Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері

Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері

Бүкіл әлемде, әсіресе соңғы он жылда экономиканың, техниканың, ғылым мен қоғамның дамуын мектептегі білім берудің мазмұны мен технологиясын өзгертумен байланыстыруға талпынуда. Бағдарлы оқыту жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері мен қабілеттіліктерін есепке алып, оның және қоғамның сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді. Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей еліміздің жеке аймақтарының еңбек ресурстарына деген қажеттіліктерінің артуын есепке алу арқылы да бағдарлы оқытуды тиімді, әрі үйлесімді ұйымдастыруға болады.Сөйтіп бағдарлы оқыту арқылы жалпы орта және мамандық бойынша білім беру арасындағы сабақтастық орнайды.  Бағдарлы оқыту жоғары класс (10-11 класс, ал 12 жылдық мектепте 11-12 класс) оқушыларының материалдық жағдайға тәуелсіз толыққанды сапалы білім алуларына бірдей мүмкіндік береді. Осылайша әлеуметтендіру де жүзеге асырылады.

Оқушылардың икемділіктерін, қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін толық ескеру үшін оқу қызметін ұйымдастырудың бағдарлы саралап оқыту түрінің қажеттілігі анық.

 

Физиканы бағдарлы оқытудың кейбір өзекті мәселелері

 

  • Бағдаралды даярлық үрдісін толыққанды ұйымдастыру.
  • Оқушының икемділіктерін, т.б. жеке ерекшеліктерін және болашақ оқу бағдарын анықтау.
  • Физикалық құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі.
  • Оқушылардың бойында физикалық есептерді шығаруға деген жағымды мотивацияны қалыптастыру.
  • Оқушыларға күрделілігі әр түрлі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығара білуді үйрету.
  • Әрбір оқушының таңдаған болашақ мамандығы негізінде саралап, даралап оқытуды жүзеге асыру.

 

Оқушыларды оқыту бағдарын таңдауға дайындау негізгі мектепте (7-9 (8-10) кластарда) жүзеге асырылады. Бұл кезде оқушылардың қызығушылықтарын, икемділіктерін, қабілеттіліктерін айқындау, олардың әр түрлі танымдық және мамандық қызмет салаларындағы практикалық тәжірибелерін қалыптастыру және еңбексүйгіштікке, жігерлілікке, жауапкершілікке, мақсаткерлікке баулу қажет. Оқушылардың оқыту бағдарын дұрыс таңдауы өте маңызды. Физика пәні күрделі пәндердің бірі болғандықтан мектеп оқушыларының көпшілігі оны жақсы оқуға талпынудан қашқақтайды. Соңғы жылдары техникалық мамандықтардың мәртебесі артты, ал физика оқушыларға алынбас қамал секілді болып көрінеді. Бірақ бұл олай емес. Егер оқушылардың күшті ішкі мотивациясы болса, бағдарлы оқыту оларды барлық талаптарға сәйкес техникалық мамандық бойынша оқуға түсуге дайындайды. Сондықтан оң-солын ескеріп, барлығын таразылап, шешім қабылдаған жөн. Дұрыс таңдау жасамаса аз уақытын болса да текке өткізіп алады.

Бағдаралды даярлық кезінде сауалнамалар, әңгімелесулер жүргізу арқылы оқушылардың, ата-аналардың сұраныстарын біліп, ескеру және тіркеу қажет. Оқушылар болашақ оқыту бағдарын дұрыс таңдауы үшін бағдаралды таңдау курстары, консультациялар ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың оқыту бағдарын таңдауға даярлығын сараптау, олардың таңдау курстарындағы оқу нәтижелерінің мониторингін жүргізу керек.

 

Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы керек:

  1. Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін: қызығушылықтарын, оқу мотивациясын, қабілеттіліктерін, ағымдағы оқу үлгерімінің деңгейін, оқудағы өзекті қиыншылықтарын, білімі мен біліктілігіндегі қалыстарын және т.б. анықтап, есепке ала отырып, оның физиканы меңгеру траекториясын құру.
  2. Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның оқу қызметін ұйымдастыру. Өз білімі мен біліктілігін жаңа практикалық жағдайларда қолдана білуді үйрету.

 

  1. Оқушы орындаған тапсырмаларды тексеріп, бағалау және сараптау. Оқушы жіберген қателерді талдау негізінде оның оқу қызметін түзету (коррекциялау). Жіберген қателерін оқушының өзінің түзетуін ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда көмектесу.
  2. Оқушы білімі мен біліктілігіндегі қалыстарды жою мақсатында жүргізілетін шараларды анықтау.
  3. Оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру, өзбетімен жұмыстану және
  4. шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    1. Оны таңдаған бағдар бағытында баулу және еңбекқорлыққа,

жауапкершілікке, жігерлілікке, мақсаткерлікке, ізденімпаздылыққа

тәрбиелеу.

 

 

Бағдарлы оқыту үрдісіндегі физикалық қолданбалы курстардың міндеті оқушылардың физикалық білімдерін кеңейте және тереңдете отырып, оларды практикада қолданудың жолдары мен әдістерін үйрету.

Қазіргі уақытта физикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі оқушыларға физикалық есептерді шығаруды үйрету. Әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шығара білу – оқушының оқу материалын өте жақсы меңгергендігін білдіреді. Дейтұрғанмен көбіне физикалық есептерді, әсіресе күрделі есептерді шығаруға сабақ уақыты жетпей жатады. Сондықтан физика – математика бағдарында оқыту үрдісіндегі “Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару” атты қолданбалы курстың орны ерекше. Әрине оқушылар бірден күрделілігі жоғары есептерді шығарып кетпейді, бірақ сол жағдайға жетуді көздейміз. Бұл қолданбалы курс барысында оқушылар білім, білік, дағдыларды игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренеді, зерттеу, талдау, есте сақтау, логикалық және шығармашылық қабілеттері дамиды, жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді жеке қасиеттері қалыптасады.

Физиканы бағдар деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыруда негізгі роль оқушылардың өзіндік танымдық қызметтеріне беріледі. Бұл шарттың орындалуы үшін қолданбалы курстарда оқушылардан меңгерген физикалық білімдерін және біліктіліктерін әр түрлі деңгейдегі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығаруда қолдануларын талап ететін қызмет түрлерін (өзбеттерімен есеп шығару, үй тапсырмаларын орындау, бақылау жұмысы, сынақ жұмысы) ұйымдастыру керек. Физиканы оқу кезінде танымдық іс-әрекеттің дамуы ғылыми зерттеу әдістерін, әсіресе физикалық және математикалық модельдеу әдістерін меңгеру арқылы жүзеге асады. Бұл әдістер күрделік деңгейлері әр түрлі болып келетін физикалық есептерді шығару кезінде орын алады. Жоғарыда аталған қолданбалы курс бағдарламасындағы әрбір сабақ көпдеңгейлік сипатқа ие болып, оқушыларды таңдаған бағдар негізінде саралауға мүмкіндік береді. Орындалған тапсырмалардың күрделілік деңгейінің өсуіне байланысты оқушының даму қарқынын айқындауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану – математика бағытында физиканы бағдарлы оқыту үрдісіндегі “Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару” атты қолданбалы курсты жүргізудің негізгі факторлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл қолданбалы курс келесі схема бойынша жүргізіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің оқушымен алғаш танысуы

 

Физиканы бағдарлы оқытуды бастамас бұрын оқушылармен терең танысып алған жөн. Мұндай танысу оқушыға физиканы өте тиімді меңгеруіне қажетті ұсыныстар айтуға, мүмкіндік береді. Болашақтағы мүмкін қиыншылықтардың себептерін айқындауға болады. Сіздің оқушымен жоғары деңгейде араласып, бірге жұмыс істеуіңізге көмектеседі. Сондықтан Сіз оқушыларыңызға бірнеше сұрақтар қоюыңыз қажет:

  1. Ол немен қызығып айналысады?
  2. Бағдар деңгейінде оқып, үйрену үшін физиканы неге таңдады?
  3. Өзінің алдағы оқуын қандай қызмет саласымен байланыстыруды жоспарлауда?
  4. Оны физиканың қандай бөлімдері ерекше қызықтырады?
  5. Ол негізгі мектептің физика курсының қандай тақырыптарын жеңіл меңгерді?
  6. Негізгі мектептің физика курсының қандай тақырыптары қиындықтар туғызды?
  7. Ол бұл қиындықтардың себебі неде деп ойлайды?
  8. Оған өзіне қойылған сұрақтарға жауап беру ұнайды ма?
  9. Ол өзі қандай сұрақтарды қоюды жақсы көреді?
  10. Оған теориялық материалды оқу, есептер шығару, эксперименттер жасау қызметтерінің ішінен қайсысы көбірек ұнайды?
  11. Оған терең ойлауды қажет ететін, ұзақ шығарылатын стандартты, жеңіл және күрделі есептердің ішінен қандайлары көбірек ұнайды?
  12. Оған зерттеу жұмыстарымен айналысу ұнайды ма және ол бұндай жұмыстармен физиканы оқу үрдісінде айналысқысы келеді ме?