Электротехника пәнін оқыту барысында жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

Электротехника пәнін оқыту барысында жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

 

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тақырыптың ғылыми теориялық негізі
  2. Тақырып бойынша зерттеу практикалық жұмыстар
  3. Жеткен жетістіктерім

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электротехника пәнін оқыту барысында жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі-Оқушылардың шығармашылықтарын дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін  дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Электротехника сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін тәжібе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.

Жұмыстың міндеті-әр түрлі әдебиеттерді зерттеу барысында:

-«шығармашылық» деген ұғымға анықтама беру.

  • шығармашылық дағдысын дамытуға байланысты зерттеуші ғалымдардың ой пікірімен танысу.
  • оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға байланысты физик ғалымдардың іс тәжірибесімен танысу.
  • оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға бағытталған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеп,оны қолдану шарттарын белгілеу.

Жұмыстың зерттеу нысанасы:14 «Автомеханик» және 19 «Техник оператор» топ оқушылары.

Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ–синтез.

Зерттеу мерзімі:2 жыл.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты жас ұрпақтың дүниені ғылыми тануын, өз бетінше  ғылыми тұрғыда ойлай алуын, өз ойын ашық айтуын қалыптастыру қажет.

Зерттеу жұмысының құрылымы: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиеттер.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу — тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.

Еліміз тәуелсіздік алып, басқа елдермен иық теңестіру үшін, келешек қоғам иелерін, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу-құрметті де, қадірлі міндет болғанымен, ал оны іске асыру оңай іс емес.Әрбір ұстаз өзінің алдындагы

шәкірттеріне бойындағы барлық күш қуатын жұмсай отырып, оны еліміздің білімді, имандылығы мол, зиялы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы оянбаған жерде пән бойынша сапалы білім болуы мүмкін емес.Ол үшін міндетті түрде оқушылардың өздері талаптану керек.Сондықтан әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызу біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

1.Тақырыптың ғылыми теориялық негізі:

Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы ХХI ғасырдың табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыларға көлемді білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан — жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Жаңа технологияларды іс жүзіне енгізу-өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл — ой қабілеті бар адамдарды қажет етеді. Олай болса, оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті-оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыта білу.Бұл орайда шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын басшылыққа алу, оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеуші ғалым Е.В.Мазалевская:«Шығармашылық-адамзат белсенділігі мен өз бетінше әрекетінін ең жоғары түрі» деп тұжырымдаған.Сол сияқты А.Бэн «Шығармашылық ойлау үшін, оқып үйренетін пәнге деген көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет» деп сипаттайды.Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды.Өйткені әрбір жаңалық ,әсіресе ақыл-ой саласында болса, ол психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді.Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтамалар береді.Мысалы:И.Я.Лернер «шығармашылық әрекет» деп, білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. «Адамның іс — әрекеті әлеуметтік мағынаға ие болуы үшін білім, оны жүзеге асыру тәжірибесі ғана емес, шығармашылық әрекет тәжірибесі де керек» деп тұжырымдады.Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады.Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы,дәлдігі алынады. Ойлау,соның ішінде шығармашылық ойлаудың тәсілі де,түрі де адамға туа бітті берілмейді,ол адамның қоршаған қоғамдық тарихи ортасын тану үрдісінде қалыптасады.Бала бойындағы бейімділікті тәрбиелеу, қабілет деңгейіне көтеру  шығармашылықтың алғашқы баспалдағы.Сондықтан, бала бойындағы бейімділікті көре,болжай білу,оны әрі қарай дамытуға құлшыныс мұғалімнің міндеті.

Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі жалпы зерделігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.Ал педагогтардың жұмысы қабілетті балаларды танып біліп,демеп отыру.

Сонымен,шығармашылық дегеніміз-қайшылықтарды шешуге бағытталған,ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, жеке адам үшін немесе әлеуметтік мәні бар жаңалыққа әкелетін адам әрекеті болып табылады.

2.Тақырып бойынша зерттеу практикалық жұмыстар:

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның даралығын дамыту, табиғи дарындылығы мен қабілетін ашуға және қалыптастыруға жағдай жасау.

Электротехника пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен мақсатты, жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.Осы  орайда өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем,өткен оқу жылында өзім сабақ берген №14 топ «Автомеханик» және №19 топ «Техник – оператор » топтарында электротехника сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Сыныптардағы оқушылардың білім, білік дағдылары бірдей емес. Себебі олардың білімі, қызығушылығы, қабылдауы, жұмысқа қабілеттері әр түрлі болғандықтан, өз бетімен есеп шығару белсенділіктері де тұрақты болмайды. Бірақ баланың жас ерекшелігіне байланысты қызығушылығы мен белсенділіктерін дер кезінде дамыту мен жоспарлау әрбір ата –анамен біздің міндетіміз.Оқушылардың ерекше қасиеттерінің бірі-үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы.Осы кезеңдердегі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланып қалу үшін,сабағымда оқытудың әр түрлі әдіс–тәсілдерін жиі қолданамын.Олар:деңгейлеп саралап оқыту,ұжымдық оқыту, модульдік оқыту технологиясы.Сабақ барысында оқушылардың білігі мен икемі, дағдылары білімді өздігінен игеру кезінде жақсы қалыптасатыны байқалады.Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды,ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.Соның нәтижесінде оқушылардың мынадай қабілеттері дамиды:

  • кез келген қосымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге жаттығады
  • белгілі ғалымдардың тарихымен танысып мәліметтер жинақтауға, тарихи мағлұматтарды өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады
  • әр түрлі тарихи есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді шығаруға жаттығады
  • өз жұмысының нәтижесін талдап, қорытынды жасап, шешім қабылдайды
  • өз ойын толық айта білу, қабылдай білуге үйренеді

Оқушылардың осындай шығармащылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым:

№19 топ «Техник оператор» тобында аптасына 2 сағат бейінді оқыту курсына бөлінген қосымша сабақты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім.Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты.Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты.Оқу жылының соңында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргіздік.Сауалнамаларға жауап алу арқылы физикаға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілді.Осы оқу жылының қыркүйек айынан бастап, ата-аналардың өтініші бойынша электротехникадан қосымша тереңдетіп оқыту тобы ашылды. Электротехниканы  тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Қыркүйек айынан бастап №14 топ «Автомеханик» және №19 топ «Техник – оператор » топ оқушылары арасында зерттеу жұмысын жалғастырдым. №19 топ «Техник – оператор» тобындағы оқушылардың электротехника сабағында кез келген тәжірибелерді өз беттерімен байқап көру белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерінің артқанын мына мониторинг арқылы көруге болады.

Зерттеу нәтижелерінің тұжырымдары.

 

 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық дағдысын қалыптастырудың көрсеткіші

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі.    Курстың негізігі ерекшелігі физиканың негізгі  заңдылықтарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан қарастыру болып табылады.

Осыған байланысты оқушылар  жаңа білім алумен және физиканың зерттеу әдістерімен де танысу қажет болып табылады. Сонымен қатар оқушының өз туынды еңбегімен кейбір физикалық құралдарды жасап , оны электротехникалық тәжірибелерде пайдалана білуге үйрету.

Тереңдетіп оқыту бағдарламасының мақсаты:

Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру ,өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту

Оқушылар білімі  мен дағдыларына қойылатын талаптар:

— физикалық ұғымдардың, заңдардың,теориялардың қолданылу шегі болатынын түсіну және физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен электротехниканың техника-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешудегі ролін түсіну

—  игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алған мәліметтерді өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білу

—  лабораториялық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және кешенді есептерді шығара білуге үйрету

Электротехника  және эксперимент

Электротехникалық эксперименттік тапсырмаларды  беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі.Берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:

—        Тәжірибелерді электротехникалық тұрғыдан қарастыру;

—  Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;

— Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);

—        Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);

—    Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп, құбылысты түсіндіру керек).

Электротехнилық  құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырманы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.

Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.

Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті құру және өлшеулер жүргізу маңызды.

Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру. Эксперементтік есептердің бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.

Төменде сіздерге үлгі ретінде бір «Конденсаторлар , түрлері, жалғануы . Электр өрісінің энергиясы» атты сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Пәнаралық байланыстар:

 

Физика, алгебра, геометрия, информатика, химия, экономика, биология және өндірістік оқулықтар.

Кәсіби бағдарлау.

Кәсіби бағдарлау , оны оқушыларды диагностикалық материалдарына сүйене отырып таңдауды негіздеу.

Оқушылар осы курсты оқу нәтижесінде мынадай мамандықтарды игеруге дайындалуға мүмкіндік алады:

Педагогика, экономика, архитектор, әскери, құрылыс мамандары. Табиғатты саналы танудың міндетті ретінде алдынғы шартты ғылыми деректерді іздестіріп жинақтау. Байқау мен эксперимент жүргізу. Физикалық шамаларды анықтап, өлшем бірліктерін тағайындау және сан мәнін өлшей білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электротехниканы  тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар

 

 

р/сТақырыбыЛекцияЕсеп

шығару

СеминарПрактика

лық

жұмыс

1.Ішкі энергия.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.Жұмыс істеу арқылы ішкі энергия өзгеруін зеттеу1211
2.Жылу берілу түрлері.Жылу өткізгіштік.Жылу мөлшері.Металл мен ағаш, су мен ауаның жылу өткізгіштік қасиеттерін салыстыру1211
3.Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Балқу, ылғалдылығы. Қайнау. Балауыздың балқуын бақылау. Сынып бөлмесі ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау.1211
4.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.  Ом заңы. Өткіштерді тізбектей және параллель жалғау. Тұрақты тоқтық қуаты мен жұмысы.1211
5.Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Потенциал және  потенциалдар айырымы. Конденсаторлар, түрлері, жалғануы. Электр өрісінің энергиясы.  Электр тогы. Ток көздері. Электр тізбегі. Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Кедергі .1211
6.Жарық . Жарықтың шағылу,

сыну ,жұтылузаңдылықтары Линзалар.Сфералық және жазық айналар.Оптикалық аспаптар.

1211
7.Электромагниттік индукция. Магнит ағымы. Тұрақты тоқ генераторы. Тербелмелі контур.Айнымалы электр тоғы. Радиобайланыс принциптері.1111

 

Қорытынды

Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыта отырып, өз қолдарымен жасалған электротехникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципіне тоқталып, теориялық білімдерін практикада пайдалана білуге үйреттім.

Сонымен қатар сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты.Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты. Электротехниканы  тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Осы жоспар бойынша жүргізілген сабақтарда № 14 топ «Автомеханик» тобындағы оқушыларға қарағанда №19 топ «Техник – оператор» тобындағы оқушылардың электротехника сабағында кез келген тәжірибелерді өз беттерімен байқап көру белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерінің артқанын мына мониторинг арқылы көруге болады.

 

Зерттеу нәтижелерінің тұжырымдары.

 

 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер.

 

  1. Китаев М.В. Успешный учитель-успешный ученик. Москва 2003
  2. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Физиканы оқыту әдістемесі. Алматы,

«Рауан»1998

  1. Электротехника .Оқу құр . Каирбаев М. — А.А.,2007.-240б
  2. Шуркова Н.Е. Тәрбие жүйесіндегі жаңа технология
  3. Заман талабы. Егемен Қазақстан 2006. 12 шілде
  4. Электротехникалық жабдықтар. Өтешев О.,Кешуов С.-А.А.,2007.-360б
  5. Электротехника негіздері және жалпы автоматика.Каирбаев М.,Полищук В.И.- А.А.,2007.-300б
  6. Электротехника және өнеркәсiптiк электроника негiздерi: Кәсiптiк- техникалық училищелерге арналған оқулық / В. Е. Китаев.- Алматы: Қазақстан, 1991.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конденсаторлар, түрлері, жалғануы.

Электр өрісінің энергиясы.

 

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:  Конденсатормен таныстыру, оның электр сыйымдылығы қандай шарттарға тәуелді болатыны және оның түрлері, қолданылуы,   жалғануы туралы түсініктер беру. Зарядталған конденсатор энергиясымен таныстыру.

Дамытушылық:  Жаңа физикалық құралмен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.

Тәрбиелік:  Пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.

 

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі:  Қараевтың деңгейлік тапсырмалар элементін қолдана отырып жұппен жұмыс жасату.

Аймақтық компонент: Өскемендегі конденсатор заводы.

 

Пәнаралық байланыс: электротехника, математика

 

Сабақтың көрнекілігі: Таратпа жұмыстар, проэктор, экран, слайдтар, электрондық оқулық.

 

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

1.Кабинетке кіріп, оқушылармен сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.

  1. Сабақты таныстыру:

Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

 

II.Үй жұмысын қайталау:

  1. Жалпы сұрақ қою арқылы:

А) Өткізгіштер дегеніміз не?

Ә) Диэлектриктер дегеніміз не?

Б) Диполь деп нені айтамыз?

В) Электр сыйымдылығы дегеніміз қандай шама?

Г) Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі?

  1. Тест жұмысын тарату арқылы.

           

           

III. Жаңа сабақ:

      Тарихқа қысқаша шолу.

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын»  жасады.

Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайдың Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама –қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады.

 

      Конден сатордын зарядты жинақтау қабілетін көрсететін физикалық шама – электрсыйымдылығымен біз алдыңғы сабақта танысқанбыз.

    Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынандай факторларға байланысты өзгереді:

  1. Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;
  2. Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;
  3. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;
  4. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;
  5. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;
  6. Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;

     Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

    Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз:

Халықаралық стандарт бойынша конденсаторларды жұмыс істеу принциптеріне байланысты тізбекте шартты түрде былай белгілейміз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 ГОСТ 2.728-74

бойынша белгіленуі

Сипаттамасы
 Тұрақты сыйымдылығы бар конденсатор
 Поляризацияланған конденсатор
 Айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор

 

     Сипаттық тағайындалуына қарай конденсаторларды шартты түрде жалпы және арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп бөлуге болады Жалпы қолданыстағы конденсаторларға кең тараған төмен вольтты конденсаторлар жатады  және олар құралдар мен аппараттардың көптеген түрлерінде қолданылады Ал қалған конденсаторлардың барлығы арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп аталады.   Оларға жоғарғы вольтты,  импульстік, бөгетті жойғыш, дозиметриялық және т.б конденсаторлар жатады. 

    Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электрзарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал.

      

    Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ –тан жүздеген мкФ –қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф –қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі.

    Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.

  Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда конденсатор жазық деп аталады.

 

АталуыСыйымдылығыЭлектр өрісінің кернеулігіСхемасы
Жазық конденсатор   

 

 

Цилиндр тәріздес конденсатор   
Шар тәріздес конденсатор

 

   

    Егер конденсатор жапсарларының саны n болса, онда:

   Мұндағы:

С- электрсыйымдылығы;

— жапсарлардың арасындағы ортаның салыстырмалы  диэлектрик өтімділігі;

=8,85*10 -12  — диэлектрик тұрақтысы;

d- диэлектрик қалыңдығы немесе жапсарлардың ара қашықтығы;

S- жапсардың ауданы;

r- шар немесе цилиндр табанының радиусы;

Е- электр өрісінің кернеулігі;

q-электр заряды;

l- цилиндр құраушысының ұзындығы.

    Конденсаторлардың жалғануы:

  1. Сыйымдылықты арттыру үшін конденсаторларды параллель қосады. Бұл кезде конденсаторлардың аттас зарядталған жапсарлары бірге қосылады.

немесе  

Параллель жалғағанда кернеу бірдей және тізбектің кернеуіне тең, яғни

U=U1=U2=…=Un

Ал конденсатор батареяларының толық заряды

 болғандықтан

 С=С12     немесе  С=C1+C2+…+Cn

 

  1. Конденсаторларды тізбектей жалғаған кезде барлық конденсаторлардағы заряд бірдей болады және олардың әр аттас зарядталған жапсарлары қосылады.

Әрбір конденсатордың кернеуі     ;    

Конденсатордың жалпы кернеуі     U=U1+U2+…+Un

Немесе

                                          

Орнына қойсақ      осыдан

 немесе

                     

Зарядталған конденсатор энергиясы:   

    болады.

   және    формуласын кезек қойып энергияның келесі формулаларын аламыз

  немесе  

Біртекті электр өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы деп бірлік көлемде жинақталған өріс энергиясымен өлшенетін шаманы айтамыз

Алмастыруларды енгіземіз          

                 *


тағы алмастыру енгіземіз   Sd=V,     
  

олай болса           осыдан               

  Бұдан электр өрісінің энергиясының тығыздығы осы өріс кернеулігінің квадратына тура пропорционал деп тұжырымдауға болады.

  1. Cабақты қорытындылау:

 Сабақты қорытындылай келе конденсаторлар электротехниканың барлық облыстарында қолданылады деп айтуға болады.

·        Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).

·        Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импуль алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).

·        Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).

·        Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.

·        Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.

·        Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан.

  1. Cабақты бекіту.

 Деңгейлік тапсырмаларды аяқтату.

Тақтада есеп шығару.

 

VI.Үйге тапсырма.

Бүгінгі тақырыпты оқып келу, есепті аяқтау. 17- жаттығу.                                          Реферат «Конденсаторлардың түрлері және қолданылуы»

VII.Бағалау.