Ана тілім. Несіпбек Айтов
Сабақтың тақырыбы: Ана тілім. Несіпбек Айтов
Сабақтың мақсаты:
1.Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп,өмірмен байланыстыру.
2.Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау,балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Оқушының тіл байлығын,сөздік қорын дамыту,шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.
3.Өзін-өзі тану,сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бірі-ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беру,патриоттыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан Республикасы Конститутциясының баптары,қосымша материалдар,маркер,плакат.
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту.
-Біздің ана тіліміз қай тіл?
-Өз тіліңді қалай дәріптер едің?
-Балалар,сендердің ана тіліне арнап жазған сезімге толы эсселерінді тыңдап,таңданып тұрмын.Ал ақын ағаларың ана тілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен? Мүмкін,сендердің жазған ойларыңа ұқсас жақтары да болар.Ақынның да балаша ойлайтын кездері болады.Оқығыларың келе ме?
2.Мағыныны тану.
— 1-шумақта ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген?
-2-шумақта ана тілін қалай сипаттаған?
-Ана тілі арқылы адам қалай өседі?
-Ақын өлеңінде ана тілім сөзінен кейін неліктен тыныс белгісі қойылған?
-Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?
бақ тілі,дана тілі,пәк тілі,бесіктегі ән,алтын ұя.
-Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді.Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсіріңдер…
-Балалар,ҚР Конститутциясының 7- бабында былай деп жазылған:
«1. ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі».
Ендеше,барлығымыз өз ана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз.
3.Ойтолғау.
-Бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?
-Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?
-Мен сендердің тамаша ойларыңды,сезімге толы шығармаларыңды қалай ұқтым?
-Олай болса,ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен!
4.Үйге тапсырма.Өлеңді жаттап алу.