Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі»
Тақырыбы: Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі»
Мақсаты:1. Оқушыларды «Еркіннің еңбегі» Мәдіхат Төрежановтың әңгімесімен таныстыру. Әңгімені мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру. Әңгіменің мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау қабілеттерін қалыптастыру.
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету. Сөздік қорын молайта отырып ауызекі сөйлеуге машықтандыру.
- Отансүйгіштікке баули отырып ана тілімізді құрметтеп, қадірлеуге, насихаттауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі
- «Еңбек » туралы мақал –мәтел айту
- Еңбек адамға не үшін қажет?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Балалар өз ойларын айтып шығу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
- Балалар, еңбек туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз, бүгін Мәдіхат Төрежановтың әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің мазмұнын ашып, негізгі айтылар ойды анықтап, еңбек ете білуге үйренеміз.
Автор туралы біз не білеміз?
Суретін көрсетіп, өмірбаянын оқушыларға түсінік беру.
Мәнерлеп оқу. Оқулықпен жұмыс Әңгімені мұғалім әңгімелейді.
Оқушылар тізбектей оқиды. Суреттері бойынша түсінік беру. Әңгімені оқып тереңнен түсінік беру.
Сұрақтар:Мәтінде кім туралы айтылған?
Оқушылар отбасындағы еңбек бөлінісін суреттеу. Оқушылар өз ойларын айтып шығу.
Сергіту сәті
Ыдыс жуады – қыздар
Отын жарады – ұлдар
Әр шаруашылық құралдардың қалай жұмыс жасау керектігін айтып көрсету. Оқушыларға таныстыру
Дәптермен жұмыс.
«Менің алғашқы көмегім»тақырыбы бойынша шағын ЭССЕ жазып шығу.
Жазғандарын оқушылар оқып шығу.
ІҮ. Сабақты бекіту Ү. Бағалау Ү І. Үйге тапсырма беру. Әңгімені оқып, түсінігін айту.