Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда интерактивті әдістерді тиімді пайдалана білу
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда интерактивті әдістерді тиімді пайдалана білу
» Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту — бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң нәтижелер беруде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық- тар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағы. Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысы болмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Көрнекті педагог
В. А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтынды- ғы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.
Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан,жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни , уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады.Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол.Бастауыш сыныптарда , әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді.Мысалға, 1-сыныпта өткізген мына сабағымды үлгі ретінде алып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Мақсаты: Балаларды жемістердің атын, ө,ү,ұ,ң дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Қандай? Сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету. Сөздік қорларының белсенділігін арттырып, ойлау,түсіну, есте сақтау,жаттап алу қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта,үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру,сабаққа бейімдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ш…..Й Н…..Н С…..Т
….АЙ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ….т
ТҰ…… ҚА….Т АЙР…..
Жаңа сабаққа кіріспе.
Өзі қып – қызыл,жасыл,сары болады,жесең тәтті,дәмді болады. Бұл не деп ойлайсыңдар?
Иә, алма.
Тағы қандай жемістерді білесіңдер?
( алмұрт,жүзім,шие,анар,алхоры,өрік)
Ендеше,балалар бүгін біз жемістер туралы айтамыз.
Бүгінгі күннің жадысынеске түсірейік.
Ақпанның төрті,бейсенбі.
Тақырыбымыз: Жемістер
Тіл дамыту
Өлең жолдарынан жемістердің атын табу.
Өрік, алма, алмұрт, шие,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Суретпен жұмыс
Осындай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын тудырады.Тілді үйренуге деген ынталарын, зейіндерін арттырады.
Білім беру реформалаудың мақсаты – қалың бұқара топтарын са-
палы біліммен қамтамасыз ететіндей білім берудің тиімді жүйесін
жасау, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Бұл мақсат Қазақстан Республикасы Президентінің 4 желтоқсан 2001 жылғы №735 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында көрсетілген.Соған байланысты білім беру саласы бойынша басты назар адамға алған білімді қолдануға қажетті және үздіксіз»оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы тиіс. Стратегиялық жоспарда қойылған мәселені шешудің оңтайлы жолы ретінде білім беру процесінің соңғы нәтижесінде бағдарланған, мүдделі адамдардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің ескеретін білім стандартына көшу ұсынылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жалғасын таппақ.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Тұжырымдамада, оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол – заңды құбылыс. Бағдарламада сөз болып отырғандай,яғни» …оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенен іске асыру…»сынды жобалары қуантарлық жағдай. Үкімет ұсынып отырған 12 жылдық білім беруге көшу-өркениетті даму жолында еліміздің өтуге міндетті асуларының бірі.
Бастауыш сыныптардың жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін , дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идеяларын практикаға енгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдермен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын қояды.
Қазір бұрыңғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды.
Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.
Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт. Ы. Алтынсарин атамыз: «…жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», — деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.
Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан білімділікті, шеберлікті талап етеді.
Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз.
Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек.
Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек. Ұстаз берген білімді, тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын,бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек.
Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.
Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.