Физика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту

Физика пәнін оқытуда оқушылардың                                          шығармашылығын дамыту

 

Оқушылардың өз ойларын ғылыми- таным әдістеріне сүйеніп дамытуы физикалық білімнің тиянақты да терең болуын туғызады. Физиканы оқытудың ғылыми әдістерінің негізгісі- құбылысты бақылау мен эксперимент жасау арқылы арнайы дайындалған дидактикалық материалдар көмегімен оқушылардың білім меңгеруін қарастырайын.

Оқушыларға қойылған проблема бойынша мұғалімнің жасаған тәжірибесін бақылап, ой тұжырымдауы тапсырылады. Тәжірибе орындалып болған соң, оқушылар алдында тәжірибеде пайдаланған приборлардың осы жердегі мақсаттық пайдалануы; байқалған құбылыстарды айқындау; бұл құбылыстың себептері мен салдары; құбылыстың ерекшелігі секілді бірнеше проблемалар қойылады. Бұл жұмыстар сабақтың кез-келген кезеңінде:

а) үй тапсырмасын тексергенде;

б) білімді көкейтестілендіруде;

в) жаңа материалды түсіндіруде;

г) материалды бекітуде;

д) лабараториялық эксперимент және практикум сабақтарында беріледі.       Мысалы, біз оқушының электр тогы мен кернеудің байланысын тағайындау мақсатында мұғалімнің жасаған тәжірибесін бақылауын төмендегідей әдіспен ұйымдастырдым. Бұл үшін оқушыларға арнайы дайындалған мынандай дидактикалық парақтар үлестірілді.

Оқушының бақылау нәтижесі бойынша жұмыс парағын   толтыру

Менің   бақылауларым:

1.Эксперименттің     бастапқы кезінде  мен не  көрдім:                                                                              Мұғалім  тәжирибе жасады.                                                                                     2.Одан кейін мен не  байқадым:   электр  тізбегін  тұйықтау кезде шамдар жарқырап жанды, олардың  жарқырап  не  әлсіреуі реостаттың  жылжымалы  контактісін  қозғағанға байланысты  болды.                                                                                                                                           3.Құбылысқа қатысты физикалық  объектілер: амперметр, вольтметр, кілт,үш шам,ток көзі,реостат,жалғағыш сымдар.

  1. Оқиға кезінде әрбір  дене  қандай өзгеріске  түсті:  аперметр  мен  вольтметірдің  тілдері  реостаттың  қалпына  қарай  ауытқып  отырды,  оған  сәйкес  шамдардың  жарқырауы  да  өзгеріп  отырды.                                                                                                                               Менің  ойларым:                                                                                                             5.Процестің,құбылыстың болу  себебі: біріншіден, тізбек дұрыс  жалғанып,тізбекте ток  жүреді, екіншіден, кедергіні арттыру немесе кемітуге байланысты  ток күші Ом  заңына  байланысты бірде  артып,бірде кеміп отырады.
  2. Процестің ,құбылыстың салдары: экспримент кезінде шамдардың жарқырауы түрліше болады.

Менім қорытындарым:

  1. Мен мынадай құбылысты (заңдылықты) байқадым:Реостатты ары-бері қозғау арқылы ток күші арттырылады және кемітілді.

Ом заңына сай ток күші кернеуге тура пропорционал болып шықты.

  1. Құбылыстың ерекшеліктері. Электр тогы мен кернеу арасындағы байланысты тағайындау экспериментке қолданылған шамдардың жарқырауы арқылы-ақ, қай кезде тоқтын артқанын немесе кернеудің кемігенін және керісінше байқауға болады.

«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбын өткенде оқушыларға ток күші мен кедергінің тәуелділігі тағайындау мақсатында келесі тапсырма берілді.

Тапсырма.

Берілген приборлар мен материалдар арқылы электр тогы күші мен кернеудің байланысын тағайындаңдар.

Мұнда оқушыларға қажетті приборлар мен жабдықтар үстел үстіне алдын-ала қойылады.

Мен оқыту экспериментін  өткізген 8-сынып оқушысы  Мырзағазы

Қаламқастың физикалық эксперимент жасау бойынша есеп толтыру

парағын келтірейін.

  1. Мен білгім келеді:

Өткізгіштерді ток күші шамасының кедергіге қалай тәуелді екенін.

  1. Менің бұл туралы білетінім:

Ом заңы бойынша ток күші мен кедергі бір-біріне кері пропорционал.

  1. Қажетті приборлар мен материалдар:

амперметр, вольтметр, гальваникалық элемент,кілт,екі өткізгіш.

  1. Менің орындайтын іс-әрекеттерімнің жоспары:

а) электр тізбегінің схемасын сызу

б) тізбек құрастыру

в) екі өткізгіштің кедергісін реостат арқылы реттеу

г) приборлардың тілдері ауытқиды.

Нәтижесінде мынаны аламын:

а) схема дұрыс сызылады

б) тізбек дұрыс құрастырылады

в) ток күші мен кернеудің көрсетулері өзгереді

г) приборлардың көрсетулері жазып алынады.

  1. Қорытынды жасаймын: параллель жалғанған екі өткізгіштің кедергілерін арттырғанда ток күші кемиді.
  2. Нәтижелерді түсіндіремін: екі өткізгіштегі ток шамасының өзгеруі өткізгіштерді жеке-дара алып қарағанда олардағы токтың артып не кемуінен түрліше болды.
  3. Нәтижелерді талдаймын: екі өткізгіштегі ток шамасының түрліше болуы өткізгіштерді параллель жалғауына орай өткізгіш сымның тармақталуын,сәйкесінше токтың да екі тармақта түрліше болып кетуін туғызады.

Оқушыларға есеп-тапсырмалардың ұтымды беріліп отыруы оқушылардың физика пәніне, физика ғылымына оң көзқарастарын қалыптастырып, физикалық білімнің теңдеуіне, оқушылар шығармашылығын дұрыс арнада жүргізуге мүмкіндік беретінін практика көрсетті. Оқушылар шығармашылығын дамыту есеп шығаруда олардың ғылыми таным әдістерін меңгеруімен қатар, оқыту процесінде компьтер арқылы жұмыс жасай білуіне де талап қояды.

 

 

ШҚО,Абай ауданы,Ш.Абенов атындағы орта мектептің

физика,информатика пәні мұғалімі

Байбекова Венера Заманбекқызы

 

Білімдерді талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

 

Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі ортадағы электр тогы

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың әр түрлі ортаның электр тогын өткізуіндегі заряд

тасушылары, негізгі заңдары, Вольт-Амперлік сипаттамасы:

техникалық қолданулары туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, жалпылау.

2.Өтілген материалдардан  негізгілерін ала отырып, оны жалпылап жүйеге келтіру дағдыларын қалыптастыру

3.Жалпылау әдістерін қолдану арқылы «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауынан алған білімдерін белгілі бір жүйеге түсіру

Сабақтың түрі: білімдерді талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Қолданылатын әдістер:1. Әңгімелесу әдісі

2.Салыстыру (аналогия) әдісі

3.Кестемен жұмыс істеу

4.Модельдеу әдісі

Көрнекілігі:   1.   Плакат,әр түрлі адағы электр тогын

жалпылап көрсететін кесте

  1.   Плакат:Тест сұрақтары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І.Тірек білімдерді актуальдау және сабақты өтуге дайындық.Қайталауға арналған сұрақтар.

Мұғалім:Электр тогы дегеніміз не?

Оқушы:Электр тогы дегеніміз-зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.

Ι.Тірек білімдерді актуальдау және сабақты өтуге дайындық

(10 мин)

Электр тогы:

1)Ток күші,оның формуласы,өлшем бірлігі.

2)Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

3)Кернеу,оның формуласы,өлшем бірлігі.

4)Кедергі,өлшем бірлігі.

Меншікті кедергі.

А)Сұрақ-жауап

Ә)әңгімелесу

Б)тақтаға

жаздыру

ΙΙ.Өтілген бөлім бойынша

теориялық материалдарды қайталау және

талдау қорыту

(15 мин)

1)Металдардағы электр тогы.

2)Электролиттердегі

электр тогы.

3)Газдардағы электр

тогы

4)Вакуумдегі электр тогы.

5)Жартылай өткізгіш-

тердегі электр тогы.

А)Әңгімелесу
ΙΙΙ.Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану(17 мин)1)Тестпен жұмыс

2)Плакаттағы кесте бойынша жұмыс.

А)Аналогиялық әдіс

ә)Әңгімелесу

б)жалпылау

ΙV.Сабақты қорытындылау,

үйге тапсырма

беру(3 мин)

Оқулыктағы Хтарау.§67-81(қайталау оқу)А)Тақтаға жазу

Ә)Оқушылардың күнделіктеріне жаздыру

ШҚО,Абай ауданы,Ш.Абенов атындағы орта мектептің физика,информатика пәні мұғалімі    Байбекова Венера Заманбекқызы

 

 

Антивирустық программалар.Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың білімділігін арттырып,ақпараттарды вирустардан қорғауды меңгерту,өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру,тиянақтау,еске түсіріп,білімдерін қортындылау.

Дамытушылық:  Танымдық ойлау қабілетін дамыту,өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік:  Алған білімдерін тиянақтай білуге,тапқырлыққа,ізденіп,шешім қабылдауға,ауызбіршілікке,ойын жинақтай білуге,біріне-бірі көмектесуге баулу.Ой-пікір,көзқарас,қалыптастыру.

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:баяндау,көрсете түсіндіру,қайталау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:компьютер,мәнжазбалар,электронды оқулық,плакат,үлестірмелі қағаздар,сыртқы сақтау құрылғылары

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Тарау бойынша қайталау

а)Техника қауіпсіздігі ережесін еске түсіру

ә)Ой қорыту (суреттермен тілдесу)

4.Ақпарат,ақпараттарды вирустардан қорғауды меңгерту арқылы оқушы дүниетанымын кеңейту

5.Антивирустық програмалар туралы түсінік беру.

6.Тәжірибелік жұмыстар орындау

7.Бекіту,бағалау

8.Үйге тапсырма.

1)Ұйымдастыру кезеңі:Техника қауіпсіздігінің  ережесін еске түсіру.

2)Үй тапсырмасын сұрау:

«Тазалық-табалдырықтан басталады»деген тақырыпта пікірлесу.

Вируст ты 1982жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан.Оның бес жүздей түрі белгілі.вирус-нуклейн қышқылы мен белоктық қабықтан тұратын өте ұсақ бөлшек.Вирустың  дамуына  қолайлы жағдай туғанда бірнеше минут  ішінде көбейіп,өзіне тән қасиет коөрсетеді.Клеткаға еніп,көршілес клеткаларға ауысып,барлық организмдерді зақымдап,ауруға шалдықтырады.

Жеке басымызды және компьютерімізді вирустардан сақтайық!

1)информатика,компьютер

2)Ақпарат дегеніміз не?

3)Ақпараттық процестер дегеніміз не?

4)Ақпарат түрлері,сақтау

5)Ақпарат көздері

6) Оператциалық жүйе

7)Компьютердің негізгі бөліктері

Слайдтар корсету

1.Компьютерлік  вирустар дегеніміз не?

2.Вирустарды қалай анықтауға болады№

3.Антивирустық  программалар

Ой қорыту:Суре т бойынша әңгімелесу

1.Вирустар

2.Ұры мен хакер

Вирустар және олардың әртүрлілігі, компьтерлік вирустың қысқаша жіктелуі, вирустан сақтанудың негізгі тәсілдері туралы айту.

Тәжірибелік жұмыстар орындау

Сабақты қорытындылау, бағалау

Үйге тапсырма