Үйшік

Тақырыбы:  «Үйшік»

Мақсаты:  Балалардың сөздік қорын молайта отырып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету. Сол арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.  Сахналық қойылым арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер, желім, қағаз, сүлгі, табиғи материалдар.

Сабақ барысы: Шаттық шеңбер. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.

Мұғалім: — Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті.Балалар бізге шуағын төккен «күнмен», «қайырымды жер анамен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Армысыз қайырлы- Күн!
Армысыз мейірімді- Жер ана!
Армысыз қайырымды- Аспан ата!
Сәлеметсіздерме апайлар!

Мұғалім:  Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. (лента арқылы тілектер айтылады).
—    Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
—    Ал, балалар, қараңдаршы, мына дөңгелек неге ұқсайды?
—    Балалар — Допқа, шарға, айға, күнге, моншаққа т.б.

—    Осы кезде, топқа «Ормандағы үйшік» ертегісінің кейіпкерлері кіріп, балалар сахналап қойылым көрсетеді.
(Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю кейіпкерлерін көреді).

Мұғалім:   Өте жақсы, балалар қандай ертегі тыңдадыңдар?
—    « Ормандағы үйшік».

—    Қандай аңдар бар екен?
—    Қоян, түлкі, бақа, тышқан аю.

Сергіту сәті:

Орман жаққа шықтық тық-тық,
Біреулер жүр тық.
Түлкі екен деп қалдық тық.
Үйге қарай зыттық тық.
—    Осы ертегіні түсінсек, мына тақтаға жапсырып айтып көрсетейік. (3-4 баладан шығарып, суреттерді жапсыра отырып ертегіні қайталайды).
—    Осы ертегіні жапсыру сабағында жалғастырамыз. Жұмыс барысын түсіндіру.
—    Ал енді, балалар әрқайсымыз орнымызға отырып, жұмысымызға кірісеміз.
—    Мына үстелдің үстінде мақта, салфетка, желім, таяқшалар тұр.
—    Қағаздың жоғарғы бөлігіне мақтамен аспанды бейнелейміз.
Астыңғы бөлігіне, жердегі қарды жұлмалау әдісімен жасалған салфетканы пайдаланып, жапсырамыз. Ортаңғы бөлігіне үйшігімізді орналастырамыз. Үйшікті таяқшадан құрап, жапсырамыз.

Балалармен жұмыс.

Балалардың жұмыстарын талдау.