Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны Әнуарбек
Дүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой — өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?
1. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.
Дәптерге күннің жадын жаздыру.
— Балалар Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
а) Өлеңді оқу.
«Атай» өлеңімен таныстыру.
Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның жасына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең…
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен.
ә) Суретпен жұмыс.
б)Оқушыларға іштей оқу, тізбектей оқу.
в) Сөздік жұмыс.
Шотын – кетпен – еңбек құралы. Тозған — ескі.
г) Өлеңді талдау.
1) Өлең неше шумақтан тұрады?
2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады?
2. Сергіту сәті.
3. Жұмбақтарды шеш.
•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
( Көктем )
4. Шығармашылық жұмыс.
І – қатарға — Көктем туралы әңгіме құрау.
ІІ — қатарға — Сурет салу.
ІІІ — қатар — Бір шумақ өлең.
10. Сабақты бекіту.
«Гүлдер теру» ойын.
11. Үй тапсырма: Өлеңді жаттау, «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау.
12. Бағалау.