің пайдасы көп болады.
«Ойлан , тап!» ойыны ,мәні 15-ке тең болуы керек.
«Қай фигураны жоғалттым?» ойнында қызыл түсті шаршыны немесе көк түсті үшбұрышты алып тастаймын, оқушылар өздері
табады.Бұл ойында әр баланың есте сақтау қабілетін байқайсың.
Жұлдызшалардағы өрнектердің құрамын ауызша ойла:
Әдебиеттік оқу пәні- ол нағыз тіл дамыту пәні. Өйткені әр сабақта мәтіндер оқылады, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер жатталып, өлеңдер мәнерлеп оқуға, жаттауға үйретеді. Әдебиет пәнінде баланың тілін, ойын дамыту үшін қолданылатын тәсілдердің бірі «Сөз құра» ойыны,топтастыру, Венн диаграммасы т.б.
Сабақта өтілген мәтіннің атауымен немесе басты кейіпкерлерінің атынан басқа сөздер құрастыру.Белгілі бір тақырып беріліп, соған әңгіме, мәтін құрастыру ұсынылады. Бұл тапсырмада топпен жұмыс жасаған қолайлы. Екі топқа екі тақырып берілуі мүмкін, бірақ олар мағынасы жағынан ұқсас болуы керек.
«Қайырымдылық» «Әдептілік дегеніміз не?» осылай әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін қолдана отырып баланың тіл байлығын , сөздік қорын дамытуға болады.
Дүниетану пәні бойынша өз ойын білуге шеберлік керек. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Бұл пәнде де ойындар ұйымдастырылады. «Жақсы- жаман», «Тірі табиғат, өлі табиғат» жылдамдыққа, ізденімпаздыққа баулу болып табылады.Екі жарыстыру мақсатында оқушылардың білімдерін, алғырлықтарын, ізденімпаздықтарын тексеру.
1 «Жақсы » « Жаман»
2 «Тірі табиғат» «Өлі табиғат»
Жылдың 4 мезгілін салыстыру , ортақ қасиеттерін айтып, талдау
1 Қыс мезгілі ортақ қасиеттері жаз мезгілі
2 Күз мезгілі ортақ қасиеттері Көктем мезгілі
Бала – біздің болашағымыз.Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру талап етіледі.Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш т.б.тапсырмаларды ата- ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс.Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді.Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады.Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі.Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант.Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс- «Өз ұйқасын тап»,«Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.
Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық.
Қолданылған әдебиеттер:
- «Отбасы және балабақша» №4-2002
- «Бастауыш сыныпта оқыту» №5-2010
- «Бастауыш мектеп» №3 -2008
- «Бастауыш мектеп» №1-2010