ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР – ОҚУШЫ ДАРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР – ОҚУШЫ ДАРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиясында «Біздің басты он игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі — біздің халқымыз бен бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» [1,7 — бет] деп атап көрсетсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында “Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін — өзі іске асыруға, өзін — өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру ” деп айтылған [2, 3- бет]. Сондықтан теориялық білімін іс жүзінде қолдана білетін, танымдық белсенділігі жоғары, өз көзқарасын, сенімін қорғайтын, өз елінің тілін, дінін, салт – дәстүрін қадірлейтін, сауатты да салауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды тәрбиелеп шығару ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әсіресе оқушылардың сауаттылығын, белсенділігін, шығармашылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы деп есептеймін.

ҚР – жалпы орта білім берудің мемлекетік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы “Қазақ тілі” пәнін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық — әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым – қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәденинтінің талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болса [4,7 — бет], қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, дара тұлғаны дамыту  болып табылады»  [4,27 — бет] деп жазылған.

Міне, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында осы мақсаттың міндеттеріне сәйкес оқушыларды ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру, оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойын сауатты айтып, оқу шығармасы түрінде жаза білуін,байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу үшін мұғалім жаңа технологияларды шеберлікпен қолданып, пәнге қызығушылығын арттыру қажет.

Оқушыларды білімді де, білікті жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында Джордж Соростың ашық қоғам институтының «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан  ойлауды дамыту» стратегияларын  бірнеше жылдан бері тәжірибемде қолданып келемін.

Бұл технологияның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету, яғни жаңа нәрсені ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсінемін.

Сабақтың құрылымын мынадай бөлімдерге бөлуге болады:

І. Кіріспе.    1. Өтілген материалдарды оқу

  1.       Пысықтау

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Жаңа тақырып

  1. Жаңа сабақты меңгеру жұмыстары

ІІІ. Қорытынды

  1. Өтілген сабақты бекіту.
  2. Үйге тапсырма беру.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын осы сабақ құрылымына топтастырып көрейік:

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

Қорытынды

Таным                 ТалдауТолғаныс
 

1.Ой қозғау

2.Ойды жинақтау

3.Топтастыру

4.Ассоциация  құру  т.б.

 

1.Толықтыру (қайталау)

2.Галерея

3.Сұхбат жүргізу (дөңгелек үстел)

4.Қарама-қайшы сипаттар

(ішке-сыртқа)

5.Кубизм

6.Ұқсастық пен даралық

7.Талқылау картасы

8.Бұрыш пен бұрыштар

9.ЖИГСО

10.Т-кестесі

11.Инсерт

12.Семантикалық карта

13.Болжау кестесі  т.б.

 

  1. РАФТ
  2. Еркін жазу (эссе)
  3. Сингуин

(бес жолды өлең)

  1. Түсініктеме күнделігі
  2. Әдеби диалог-журнал т.б.
  3. Венн диаграммасы

.

“ Әрбір бала – болашақ данышпан” деген қағидаға сүйенсек, шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушы бойындағы сол жасырынған қабілеттерді тауып, ұштап, қырлап, асыл тастай жарқырату.

Жалпы, «шығармашылық» деген ұғымның мазмұны — «шығару», «іздену», «ойлап табу»  мағынасын береді. Ол – тарихи қоғамдық мәні бар, жаңалық ашатын адамның әрекеті, сонымен қатар, адамнын мақсатты ісіне жету жолындағы талаптану мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл – ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бірлігінен көрінеді, ал “шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді”[5, 75 — бет].

Оқушылардың шығармашылықпен белсенді, тұрақты айналасуға ең икемді жасы деп мен  орта буынды айтар едім. Өйткені, бұл жас ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасатын, түрлі болжамдар, қорытындылар құруға, философиялық шарықтауға, қиял, романтикаға, ой, қимыл, сезім шапшаңдығына бой ұратын, шығармашылық күшін сынауға, өзін танытуға құштар болып келетін жас. Сыныптағы оқушылардың барлығы  өздерінің фантазиялық идеяларын шұғыл іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтылып тұрады. Және де бұл жаста барлық баланың қиялы айқын, мазмұндама, мінездемеден гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар әрі қабілетті, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді. 10 – 11 сынып оқушыларына қарағанда осы жас кезеңінде балалардың  әдеби тілді, сауатты жазуды шапшаң меңгеріп, қаламы тез төселеді.

Енді осы пікірімнің дәлелі ретінде өткізген сабақтарымда қолданған әдіс-тәсілдерге  тоқтала кетейін. Мысалы, 6-сыныпта І.Жансүгіровтің «Домбырам, жүрегіммен үндес едің…» сабағын өткен кезде қолданған жұмыс түрлері.

«Топтастыру» (Ақынның тұлғалық бейнесін жасау)

 

 

Қарама – қайшы сипаттар

(Ішке-сыртқа)

 

 

Ішке

 

Сыртқа

 

 

1.Өлеңнің тақырыбы не?

2. Идеясы, ақынның көзқарасы

3.Өлеңдегі теңеулерді тап

4.Шумақ, тармақ, ұйқас, бунақ  санын анықта

 

  1. І. Жансүгіров кім?
  2. Оның қандай шығармаларын білесің?
  3. Өлең неге «Домбыра», «Күйге» деп аталған?
  4. Ақын ән – күй өнерін қалай бағалайды?

 

 

«Бес жолдық өлең» — Сингуин стратегиясы

 

 

Зат есім. Домбыра

Сын есім. Әдемі, оюлы

Етістік. Шертеді, жырлайды

Сөз тіркесі. Ұлттық аспап

Түйін сөз. Домбыра – қазақ өнерінің

құдіретін танытушы  аспап.

 

1.Зат есім. Жауынгер

  1. Сын есім. Ер жүрек батыр
  2. Етістік. Соғысты. Сүйді
  3. Сөз тіркесі. Елін қорғады. Отанын сүйді
  4. Түйін сөз. Ол – Отанын сүйген патриот

жауынгер

 

 

Домбыраның суреті (өлең құрастыру).

 

Домбыра-қазақ аспабы,

Жырдан мұра қалдырған.

Домбыра-елдің дастаны,

Өнерден сусын қандырған.

 

Күзен Нәзира /6 гим./

 

Күйдің асқақ дауылпазы,

«Адай» күйін танытқан.

Күй атасы-Құрманғазы,

Күйлерінен бал тамған.

 

Көбеген Мәдина /6 гим./

 

 

Т-кесетесі

 

Домбыраға                 Домбырадан

  1. Тиек 1. Ән
  2.   Ішек                        2. Күй
  3. Ою                          3. Жыр
  4. Ағаш                       4. Сезім

 

«Ой толғау» стратегиясы. Инсерт әдісі

 

         Білемін

+

  Мен үшін жаңалық

V

      Білгім келеді

?

Ілиясың ақындық талантын, сегіз қырлы бір сырлы болғандығын,

өнерді қатты құрметтеп, бағалағанын

Оның қоңыр дауыспен ән салғаны, домбыра тартқаныІлиястың ән-күй өнеріне арнаған басқа да шығармаларын

 

 

6-сыныпта  қазақ тілі мен әдебиеттен біріккен  интеграциялық сабақта қолданған әдістің бірі:  «Түртіп алу» стратегиясы

 

    +Білемін! Мені таңғалдырады  √ Білгім келеді

 

Одағайдың түрлері, жаттығуларда қалай қолдануды, Д.Исабеков шығармашылығын, тәрбиелік мәнін, обал, сауап ұғымынАдалдықтың жауыздықты жеңуі, кіп-кішкене қарттың алдында   еңгезердей Омаштың өзін дәрменсіз сезінуі, тақырыптың әдебиет сабағымен байланысыЖазушының адамгершілік туралы басқа да шығармаларын, шығарманың соңы қалай аяқталғанын

 

 

 

 

7-сыныпта әдебиет сабағында Б.Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» тақырыбында өткен сабақта қолданған әдіс: Түсініктеме күнделігі

 

Шығарманың әсер еткен тұсыҮзінді жайлы өз пікіріңПікіріңе сай мақал-мәтел немесе нақыл сөз айт
Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр. Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз.Туған еліміз бен жерімізді қорғау және оны сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Отан алдындағы сол борышымызды өтеуіміз керек. Ақын өз сөздері арқылы біздерді патриоттық сезімге үндейді.1.Ел басына күн туса, ерлер атқа ер салар.

2.Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

3.Тайынбаған тауды жығады, тайсалмаған жауды жығады.

 

10-сыныпта Ш.Құдайбердіұлының «Шәкерім шығармашылығы — өз дәуірінің көркем шежіресі» сабағында қолданған әдіс: Кубизм

  1. Ақын шығармаларындағы әлеуметтік өмір шындығы туралы (Ой қозғаңыз)
  2. Шәкерім дастандарынан бір кейіпкердің монологын оқып бер не Шәкерім әндерінің

біреуін орындап бер (Таңғалдырыңыз).

  1. Шәкерім өлеңдері мен Абай өлеңдерін салыстыр, талда (Қолданыңыз)
  2. Шәкерім өлеңдеріне поэтикалық талдау жасап, троп түрлеріне тоқтал (Талдаңыз)
  3. Ақын дастандары бойынша сурет сал (Бейнелеңіз)

8-сыныпта әдебиет сабағынан ана тілі туралы шығармаларды қайталаған уақытта қолданған әдістің бірі: Концептуалдық кесте

 

топ    ТақырыбыКейіпкерлерСенің пікіріңОсы тақырыптарға лайық мақал-мәтелдер
ІНайман-Ана
ІІМенің Дағыстаным

 

Мен өз сабақтарымда оқушының дарынын қалыптастыруда қосымша үнемі  төмендегідей  шығармашылық жұмыстарды жүргізіп келемін.

  • түрлі тақырыптарға шағын мәтін, әңгіме, шығарма, эссе жазу;
  • пән олимпиадалары мен оқулар байқауына қатысу;
  • өлең шығаруға қабілетті оқушылармен жұмыс;
  • шығармаларға жоспар құрғызу, құрлысына талдау жасап, авторлорына хат жазу;
  • газет – журналдарға оқушының үздік жұмыстарына іріктеп жіберу;

Осы жұмыстарымның нәтижесі:

-Дарынды оқушылармен жұмыста 11 сынып оқушысы Көшкімбайқызы Ләззат « Маңғыстау би-шешендерінің тілдік ерекшеліктері» тақырыбындағы жұмысынан облыстық кіші ғылым академиясы жанындағы конференциядан   ІІ орын алып, республикалық сайысқа қатысып қайтты;

-8 гимназия сынып оқушысы Күзен Нәзира «Т.Айбергенов өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар» тақырыбындағы жұмысынан ІІІ орын иеленді;

-7 гимназия оқушысы Бисенбай Оразгүл «Т.Айбергенов шығармаларындағы поэтикалық өрнектер» тақырыбындағы ғылыми жұмысынан республикалық конференциядан ІІІ орын алды.

-2012 ж. Күзен Назира (9 с.) «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасынан ( «Жас ғалымдар» бағыты) ІІ орын;

-2012 ж.  Қараша Гауһар (7 с.) «Дарын» Республикалық  ғылыми-практикалық орталығының «Зерде» оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың VІІ республикалық конкурсынан грамота;

-2012 ж.  Қараша Гауһар (7 с.) «Дарын» Республикалық  ғылыми-практикалық орталығының «Зерде» оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың VІІ республикалық конкурсынан сертификат;

-2012 ж. Күзен Назира (9 с.) ҚР Кіші ғылым Академиясының ХІІ Маңғыстау облыстық ғылыми-практикалық конференциянан Құрмет грамотасы

-2012 ж. Таласбаева Фатима (7 с.) Аудандық ІІІ Махамбет оқуларынан жатқа оқу конурсы бойынша ІІІ орын

-2013 ж. Күзен Назира облыстық «Маржан сөз» сайысынан ІІ орын, облыстықпәндік олимпиадасында қазақ тіл мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын

-Көшкімбайқызы Ләззат пен Күзен Нәзира аудандық пәндік олимпиаданың 2 дүркін І орын жүлдегері;

-өзім дайындаған мектеп оқушыларынан аудандық, облыстық түрлі сайыс-байқаулардың жүлдегерлері:20;

-А.Базарқұлова, А.Айтбаева, Ж.Ходжахмедова, А.Тәжібаеваның мақалалары мен өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға жарияланды.

-2010-2011 оқу жылында ҰБТ-дан 114 ұпай жинаған оқушысы Көшкімбайқызы Ләззат ұстаз жолын қуып, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің грантын жеңіп алды.

-11 сынып оқушысы Көшкімбайқызы Ләззат пен 8 гимназия сынып оқушысы Күзен Нәзира   2010-2011 оқу жылында білімі және талантымен танылып, Алматы қаласындағы «Ғылым» баспасынан шыққан (2011 жылы) «Қазақстанның үміт артарлары» анықтамалығына  енді.

Білім – адамның ақылын қозғап отыратын күш десек, ежелгі гректер “талант деген – табиғи сый мен қабілет, сондай – ақ жолы болу, табыс, бақыт кілті” деп бағалаған. Шынында да тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі үшін пайда әкелетін таланттар мен дарындылар қоғамымызға аудай қажет екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді. Оқушылардың саяси – мәдени білімін жетілдіруге, тұлғалық, даралық қасиеттерін ашуға яғни ықпал етіп қана қоймай, оларды шығармашылық ізденістерге жетелеу, ғылыми – зерттеу жұмыстарына тарту оқушы дарынын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады десек, білім мен өнер дарынды оқушының қос қанаты. Талант – жолы болу, бақыт кілті дедік. Ал, талант пен дарындылық – егіз ұғым. Әрбір бала — жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасы  Н.Ә.Назарбаев  “Қазақстан – 2030” стратегиясы.

www.Google.kz  сайты.

  1. Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарттары. Алматы 2002 ж.      “РОНД”  баспасы

  1. И.С.Кон. Психология ранней юности. Москва, 1989 г, с.75
  2. Н.Джапанова. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын сын тұрғысынан ойлау әдісімен

оқыту (іс-тәжірибесінен). 2009 ж.