«Тестілеу – оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі» (баяндама)

 

 

Әлемде  тестік тапсырмалар  арқылы білім  сапасы  мен  деңгейін  тексеру,   жоғары  технологиялар қатарына жатқызылады.

Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдаерде қазіргі білімінің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың   тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз  бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі оқулықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тесттердің  көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен  тәжірибелік, семенар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз.

Соңғы жылдары тестік әдіс оқу білімге қатысты  барлық үйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не?

Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның  сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?

«Тест» — ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген  мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.

Бүгңнде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.

Тест – оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады.

«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің  бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда,  тестің артықшылығы  оның  объективті,  сенімді,  көп  варианттылығы  болып  табылады. Тестің   міндетті  түрде  бірнеше  варианты  болуы  керек.  Бұл  тексеру  кезіндегі   тиімділікті  арттырады,  өйткені   мұнша  тапсырманың   барлығын   жаттап  алу,  есте  ұстау  немесе  көшіріп  алу   мүмкін  емес.  Тест  тапсырмалары  тек  бақылау   ретінде   емес,  оқушыларды  үйрету,  машықтандыру  үшін   де  тиімді.   Педагогикалық  тест арқылы   әрбір  оқушының   білім  деңгейін  нақты   және  тез анықтауға  болады.

Педагогикалық  тест  нәтижелі  болу үшін  оның  қорытындысын   міндетті  түрде  статистикалық  өңдеуден  өткізу керек.

Педагогикалық  тестіні  құрастыру  күрделі  іс  болып  табылады,  бірақ  мектеп  мұғалімі  тест  тапсырмаларының  комплектісін  жасай  алады.  Ал, тест   тапсырмалары  сабақ  барысында  оқушылардың  білімін   тексерудің  қатаң  формасын  машықтандырады.

Тест  тапсырмасына  қойылатын  негізгі  талаптар  мыналар:

  • Тест жұмысын  өткізуде   белгілі  бір  уақыттың  болуы;
  • Тапсырмаларды орындау  үшін  берілген  нұсқаулардың  түсінікті,  айқын  болуы;

Тестілеу —  белгілі  бір  мәндер  шкаласы  бар  стандартталған  сұрақтар  мен  есептер  пайдаланатын  психологиялық  диагностика  әдісі.

Тестілеу  процесін  3 кезеңге  бөлуге  болады:

  1. тестіні таңдау (тестілеудің  мақсатымен және  тестілеудің  дұрыстығымен  сенімділік  дәрежесімен  анықталады)
  2. оны өткізу (тестіге берілген  нұсқамен  анықталады)
  3. нәтижелерді пайымдау (тестілеудің  пәніне  қатысты  теориялық  рауалылықтар  жүйесімен  анықталады)

Үш кезеңнің  үшеуінде де  білікті  психологтың қатысуы қажет.

Тестілер – жеке тұлғалардың  даралық  психологиялық  қасиеттерін,  сондай – ақ  білімін,  білігі  мен  машығын  салыстырмалы  шаралармен  өлшеуге  арналған  стандартталған  тапсырмалар:  психологиялық  диагностиканың  негізгі  әдістерінің  бірі.

Тестілеу – модельдік  жағдайлар  болып  табылады,  олар  арқылы  индивидтің  тән  сипатты  реакциясы  анықталып,  зерделенетін  нышан  көрсеткіштерінің  жиынтығы  деп  есептелінеді.

Тестілер  төмендегідей  ерекшеліктерімен  сипатталады:

  1. қажетті жабдықтау және  өткізу  рәсімінің  қарапайымдылығы
  2. нәтиженің тікелей  анықталуы
  3. жеке және  топтық  жағдайда  қолданылуы
  4. математикалық өңдеуге қолайлылығы
  5. қысқа мерзілімділігі
  6. белгіленген стандарттың (норманың) болуы
  7. ақиқаттылығы

Дегенмен  дәстүрлі  әдіспен  салыстырғанда  оқушылардың білім,білік, дағды  деңгейін  тест  арқылы  тексерудің  өзіндік  кеміліктері  де бар:

  1. Нысапсыз іріктеу арқылы  жауапты  кездейсоқ  табудың  басым  мүмкіндігі
  2. Әрекет нәтижесінің  тек  соңын  тексеру
  3. Мұғалімнің қиын  жағдайда  тап  болуы,  көбінесе  оқушының   логикалық  ойлау  деңгейін  анықтауға  мүмкіндіктің  болмауы.

Яғни,  тестік  бақылау  жұмыстары  оқушылардың  білім  сапасын   тексеруде  негізгі  нысаны  болып  қала  алмайды,  керісінше  ол оқушылардың  білім, білік,  дағдысын   анықтауда  басқа да  бақылау әдістерімен және  нысандарымен  үйлесіп  қолданылуы керек.  Сөйтсе де  тестік  тапсырманы  орындату  арқылы  оқушылардың  өткен  тақырыптар  бойынша  жинақтаған  білім  сапасын  анықтауға  нақты  мүмкіндік  туады. [12. 6 б]

Тестілік  тапсырмаларды  орындату  барысында  мұғалімнің  оқушыларға  тест  туралы  қарапайым  ұғымдарды  түсіндіре  отырып,  тапсырманы  орындау  әдісімен  таныстырып  кеткені де  абзал.

Мысалы,  берілген  белгілі бір  уақытта  үлгеру үшін  оқушылар  №1 сұрақпен  танысып,  егер  сұрақтың  нақты  жауабын білетін  болса  бірден белгілеп келесі  сұраққа  көшіп  отырады,  ал егер  сұрақтың   жауабын бірден есіне  түсіре  алмаса,  уақытын  жауап іздеп  жоғалтпай,  бірден  екінші  сұраққа  көшкені  дұрыс. Осы әдіспен  тестің   аяғына   шыққан   оқушы  жауабын  таба  алмаған  сұрақтарға  басынан  бастап  қайта  оралып,  нақты  жауапты  іздеуге  алғашқыдан   сәл  көбірек уақыт   бөлу  арқылы  шешуін тауып,  тағы да келесі  сұрақтарға  кқшіп отырады.  Міне,  осылай тестілік  тапсырманы  бас  аяғына   дейін  екі – үш рет айналып  шыққан   оқушы   берілген   уақытта  тапсырманы  толық  әрі  сапалы  орындауға мүмкіндік  алады.

Бір  пән  бойынша  берілген  тестілік  тапсырманы  орындауға  бір академиялық   сағат (45 минут)  бөлінеді. Тестілік  тапсырмаларды  сыныптың  барлық  оқушылары   бір мезгілде  әр  оқушы  дербес  орындайды. Тестілік  тапсырмалар  жазбаша  түрде (компьютерлік  нұсқада)  теріліп  әр  оқушыға  беріледі.  [12. 8 б]

ҚР  бастауыш  мемлекеттік  стандарттарында  бейтаныс  мәтінді  оқуға арналған  талап пен  тестілік  бақылауды  ұйымдастыру уақыты  және  оқушының  бір  сабақта  орындайтын  тестілік  тапсырмалардың   мөлшері белгіленген.

Дегенмен,  сынып  оқушыларының  ерекшелігін,  тест  сұрақтарының  мазмұндық  деңгейін, сипатын  ескерген  жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – сызба

 

Оқушылардың ББДСыныпБір тапсырманы орындауға берілген уақыт саны
1Міндетті деңгей2

3

4

2 мин

1,5 мин

1 мин

2Мүмкіндік деңгей2

3

4

1,5 мин

1 мин

3 тапсырманы орындауға 2 мин

 

 

2 – сызба

 

Оқушылардың ББДСыныпБір сабақтағы тестік тапсырмалардың саны
1Міндетті деңгей2

3

4

18-20 тапсырма

25-27 тапсырма

35-37 тапсырма

2Мүмкіндік деңгей2

3

4

24-26 тапсырма

34-36 тапсырма

55-57 тапсырма

 

 

Берілген  тест  түрлерін  оқу  үрдісінде  қолдану  арқылы мұғалім  өзінің   педагогикалық — әдістемелік  шеберлігін  үздіксіз  бақылауды  жүзеге  асыра алады.  Оқушы  білімі  мен  білігіндегі  жетістіктерді,  кемшіліктерді,  олардың  себептерін  анықтап,  өз жұмысына  талдау  жасайды,  оны  жетілдірудің  жолдарын  белгілейді.  Сонымен қатар,  бұл  тестілермен  жұмыс істеу  барысында оқушыларда  өзінің  оқу  жұмысындағы  жетістіктері мен  жіберген  кемшіліктері  туралы  мәліметтер  алып,  нәтижесін  үлгімен  салыстырып,  өз  еңбегіне  талдау  жасап,  практикалық  қызмет атқарып, өз табысынан ләззат алуға,  сөйтіп  білім  мен  ғылымға  деген   құштарлығын  арттыруға  дағдыланады.

Тестілеу жұмысын  ұйымдастырып,  оның   қорытындысын  жан – жақты  талдаудан  өткізген  мұғалімдер  тестілік  талдаудың  нәтижесіне  сүйене  отырып,  алдағы  уақыттағы жұмыс  жоспарын  құруы  тиіс.  Тесті  бағалаудың  мынадай  ережесі бар.  Егер  тест  ережесі  бойынша  он  сұрақ  болса,  оқушы сол  сұрақтардың  дұрыс  жауап  бере алған   жағдайда  10  балл  алып «5»  бағасына  ие  болады. Берілген  тапсырманың  8 және 9 сұрақтарына  жауап  дұрыс берілсе «4» бағасы, 6-7 сұраққа  жауап  берілсе «3»  деген  бағасы  қойылады.  Оқушы  5  сұраққа  немесе  төмен  мөлшерде  дұрыс  жауап  қайтарса «2»  бағасы  қоыйлады, ал 1-3 тапсырма  ғана  орындалса оқушы  «1» баға алады.

Тест  20  сұрақ  болған  жағдайда  былай  бағаланады:

5 сұраққа  толық  және  дұрыс  жауап  берілсе  —  2 балл, тапсырманың  6 дан 10  сұраққа  дейін  дұрыс  жауап   қайтарылса – 3 балл, тапсырмадағы  11 ден 15 сұраққа  дейін  қайтарылған  жауабы  дұрыс болса – 5 балл  қойылады.

Тест  бірнеше  нұсқадан  жасалса,  оқушылар қайтарылған  жауапты  бірінен – бірі  көшіре алмайды.

Мұндайда  әр  оқушы өзіне  берілген  тест  тапсырмаларымен  шұғылданатын  болады. [13. 18 б]

Мектепте  оқушы білімін  бекіту,  қайталау, алған  білімді  жүйелеу және  бақылау мақсатында  пайдалануға  болатын тестің  бірнеше  түрлері бар.

 

  1. Тестің түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма  сөйлем  түрінде  беріледі де  сөйлемдегі  кей сөз  орынына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте  беріледі. Мұндай тапсырмадағы  жауап қысқа  тұжырымды  бір  мәнді  болуы  шарт.
  2. Таңдамалы тесті: оқушыларға  берілген  тапсырмамен  қоса  оның  дұрыс  және  дұрыс емес  жауаптары  беріледі.  Тапсырма  карточка  арқылы беріліп, оның  жауабының  саны  төртеуден  кем  болмағаны жөн.  Оқушы  жауабы бағдарламаланған  құрылым арқылы  немесе  перфокарта  кілті  болады.
  3. Еске түсіру тесті: сұрақ  нақты  беріледі де, жауабы бір мәнді  болуы  шарт.  Еске  түсіру  тестінің  сұрақтарын  түзегенде  сұрақ  нақты,  анық  қойылады,  ал  жауабын  сөз,  сан, формула т.б  түрде  берілуі мүмкін.
  4. Сәйкестендіру тесті: мағынасы  бір – бірімен  байланысты тапсырмалардың  екі  бағанға әр түрлі  ретпен орналаытырылуы.  Мұндай  тесті  жасауда  бірінші  бағанда  қысқа  тұжырымды  сөйлем болса,  екінші  бағанда  сәйкес сөз, белгі, сызба  болуы керек.

Сөйлем  саны 5 тен 15 ке  дейін  болса, екінші бағандағы  сөз, белгі, сызба, нұсқа т.б саны екі – үшеуі артық  болғаны.

  1. Реттік тесті: бақылау  объектісі (құбылыс, шамалар, формула т.б) ретімен  жазылуы (айтылуы) керек.  Тесті  тапсырма  дайындағанда  оның  саны 10 шақты  болғаны  жөн.
  2. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі  тест  түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б) беріледі.
  3. Кәсіптік бағдар тесті:  мазмұнына  қандай  да  бір  кәсіптің пәндік  оқыту  кезеңінде  айқындалуына  немесе  одан бір  мағлұмат  алатынына  негізделеді.
  4. Баламалы тесті: тестің бұл түрін  жасауда  жауабын  білуге  ықпал  ететін  сөзден  аулақ  болған жөн.   Сөйлем қысқа тұжырымды,  мазмұнды  бір  мәнді  болғаны  дұрыс.  Тестің  мұндай  түрінің  жауабы  сөзбен  (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе  жоқ немесе  белгілер  арқылы +, — т.б  беріледі.  Мұндай  типтен  тестік  тапсырманы  графикалық  диктант үлгісінде  пайдалануға  болады.

Тестік  бақылау  нормалары  жайлы  айтқанда:

Біріншіден – тестік  сұрақтың  10 – 15 тен кем  болмағаны  дұрыс.  Екіншіден – бағалауда субъективтіліктің  өте – мөте  аз  болуы  үшін  мазмұнына  сәйкес  тестің  тұрін  дұрыс  таңдай білу көп мәселе  шешеді.

Үшіншіден – критериінде  төмендегі қағиданы басшылыққа  аламыз.  Жалпы тестік  бақылауда  объективтіліктен  гөрі субъективтіліктің басымдылығы ескертіліп, бағалау критериі  соған  сәйкестендіріледі.  Яғни  жалпы  сұрақтың  дұрыс жауабына  қойылатын  баға:

70% — ке дейінгі  дұрыс  жауапқа – 2

70% — 90% аралығындағы  дұрыс жауапқа – 3

90% — 100%  аралығындағы  дұрыс жауапқа – 4

100% дұрыс жауапқа – 5

Тест  әдісінің артыөшылығы:

  1. Тексерудің, бақылаудың объективтілігі
  2. Тест арқылы бағалау нақты  әрі  дифференциялды сараланған, даралық  сипатта
  3. Дәстүрлік тексеру әдісінен тиімдірек

Біріншіден  оқушылардың үлкен  топтарымен  жүргізуге  болады.

Екіншіден  уақыт  үнемделеді, шектеулі

Тест  жүргізу  шектеулі

Тестің  мәні – оның  қабілеттерін  айқындау, өлшеу, құралы болуында

 

Өлшеу, айқындау пәніне  қарай  тест  түрлері:

 

 

Психологиялық                               педагогикалық

 

Тестердің  (типі) түрі:

 

 

(нормативті –                        (критериально —

ориентированные)                ориентированные)

 

(қалыптық — бағдарлы)    (өлшемдік  сындарлық –

критерий)  бағдарлы

Жазба  графикалық  жұмыстарды оқушылар  жұмысының  нәтижелерін  зерттеу – оқушылардың  даралық  ерекшеліктерін  жұмысқа  қатынасын  білім, дағды, іскерлік  деңгейі  жайында  мәліметтер  береді.

  1. Тест құрастыру тәсілі

Тест сұрақтары  бойынша жауап беру  үшін төмендегі  жағдайларды ескеру  қажет.

  1. Тесті ашық түрде  беріледі.  Оған  толық  жауап  беріледі,  ережесі  айтылады,  мысал  келтіреді.
  2. Тесті жабық түрде   беріледі.  Оған  қомысша «иә» немесе «жоқ»  деп жауап  береді.
  3. Тесті сұрақтары мен  оның  жауаптарының  барлық  варианттарын  дұрыс  оқып,  анықтап,  айырып  түсініп ал.
  4. Түсінбеген сұрақтарын сұрап ал.
  5. Сұрақтарының бірнеше  вариантының  біреуі  ғана  дұрыс  екенін  ескер.
  6. Егер бір сұраққа жауап  беруге  қиналсаң, оны ең  соңына қалдыра  тұруыңа болады.

7.Тесті  сұрағының  жауабы  төмендегідей  жазылады.

Бұйыру рай  формасында  тұрған  сөзді  тап:

А)  өте  Ә) мол  Б)  жиі  В)  жап Г)  тура

Дұрыс  жауабы: 1 – В

  1. Тесті сұрақтарының 65%  жауап  берген  оқушы  ғана  қанағаттанарлық  баға  алады.
  2. Тесті сұрақтары мен  жауаптарын  бірге  қосып, жұмыс  соңынан емтихан  қабылдайтын  мұғалімге  тапсырады.

Тест  жүргізу  арқылы  ойға  алған  мақсат  тез  орындалады, уақыт  үнемделеді, оқушылар  өзін — өзі бақылайды.

Бақылаудың  тест әдісі  арқылы  қорытындысында  дарынды,  білгір  оқушылар  анықталады. Әлсіз  оқушылармен  жеке  жұмыс  жүргізіліп, көмек  беріледі.

Енді  өз тәжірибемде тест  тапсырмаларын  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде мынадай  әдістер  басшылыққа  алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тест түрінде білім беру  әдістері.

 

3 – сызба

 

 

 

 

Тиісті  материалдар  талданады

Негізгі  ұғымдар таңдап  алынады
Белгілі  бір  тәртіппен іске  асырылады
Объектіге  талдау  жасап, тексеретін  білім  элементтері анықталады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексеру, бағалау

17-20 балл – «3»

22-25 балл – «4»

26-30 балл – «5»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Сабақтың тақырыбы:   Қолғабыс. (М.Төрежанов)

         

   Мақсаты: М.Төрежановтың шығармаларынан

                              мағлұмат беру.

   Білімділігі: Мәтіннің мазмұннын меңгерту

идиясын ұғындыру

Дамытушылығы : Оқушылардың жаңа білімін

                             бұрынғы  ұғыммен  салыстыру.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке

                        тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Оқытудың әдісі: Түсіндіру,талдау, салыстыру

       Көрнекілігі: Семантикалық карта, эйел дөңгелегі,

                          тұжырым кестесі.

 

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру

ІІ.Үйтапсырмасын  тексеру. Сұрақ жауап арқылы

1.Ормандағы  жиналысты арыстан қалай бастады?

  1. Аңдар қандай ой айтты.
  2. Құстар не айтты?
  3. Төрт түліктер не айтты?
  4. Құмырсқа не деп шіңкілдеді?
  5. Сөздің мәнін түсінген арыстан жиналысты қалай қортты?

 

Семантикалық карта:

 

Р/сШығармадан үзіндіБүркітҚоянМаралЖылқыАрыстанҚұмырсқа
1Ардақ тұтып келгені+
2Дәрі-дәрмек жинаймын+
3Дімкәс аң-құс жинаймын+
4Тон болып орадым+
5Достықты әрі жалғаймыз+
6Шықты еңбекпен елге атым+

 

 

 

Актуалдау.

  • Ең жақын кім адамға? Деген  сұраққа арыстан:

Достықты әрі жалғаймыз

Алғы бірге самғаймын

Бірімізсіз-біріміз

Күн көре де алмаймыз- деді

  • Адамдардың арасында қандай достық болуы мүмкін?

(адамгершілік,көметесу,меңгерушілік және т.б)

 

 Жаңа сабақ

  1. Мәдіхат Төрежановтың өмірі, шығармашылығы
  2. туралы айту.
  3. Мұғалімнің мазмұндауы.
  4. Оқушылардың іштей оқуы. Оқыған кезде түсінбеген тұсын түртіп алуы, мақал – мәтелдің мағынасын ашу.
  5. Сөздікпен жұмыс.

Дамыту кезеңі.

Мәтінмен жұмыс

  1. Әңгіменің тақырыбы қандай?

( Еңбекқорлыққа үйрету)

  1. Атасы мен немересінің сөйлескен тұсын мәтінен тауып оқу. Диалог
  2. Көктамырда Арғын не істеді ? Санамалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Көктамырда атасы мен немересінің сөйлескен тұсын тауып оқы.

 

  1. Әкелген шөпке әкесі мен әжесі қандай пікір айтты ?

 

  1. Енді өздеріңнің алғашқы қолбастарыныңды еске түсіріңдер деп сұрайды.

 

Көмектесу

 

Жәрдемдесу

 

     Қолғабыс                                     Қол ұшын беру

 

 

Қолғанат болу

 

 

Бұрынғы және қазіргіні  ұштастыру, топатастыру негізінде эйлер дөңгелегін қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кейіпкерлердің мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін тану негізінде  «Концептуалдық» кестемен жұмыс жүргізу.

 

Шығарманың    атыКейіпкерлерҚасиеттері
 

 

 

Қолғабыс

Мәдітхан

Төрежанов

     Атасы

 

 

 

 

 

 

 

Арғын

 

 Еңбекқор

Ақылшы

Өнегелі

Қамқоршы

 

 

 

Еңбнеқор

Талапты

 

 

 

Осы оқиға қайда болған? Ауылда Елбасымыз әкесіне көмектесіп, бау- бақша егумен айналасқан. Сол еңбектің нәтижесінде осындай дәрежеге жетіп отыр. Сол ауыл адамдарының еңбегін құрметтеп 2003-2005 жылдары Ауыл жылы  деп аталды. Бізге ауылшаруашылық қызметкерлерін құрметтеп, көмек беруіміз керек.

 

Үйге:Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Алғашқы еңбек көмек туралы шағын әңгіме жазу.

 

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4  сыныптар
  2. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.  Жалпы бастауыш  білім.  Алматы, 2002 ж
  3. Р.М.Жұмабаева, Ж.Г.Нұрмұхаметова, Г.А.Саймасаева, Ә.О.Алмабаев «Бастауыш мектепке арналған  тестілер  жинағы»

4.К.Сарманова «Тест  дайындау  тәсілдері» «Қазақстан  мектебі» 1999 ж №9

  1. К.Мұқашева «Тест әдісінің тиімділігі», «Ауыл мектебі» 2004 ж№6

6.А.Боранбаева  «Ұлттық біріңғай тестілеу – заман  талабы», «Білімдегі  жаңалықтар» 2004ж№2

  1. К.Жұмашева «Білімді ұрпақ – ел тірегі» «Бастауыш мектеп » 1998 ж №3
  2. К.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатаева «Әдебиеттік оқу».

3 – сынып Алматы Атамұра 2004

9.Н. Берікұлы «Педагогика» Ақтөбе 2004ж

  1. К.О.Өмірбаева «Оқыту процесіндегі  Инновациялық  ізденістер» Ақтөбе 2002ж
  2. Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы 1999ж
  3. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2002ж
  4. С.К.Мұхамбетова «Педагогика» Ақтөбе 2002ж
  5. Ж.Мұхитова «Тест түрлері», «Қазақстан мектебі» 2002ж №5
  6. Р.Көпесова «Жеке тұлғаны  қалыптастыру»,  «Бастауыш  мектеп»  2002ж №7