«Компьютерлік және жаңа технологияларды физика сабағында тиімді пайдалану»
«Компьютерлік және жаңа технологияларды физика сабағында тиімді пайдалану»
Жоспар
- Кіріспе
- Қазіргі мектептің даму болашағы
- Білім беру жүйесін ақпараттандыру
- Оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолданду
- Модульдік оқыту техналогиясы
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа техналогияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациалық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасында Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық эканомика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сайлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән.
Елімізге дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалуын, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық техналогиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол әзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетілуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, эммоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ететін ізденістерден пайда болатыны түсінікті. Ақыл парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, өз қабілетіне таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялардың түрлері көбейе тісуде. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу — әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.
Оқу тәрбие үрдісіне қолданып жүрген жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі; оза отырып оқыту; іс — әрекетін бағалау; тірек және конспектілері арқылы оқыту; бағдарлап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар, модульдік оқыту; оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы т.б.
- Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан – жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жуйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеріумен тығыз байланысты.
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізуәлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сиппаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми – техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғарғы деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттілігін алға қоюда.
Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайданалу үшін оны қолданудың әдістемелік жуйесін жасау керек.
Теориялық, ғылыми — әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау жасау негізінде мынадай тұжырымға келіп отырмыз. Біріншіден, көптеген жаратылыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда, бірақ бұл мәселе физика пәнінде кең өріс алмай отыр. Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық – педагокиклық талаптарға онша сай келмейді. Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым – қатынас текке мұғалім мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім және оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.
Қоғамды ақпараттандыру негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
— білім берудің сапасын аттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой — өрісінің даму деңгейін көрсету.
— өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Оқытудағы жаңа информациялық технология аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Жаңа информациялық технологияны негізі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезімінен, мүддесінен, көз қарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Жаңа информациялық техналогияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы мүмкіндік береді.
Білім беруде жаңа информациялық технология:
— оқып үйренушілердің адамға тән тұлғалық сапасының негізі үлестілігі болып табылатын жеке қабілеттерінің дамуына, ашылуына, сақталуына;
Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, өзін — өзі жетілдіруге тырысуға;
— оқыту мен тәрбие процестерінің мазмұнын, формасын динамикалық дамытуға мүмкіндік береді.
- Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммунациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
— ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
— жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерде біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялау;
— біртұтас ақпараттық кеңістікке әр түрлі деңгейді ақпараттармен алмасуды камтамасыз ету;
— білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Оқытудын дистанциялық формасы оқушыларды және білім беруде маңызды формасына айналып отыр.
Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді, практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады. Біртұтас телекоммуникациялық желіні білім беру жүйесінде пайдалану басты ақпараттық ағыны мен жұмысшы ақпараттық ағынды әдеттегі іс — әрекет сәйкес пәндік аумақта дерек қорын таратуға пайдалануы қажет. Бұл жүйені дамытудыға бастауы мектепте информатика курсын оқытудан басталады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы енгізу оқу-тәрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималдандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады.
Физика сабағында компьютерлік техниканы пайдалану оқытуды интенсивтендірудің негізгі факторларының міндеттерін комплекті шешуге мүмкіндік береді. Олар жалпы физика курсының информативтік, мақсаттылық, сыйымдылық мазмұнын көтеру, оқыту әдістерінің белсенді формасын қолдану, оқу еңбегінің дағдасын дамыту.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.
Сонымен орта мектепте физиканы компьютер арқылы оқытуды енгізудің мынадай негізі бағыттарын:
- оқыту;
- мұғаліммен оқушы бірлескен қызметін ұйымдастыру;
- білім беру;
- таным қызметін қалыптастыру;
- Оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастырудың мақсатты құралы екенін атап көрсетуге болады.
- Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» — деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі – бағдармаламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Компьютер VGA – портына проект арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, грфикалық ақпараттық обьектер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен физикалық ұғымды қалыптастыруын, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен «Модульдік оқыту» технологиясын сабақта қолданғаннан байқауға болады. Жаңа технология әдістері әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне өз бетімен жұмыс істеп қорытынды жасай алуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, жүйелі білім алуға жетектейді.
Оқу модулі дегеніміз — ғалымдардың айтуынша оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Модуль оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқутаным әрекетінен сай жеке оқу бағдарламасы.
Оның ерекшелігі оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруде тексеретін әр түрлі бақылаулар болады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру т.б. Осылар арқылы білім оқулықтарды, модульді игеру деңгейі анықталады, қосымша жұмыстар жүргізіп, әр оқушы өз мүмкіншілігінше білім алады. Модульге оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.
6.Физика пәнін оқыту модульдік оқытудың ерекшелігі – оқушы бір үлкен тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады. Кітаппен жұмыс істейді, негізгі ойды ажырата біледі. Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі оқытудың белсенді ой формаларын кеңінен қолдануға оқушылардың оқу материалын бірнеше мәрте 13-тен 24-ке дейін қайта аралап, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ әр модулінде сағат саны әр түрлі болады.
9-11 сыныптардағы физика пәнінде тарауларды тақырыптарды біріктіріп модульге енгізуге болады. Бұл мұғалім шеберлігіне байланысты. Кіріспе бөліміндетірек сызбалары жасалып сол белгілік үлгілерге сүйене отырып, түсіндіру тиімді және осы кіріспе бөлімінде оқушылар бағдарламаның тарауын не тақырыбын неге және не үшін оқып – үйренулері керектігін өздері нені меңгеріп, уйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екендігін түсінеді. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқыта үйрету ойындарын пайдаланады. Оқушылар ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбіне жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Сөйлесу бөлімінде қай ойынды қай кезеңде пайдалануға көңіл бөлу керек. Мысалы: «Қарлы кесек» ойынын сөйлесу бөлімінің 1, 2, 3 сабақтарында пайдалану тиімді. Себебі, бұл ойында тақырыпты көру, оқу, сөйлесу, тыңдау мүмкіндігі жүзеге асады. Сол сияқты «Бренг-ринг» оқыта уйрету ойынын 3, 4 сабақтарда пайдалануға болады. Себебі: оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы қай оқушының қандай деңгейде тақырыпты меңгергендігін байқауға болады.
Модуль құрылымы | Сағат саны | Модульдың мазмұны | Уақыт |
Кіріспе | 1 сабақ | 1. Модульге кіріспе 2. Лекци: Сұйықтар мен газдардың бір-біріне айналуы Қатты денелер 3. Тірек сызбалармен, оқулықпен жұмыс
| 5мин
15мин
15мин 10мин |
Сөйлесу бөлімі | 2 сабақ
3 сабақ
4,5 сабақ
6 сабақ
7 сабақ | Тақырыпты меңгерту «Қарлы кесек» ойыны Қорытынды. Үйге тапсырма. Алған білім іскерлігін пысықтау. Деңгейлік тапсырмалар орындау Үлгі бойынша тексеру Қорытынды үйге тапсырма. Тәжірибелер, лабораториялық жұмыс Қорытынды. Үйге тапсырма Есептер шығару, талдау. «Брейн-ринг» ойыны Қорытынды. Үйге тапсырма Білім іскерлік дағдыларын дамыту. «Іскерлі» ойыны Тест сұрақтары
| 35 мин
10 мин 5 мин 30 мин 7 мин 3 мин 90 мин 10 мин 10мин 30 мин 5 мин
20 мин 25 мин |
Қорытынды бөлім | 8 сабақ
9 сабақ | Коррекциялық сабақ. (Қатені түзеу) Өз бетімен жұмыс. (Өзара тексеру) Қорытынды. Үйге тапсырма Бақылау жұмысы | 25 мин 20 мин 5 мин 45 мин |
Жоспар
Соңғы сабақтарда қателіктерді тузету, қорытынды бақылау, пікірталас сабақтарын өткізуге болады.
10 – сыныпта «Сұйықтар мен газдардың бір-біріне айналуы. Қатты денелер» тарауына арналған модуль үлгісі. (Тарау 9 сағатқа арналған)
Модульдік оқытуды пайдаланудағы күтілетін нәтиже:
- Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертеді.
- Оқушыларға терең білім бер, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, өзіне деген сенімі қалыптасады.
- Өз бетінше оқуға уйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуге, ойын реттеуге, білімді ептілікпен игеруге қабілетті жететіндігіне сенімі қалыптасады.
Мұғалімнің мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылған оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін , іздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Беспалько В.П – Слагаемое педагогической технологий. Педагогика — 1989.
- Дьяченко В.К. — новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса.
- Керімбаева М.С. – Инновационные процессы в школе: проблема, перспектива, поиск алматы 1995 жыл.
- Жанпейісова М. – «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы» Алматы 2002 ж.
- Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.Алматы РОНД 2002жыл.
- Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейнігі білім беріудің дамуы тұжырымдамасы. Астана 2004 жыл.
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы.
- «Математика және Физика» ғылыми — әдістемелік журнал №4. 2006 жыл.
- «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №1. 2008 жыл